Авакова Р.А. Фразеосемантика
124
•
әдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын
сөздер (уалаят, мілләт, мизам, хикмет және т.б.).
Тіл маманы Р. Сыздықова – қазақ тіліндегі араб және парсы сөздері
дерексіз ұғым атаулары мен оқу-білім, мәдениет салаларына қатысты сөздер
тілге араб және иран халықтарымен тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде
енбеген, олар орта ғасырдан, ХІІ ғасырдағы Яссауи хикметтерінен бастап,
күні кешегі «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының түркі тілдеріндегі жырлану
арқылы келген – деген тұжырым айтады [Р. Сыздықова, 1994; 173 б.].
Дүрсе қоя беру «тап беру, шап ете түсу». Л. Будаговтың пікірінше, сөздің
төркіні парсы тілінің
дүрусь «тура, кенеттен» мағынасы негізінде туындаған
[С. Будагов, 1869; 570 б.]. Парсының
дурусь сөзі қазақ тіліне дүрсе тұлғасында
өзгерген. Фраземаның мағынасы «тура бас салу, кенеттен бас салу»
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 78 б.].
Діні қатты «мейрімсіз, қатыгез». Қазақ тілінде
дініне берік тіркесі жиі
қолданылады және
дін сөзі қазіргі ұғымдағы «дінмен» қабаттасып жататы-
нына еш күмән жоқ.
Діні қатты фраземасындағы дін парсы тілінің дэл «жүрек» мағынасында
қолданылатын, дыбыстық өзгеріске түскен сөз [Персидско-русский сло-
варь, 1970; 648 б.]. Парсы тілінде осы конструкциямен жасалған
дэл хара
«қатал, жүрегі қатып қалған» тіркесі бар. Парсы тілінде
дэл «жүрек»,
хара
«гранит» [Персидско-русский словарь, 1970; 525 б.]. Қазақ тіліндегі қара
жүрек фраземасы парсы тіліндегі тіркестің аудармасы болуы ықтимал. Де-
мек, «жүрек мейірімсіздігін» тастың (граниттің) қаттылығына теңеуден
туған [Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 80-81 бб.].
Достарыңызбен бөлісу: