Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет99/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Фразеологиялық коннотация
187
Фразеологиялық  бірліктер  мағынасы  аталмыш  қасиеттермен  қатар, 
ас со циативті-бейнелі  информацияны  да  бере  алады.  Жоғарыдағы  сараң 
сөзінің  орнына  жұмсалатын  фраземаны  сараптап  көрейік:  қолы  тар, 
Қарынбайдай сараң, Шығайбайдай сараң, қаныпезер, сасық бай, аузын қу 
шөппен сүрту, жұмыртқадан жүн қырқу, қу бастан қуырдақ ет алу және 
т.б.  Әрине,  бұл  фраземалар  адам  эмоциясының  түрлі  қасиеттерін  өзінің 
ассоциативті-бейнелілігінің  нәтижесінде  беріп  отыр.  Бұл  қасиеттерді 
екіншілік мағынаның негізінде пайда болған кейбір сөздердің бойынан да 
кездестіруге болады. Мысалы: ит, шошқа, сүйретілу, көкең, көпіру және 
т.б. Сөздер мен сөз тіркестерінің жоғарыдағы қасиеттері мен одан да басқа 
ерекшеліктерін  көптеген  ғалымдар  «коннотация»  ұғымына  жатқызады. 
Сонда да коннотацияның негізгі белгілерін атап көрсетейік:

мағынаның денотативтік аспектісіндегі қосымшалық мағына;

денотациямен салыстырғанда коннотацияның екіншілігі;

эмоционалдық,  экспрессивтік  және  бағалағыштық  информацияны 
білдіреді.
Алайда, көрсетілген белгілер коннотацияның лингвистикалық табиға-
тын  толық  аша  алмайды,  әсіресе,  сөздің  немесе  фразеологизмдердің 
семантикалық  құрамындағы  коннотацияның  сипатын  анықтауда  бұл 
белгілер жеткіліксіз болмақ. Қазіргі семантикалық теорияның дәл осы тұсы 
жіпсіз байланып тұр. Семасиологтардың көзқарастарында коннотацияның 
тілдік  табиғатына  қатысты  біркелкілік  әлі  де  жоқ  болып  отыр.  Осы 
пікірлердің кейбіреуін қарастырып өтейік:

коннотация  –  семантикалық  тұрғыдан  номинативтік  бірліктердің 
құрамдас бөлігі (Э.С. Азнаурова, И.В. Арнольд, В.Н. Телия, В.И. Шахов-
ский);

коннотация  тілдік  семантиканың  құрамдас  бөлігі  бола  алмайды  
(Ю.Д. Апресян, Н.Г. Комлев, Д.Н. Шмелев);

коннотация тілдік бірліктердің бояуы, реңі (Э.С. Азнаурова);

коннотация – сигнификат элементі (О.С. Ахманова);

коннотация  –  сөздер  мен  фразеологизмдердің  ассоциативті-бейнелі 
өрнегін жасайтын импликационал компоненті (В.Н. Телия);

коннотация – сөздің мүмкіндік ассоциативті энергиясы (В.В. Вино-
градов);

коннотация  дегеніміз  –  стилистикалық  мағына  (И.В.  Арнольд,  
А.В. Филатов).
Коннотация  ұғымына  берілген  лингвистикалық  көзқарастар  мен 
лингвистикалық емес анықтамаларды салыстырсақ,  олардың ара жігінің одан 
әрі күрделене түсетініне көз жеткізуге болады. Бұл ең алдымен: а) Л. Ельмс-
лев пен Р. Бартт еңбектеріндегі коннотацияның семиотикалық теориясы және  
ә) А.А. Леонтьев, Р. Роммевейт, М.С. Портер және т.б. ғалымдар көзқарас-
тарымен  шектесіп  жатқан  психологиялық  теория;  б)  коннотацияның 
философиялық теориясы (Э.С. Азнаурова, И.В. Арнольд).


Авакова Р.А. Фразеосемантика
188
Коннотация теориясы семиотикалық тұрғыдан түсіндіру – сөйлеу қыз-
метінің  прагматикасына  негізделген,  яғни  «субкодты»  таңдай  мен  сөй-
леушінің тілдік таңбаға қатысына негізделген.
Психологиялық  тұрғыдан  түсіндіру  негізінде  сөйлеу  үрдісіндегі 
ассоциативті және эмоционалдық құрылымдар, анығырақ айтсақ, ұлттық-
мәдени аспектілер жатыр. Н.В. Алефиренко пікіріне сүйенсек: «... коннота-
ция определяется как «ореол», «атмосфера», «дымка», которые «наслаива-
ются», «прикрепляются», «обволакивают», «пронизывают» и пр. предмет-
нологическое значение слова ...» [Н.Ф. Алефиренко, 1999; 102 б.].
Коннотацияға  берілген  сан  қырлы  метафоралы  анықтамалар  
В.И. Шаховскийдің сөзімен айтсақ, «қазіргі семасиология үшін коннота-
ция әлі де көркінен айырылмаған, әркімнің қолға түсіргісі келетін бақыт 
құсы» [В.И. Шаховский, 1983; 13 б.].
Қолға  түсірмесе  де,  қиялдағы  бұл  бақыт  құсқа  жақындауға,  сөздер 
мен  тұрақты  тіркестердің  конннотация  теориясына  лингвистикалық  тал-
дау ғана жеткілікті нәтиже бере алады. Бұдан коннотацияны түсіндірудегі 
семиотикалық  және  психологиялық  аспектілердің  қажеттігі  жоқ  деген 
түсінік тумауы керек. Аталмыш тілдік феноменге лингвистикалық талдау 
сөздер мен фразеологизмдердің тілдік коннотациялық табиғатын талдаудың 
антропоцентристік  сипатын  аша  түседі.  Осы  тұста  В.Н.  Телия  мен  
В.И. Шаховский еңбектері мен зерттеулерін айта кеткен орынды болмақ. 
В.Н. Телия алғаш рет коннотацияның семантикалық мәніне тоқталып, ол 
қолданыс тұрғысынан немесе окказионалды түрде тілдік бірліктердің се-
мантикасына кіреді және сөйлеушінің шындықты бейнелеуінің эмотивті-
бағалағыштық  қатынасын  білдіретінін  атап  көрсетті.  Мысалы,  зарығу 
етістігінің  әр  түрлі  стилистикалық  және  бағалауыштық  қасиеттері  бар 
бірнеше синонимдерін алып көрейік: зерігу, ығыр болу, мезі болу, іші пысу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет