Авакова Р.А. Фразеосемантика
188
Коннотация теориясы семиотикалық тұрғыдан түсіндіру – сөйлеу қыз-
метінің прагматикасына негізделген, яғни «субкодты» таңдай мен сөй-
леушінің тілдік таңбаға қатысына негізделген.
Психологиялық тұрғыдан түсіндіру негізінде сөйлеу үрдісіндегі
ассоциативті және эмоционалдық құрылымдар, анығырақ айтсақ, ұлттық-
мәдени аспектілер жатыр. Н.В. Алефиренко пікіріне сүйенсек: «... коннота-
ция определяется как «ореол», «атмосфера», «дымка», которые «наслаива-
ются», «прикрепляются», «обволакивают», «пронизывают» и пр. предмет-
нологическое значение слова ...» [Н.Ф. Алефиренко, 1999; 102 б.].
Коннотацияға берілген сан қырлы метафоралы анықтамалар
В.И. Шаховскийдің сөзімен айтсақ, «қазіргі семасиология үшін коннота-
ция әлі де көркінен айырылмаған, әркімнің қолға түсіргісі келетін бақыт
құсы» [В.И. Шаховский, 1983; 13 б.].
Қолға түсірмесе де, қиялдағы бұл бақыт құсқа жақындауға, сөздер
мен тұрақты тіркестердің конннотация теориясына лингвистикалық тал-
дау ғана жеткілікті нәтиже бере алады. Бұдан коннотацияны түсіндірудегі
семиотикалық және психологиялық аспектілердің қажеттігі жоқ деген
түсінік тумауы керек. Аталмыш тілдік феноменге лингвистикалық талдау
сөздер мен фразеологизмдердің тілдік коннотациялық табиғатын талдаудың
антропоцентристік сипатын аша түседі. Осы тұста В.Н. Телия мен
В.И. Шаховский еңбектері мен зерттеулерін айта кеткен орынды болмақ.
В.Н. Телия алғаш рет коннотацияның семантикалық мәніне тоқталып, ол
қолданыс тұрғысынан немесе окказионалды түрде тілдік бірліктердің се-
мантикасына кіреді және сөйлеушінің шындықты бейнелеуінің эмотивті-
бағалағыштық қатынасын білдіретінін атап көрсетті. Мысалы,
зарығу
етістігінің әр түрлі стилистикалық және бағалауыштық қасиеттері бар
бірнеше синонимдерін алып көрейік:
зерігу, ығыр болу, мезі болу, іші пысу,
Достарыңызбен бөлісу: