Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
23
негізгі ғылыми дәйектеме болып табылады. Фразеологияны зерттеуші
Ресей тілші ғалымдарын ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының өзінде
әлемдік лингвистикада алдыңғы қатарлы орындарға көтерді.
ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасы мен сексенінші
жылдардың басында фразеологияны зерттеуші ғалымдар оның маз-
мұндық және функционалдық жақтарын қарастыруға ұмтылды. Осы
кезеңдерде фразеологизмдер мағынасының «объективті мазмұнындағы»
бағалағыштық-экспрессивтік қасиеттер мен стилистикалық бояулардың
мағыналық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.
Фразеология даму сатысының келесі кезеңінде, яғни ХХ ғасырдың
соңғы бес-он жылдығында ішкі форма жасаудың тәсілдері, соның
негізінде зерттеудің синхронды-салғастырмалы аспектілері дүниеге келді
(А.Д. Райх штейн, Ю.С. Солодух). Бұл тұрғыдан зерттеудің негізгі мақсаты
– құрылымы жағынан әртүрлі тілдердің фразеологиялық материалда-
ры жиынтығынан олардың бейнелілік негізінде жатқан тепе-теңдік не-
месе ұқсастық жақтарын диахрондық тұрғыдан зерттеу болып табылады
(В.М. Мокиенко және оның шәкірттері).
Қазіргі кезеңде фразеология өз бойына жаңа нысана мен жаңа бағыттар
жинақтауда. Бұл тұста фразеологизм таңба ретінде қарастырылып, тілдік
таңба табиғатына сәйкес коммуникативтік актіге қатынасын, тіл және
сөйлеуде өзіндік функциясы бар ұлттық-мәдени сипатымен ерекшеленетін
тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің мағынасындағы объективтік және
субъективтік факторларының арақатынасын зерттеу жолға қойылып отыр.
ХХ ғасырдың орта шенінде Қазақстан топырағында І. Кеңесбаев мектебі
мен оның шәкірттері тұсында дүниеге келген фразеология проблемасы
бүгінгі таңда оның нысаны, материалдары, қолдану аясы мен функция-
сы тұрғысынан әр түрлі аспектіде зерттелуде. Қазақ фразеологиясы тілдің
фразеологиялық құрамын зерттейтін тіл білімінің саласы, тілдегі фразео-
логизмдер жиынтығы, сонымен қатар қандай да бір автордың қаламына
тән фразеологизмдердің стильдік қолданысы мен жергілікті диалектизмге
тән фразеологизмдер ретінде зерттелді.
Осы зерттеулер негізінде фразеология тіл білімінің саласы ретінде
мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарында оқытылып, тілдің
фразеологиялық құрамына құрылымдық-семантикалық, грамматикалық,
функционалдық-стилистикалық тұрғыдан топтастырулар жасалынды.
Сонымен қатар фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аудары-
лып, олардың шығу төркініне диахрондық тұрғыдан талдаулар жасалып,
көненің көзі болып табылатын тарихи фразеология ның пәні зерттеу нысан-
дары айқындалды.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің этимологиясын ашатын
арнаулы лексикографиялық еңбектер болмаса да, Ә.Т. Қайдаровтың
«Қазақ тіліндегі бір буынды түбірлер мен негіздердің құрылымы»
Авакова Р.А. Фразеосемантика
24
(«Структура односложных корней и основ в казахском языке»)
11
,
Р. Сыздықованың «Сөздер сөйлейді», Ә. Нұрмағамбетовтың «Бес жүз бес
сөз» сөздіктерінде кейбір фраземалардың этимологиясына лингвистикалық
тал даулар жасалынған.
Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз бай-
ланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени-танымдық аспектіде
фразеологизмдердің зерттелуі кейінгі онжылдықта академик Ә.Т. Қайдар
мен оның шәкірттерінің ең бектерінде көрініс табуда.
Қазақстан топырағында дүниеге келген, қазіргі таңда әлемдік тіл
білімі саласында өзіндік орны бар профессор М.М. Ко пы ленконың
фразеотіркес (фразеосочетание), яғни фрезеология объектісі болып
табылатын – «лексемалар тіркесі» концепциясы мен осы бағыттағы
ғалымның шәкірттерінің еңбектері мен ғылыми монографияларының
фразеология теориясын қалыптастырудағы маңызы зор.
Жалпы Қазақстан тіл білімінде фразеологияның алатын орны ерек-
ше. Оның дәлелі – кейінгі кезде жарық көрген зерттеулер мен ғылыми
диссертациялардың қорғалу санының жиілігі. Ауыз толтырарлық зерттеу-
лер тек қазақ тілінің фразеологиялық қорымен ғана шектелмейді, олардың
санын Қазақстанда тұратын жеке халықтар тілдері (ұйғыр тілі, корей тілі,
түрік тілі, неміс тілі және т.б.) бойынша және орыс тілі фразеологиялық ма-
териалы негізінде жасалған зерттеулер толықтырса, қазақ тілінің туыстас
түркі тілдерімен салыстыра зерттеген салыстырмалы-тарихи аспектіде
жазылған диссертациялар бір төбе.
Осы зерттеулер санына роман-герман тілдері мен орыс тілдерін немесе
қазақ тілдерін салғастыра зерттеген типологиялық аспекті дегі еңбектер де
кіреді.
Әсіресе, соңғы екі-үш жыл шамасында салғастырмалы-типо логиялық
тұрғыдағы фразеологизмдердің зерттелуін – тіл теориясын дамытудағы
осы салаға қосылған үлес деп бағалауға болады.
М.А. Сыздықованың «Сөйлеу етістіктері мағынасындағы фразео-
логиялық бірліктер салғастырмалы-типологиялық талдау» (орыс және
қазақ тілі материалдары бойынша)/ «Сопоставительно-типологиче-
ский анализ фразеологических единиц глаголог речи» (на материа-
ле русского и казахского языков)/, Ш.Қ. Құрманбаеваның «Түрік және
қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдерге салғастырмалы талдау» ең-
ектерімен қатар қазақ тілі материалдары бойынша жазылған Қ.Б. Сар-
басованың «Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-
семантикалық сипаты» диссертациялық зерттеуі мен ұйғыр тілі бойынша
Р.А. Авакованың «Қазіргі ұйғыр тіліндегі етістікті фразеологизмдердің
1
Орыс тілінде жазылған еңбектер қазақ тіліндегі аудармасымен берілді. Жақшаның
ішінде және әдебиеттер тізімінде еңбектер түпнұсқада берілді.
|