109
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
Фразеологизмдер мен олардың ішкі формасының арасындағы тығыз
байланыс уәждерін ашуға жасалынған талдаулардан дәлелін табуға бола-
ды. Қазақ тіліндегі фраземалардың уәждену көздері төмендегідей:
•
адамның анатомиялық атаулары мен қимыл қозғалыстары байланы-
сынан
туған фраземалар;
•
жануарларға байланысты пайда
болған зооморфтық фраземалар;
•
сандық мөлшерлердің нәтижесінде туындаған символдық фразема-
лар;
•
түстік және сындық мағынада пайда болған символдық фраземалар;
•
алғыс
және қарғыс мәнді фраземалар;
•
діни
және мифологиялық фраземалар;
•
Есімдері (аттары) халыққа белгілі кісі аттарымен жасалған
антропологиялық фраземалар және т.б.
Этнос табиғатын толық танып-білуге қажетті тілдік фактілерді, тіл
байлығының қабатында, астарында жатқан этно-лингвистикалық дерек-
тердің «ізіне түсу, түп-тамырын қопару» арқылы сөйлетуге болады. Әрбір
зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің тура, айқын мағыналарын ғана
емес, олардан тараған туынды мағыналардағы астарлы ойларға үңілу қажет.
Тіл бай-лығы сөз санымен ғана емес, оның сапасымен, мағына тереңдігі-
мен, ауқымдылығымен де өлшенеді.
Тілдік таңбаның ерекше түрі болып табылатын фразеологиялық бір-
ліктерде ұлттың мәдени жемістері, халық ауыз әдебиетінің таусылмас ар-
налар,
діни философиясы, дүниетаным көздерінің іздері жатыр.