15
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
15
фонетикалық фактор мен лексикалану, грамматикалану, фраземаға – иди-
омалану үрдісі тән);
•
фраземалардың құрылым тұлғалары берік, олар көп компонентті
(екіден көп), құрамы дербес мағыналы атауыш сөздермен шектелмейді;
•
күрделі сөздерге –
тура мағына, фраземаларға – ауыс мағына тән;
•
күрделі сөздердің қалыптасу уәждері ашық, фраземалардың ішкі
формасы ашық емес және т.б.
Еркін тіркестер мен фраземалар арасындағы ерекшеліктерді саралап,
профессор Т. Сайрамбаев: «Фраземаларда лексикалық мағына болса, сөз
тіркестерінде болмайды, сөз тіркестері сөздің лексикалық бірлігі негізінде
жасалса, фраземаларда жеке лексикалық бірліктер жоқ. Сөз тіркесі мен
фразеологизмдердің сырттай ұқсастықтары болғанымен, ішкі мазмұны
жағынан бір емес», – дейді [Т.
Сайрамбаев, 1981; 82 б.].
Фраземалар мен сөз тіркестері төмендегі белгілермен ерек шеленеді:
•
сөз тіркесіндегі әрбір сөздің өзіндік мағынасы болса, фраземалар
ондай қасиеттен айырылған;
•
сөз тіркесіндегі әрбір сөздің синтаксистік қызметі болса, фразема-
лар компоненттері бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, аражігін ажыра-
май даяр,
тұтас қалпында қолданылады;
•
сөз тіркесіндегі сөздің орын тәртібі еркін болса, фраземаларда
тұрақты;
• сөз тіркесіндегі әрбір сөздің байланысу тәсілдері болса, фразема-
лардың іштей бір-бірімен байланысу формасында келуі тұрақты.
Фразеология – құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде кон-
струкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып қолданыла тын, мағына
тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән бейнелі тұрақты тіркестердің
қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы. Осының
негізінде фразеология қазіргі немесе синхронды және тарихи немесе диа-
хронды деп бөлінеді.
Фразеологияның зерттейтін пәні – фразеологиялық оралымдар. Оларды
фразеологизмдер, фразеологиялық бірліктер немесе фраземалар деп атайды.
Сондықтан да қандай да бір тілдің фразеологиялық бірліктерін фразеология
деуден гөрі (себебі ғылым саласымен омонимдес болып қалады) морфемика,
лексика терминдеріне сәйкестендіріп фраземика
1
деп атаған жөн.
Фразеологияның жалпы лингвистика саласы ретіндегі тарихы ұзаққа
бармайды. Тіл білімінің жаңа бағытын таңбалайтын «фразеология» термині
жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40-жылдары дүниеге келді.
Фразеологияның алғашқы теориялық негізі және осы мәселе жөніндегі
идеяны дамытушы Ш. Балли болса, оның Ресей топырағындағы дамуы мен
жаңа, жеке лингвистикалық сала ретінде қалыптасып дүниеге келуі акаде-
мик В.В. Виноградов есімімен тығыз байланысты.
1
Фраземика терминін алғаш рет Н.Ф. Алефиренко «Теория языка. Введение в общее
языкознание» (Волгоград, 1998. – 295-296 бб.) еңбегінде ұсынған.
Авакова Р.А. Фразеосемантика
16
Ресейдегі В.В. Виноградов теориясының жалғасы орыс ғалымдары
В.Л. Архангельский, В.П. Жуков, В.И. Зимин, А.В. Кунин, А.И. Молотков,
Л.И. Ройзензон, А.И. Смирницкий, В.Н. Телия, Н.М. Шанский және т.б.
еңбектерінде көрініс тапты. Фразеологияның тіл біліміндегі фонология,
морфология, лексикология және синтаксис салаларынан ерекшелігі – ол
«тарихи тұрғыдан тіл туралы ғылымның екіншілік жасалымы» (М.М. Ко-
пыленко, З.Д. Попова). Оның зерттеу нысанасы – «сөздер мен сөйлемдердің
мағыналық жағынан байланысты тіркесімі» (В.Н. Телия) болып табылатын
фразеологизмдер мен фразеологиялық бірліктер.
Кез келген халықтың халықтығы мен ұлттық болмысын танытатын
оның әр алуан өнері болса, сол өнердің алды – қызыл тіл – деген даналық
сөз бар.
Тілдің байлығын, терең тұңғиық сырлары мен құпияларын ашқан,
сұлулығына тамсанып, шебер қолдана білген, сол тілде сөйлейтін халықтың
кемеңгерлігі мен даналығы екені сөзсіз.
Тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды
бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер – фразеологизмдер. Фразеоло-
гизмдер – халықтың тұрмыс-салтының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының,
өмір сүру ортасының, тұрмыс-тіршілігінің, экономикалық және саяси
көзқарастары мен өзгерістерінің және т.б. айнасы.
Қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып ХХ ғасырдың қыр-
қыншы жылдары профессор С. Аманжолов идиомалық тіркестер мен
фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, олардың
ғылыми бағыттарын көрсеткен. Тұрақты тіркестерді «идиомалық форма-
ны екіге бөлуге болады: 1) образды бернелі құрама идиомдық тіркес) және
2) бернесіз құрама (фразеологиялық тіркес). ... Осылар сияқты қазақ тіліндегі
кейбір сөйлемдерді басқа тілге тура аударғанда, олар тура мағынасынан
басқа мағына беріп кетсе, сөздердің грамматикалық формаға дұрыс жауап
бермегені деуге болады. Бұл – идиом. Бұл – идиомды айыруда негізгі крите-
рий» [С.Аманжолов, 1940; 115 б.]. С. Аманжолов кейінгі жылдары жазған
еңбектерінде де фразеология мәселесіне тоқталады. 1948 жылы қорғалған
докторлық диссертациясында тұрақты тіркестерге диалектологиялық де-
ректерден көптеген фактілер келтіріп, оларды қазақ әдеби тілімен салысты-
ра зерттейді. «Қазақ әдеби тілінің және диалектологиясының мәселелері»
атты ғылыми мұрасында: «Қазақ тілі идиомалар мен фразеологиялық
тіркестерге өте бай. Біздің ойымызша, идиомалық және фразеологиялық
оралымдар қазақ халқының ойлау жүйесін зерттеудің және тілдегі мазмұн
мен форманы қарастырудың тамаша нысанасы бола алады», – деп ерекше
атап көрсетті [С.Аманжолов, 1977; 254 б.].
Түркітанудағы фразеология туралы зерттеулер ХХ ғасырдың 50-жылда-
рынан бастап кең ауқымда зерттеле бастады. Тілдің байлығын көрсететін бір
тілді және екі тілді сөздіктер жарық көрді. Лексикографиялық еңбектердің
басылып, жарық көруі түркі тілдеріндегі фразеологиялық қорды
жинастыруға, оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеуге орасан зор септігін