Фреондардың қоршаған ортаға әсері
Фреондарды улылығы төмен болғанымен, оның жоғары тұрақтылығына байланысты Жердің озон қабатына едәуір зиянын тигізеді.
Фреондарды атмосфераға шығару 1970 жылдың басына дейін өте тез қарқын алған болатын. Бірақ кейбір мемлекетер фреондарды қолдануға шектеу қойды. Атмосферадағы фреондардың көбеюі оның өте ақырын ыдырауына байланысты болып табылады. Фреон-11-дің өмір сүру уақыты 80 жыл, ал фреон-12-нікі 170 жыл. 1990 жылы шығарылып тасталған фреондардың үлесі 2000 жылы сол қалпында қалады, ал 2010 жылы оның үлесі 39%, 2030 жылы 7% болады.
Беркли химиктері М.Молин және Ф. Рокленд 1973 жылы хлорфторкөмірсутектердің молекулаларын Жер стратосферасынан анықтап, хлор стратосферада фреон молекуласынан ыдырап, хлор тотығын түзеді де ол өз кезегінде озонды оттегіге айналдырады деген болжам айтты. Бұл тізбекті реакция, сондықтан хлордың бір атомы озонның 100000 атомын бұза алады.
Озон қабатын бұзатын фреондар қатарына құрамында хлор және бромы бар R11, R12, R21, R22, R13, R113, R114, R115, R502, R142b, R12B2, R114B2, R141b тағы басқалары жатады. Бұл фреондардың озон қабатын бұзушы потенциалы жоғары(ODR). R11 және R12 ODR=1, R22 - 0.055. Бромдалған фреондардың озон қабатын бұзушы потенциалы 10-нан асады. Бір бром атомы озонның миллион атомын оттегіге айналдыра алады.
2-кесте. Озон қабатына әсер ету деңгейі бойынша фреондарды келесі топтарға бөледі:
Топ
|
Қосылыс кластары
|
Фреондар (хладондар)
|
Озон қабатына әсері
|
A
|
Хлорфторкөміртектер (CFC)
|
R-11, R-12, R-13, R-111,
R-112, R-113, R-113а, R-114, R-115
|
Озон қабатының жұқаруы
|
Бромфторкөміртектер
|
R-12B1, R-12B2, R-113B2, R-13B2,
R-13B1, R-21B1, R-22B1, R-114B2
|
B
|
Хлорфторкөмірсутектер (HCFC)
|
R-21, R-22, R-31, R-121, R-122, R-123, R-124,
R-131, R-132, R-133, R-141, R-142B, R-151, R-221,
R-222, R-223, R-224, R-225, R-231, R-232, R-233
|
Озон қабатының жұқаруына әлсіз күйде әсер етеді.
|
C
|
Фторкөмірсутектер (HFC)
|
R-23, R-32, R-41, R-125, R-134, R-143,
R-152, R-161,R-227, R-236, R-245, R-254
|
Озон қабаты үшін қауіпсіз фреондар (хладондар)
|
Фторкөміртектер (перфторкөмірсутектер)
(CF)
|
R-14, R-116, R-218, R-C318
|
Бұл экологиялық апатты болдырмау үшін қазіргі уақытта фреондарды -өндіруге және шығарып тастау шектеу қойылды. Сондықтан бірнеше халықаралық келісім шарттар бойынша фреондар өндірісіне шектеу қойды:
1980 жылы – хлорфторкөмірсутектеді өндіруді тоқтату туралы Вена конвенциясы;
1987 жылы - Монреаль протоколы;
1990 жылы - 2000 жылы фреондады өндіруді толық тоқтату туралы Лондон протоколы;
Қабылданған келісім шарт бойынша 1996 жылдан бастап фреон-12 өндірісі тоқтады.
Достарыңызбен бөлісу: |