Фридрих Ницше «Билікке құмарлық»



Pdf көрінісі
Дата05.05.2023
өлшемі0,8 Mb.
#90702
Байланысты:
debiet-teoriyasy-antologiya-2 3 lecture



3-дәріс
Фридрих Ницше «Билікке құмарлық»
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ:
АНТОЛОГИЯ ІІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІ
3. Фридрих Ницше «Билікке құмарлық»
2
Дәрістің мақсаты: Фридрих Ницшенің туындылары, оның ішінде «Үстемдік еркі» кітабы 
жайлы, сондай-ақ, Ницшенің негізгі ұғымдары мен идеялары, олардың ықпалы мен маңызы 
жайлы мәлімет беру.
Кілт сөздер: Тіршілік еркі, Үстемдік еркі, сана, ақыл-ой, шындық, мәңгілік қайталаным, рух, 
мораль, т.б.
Бұл дәрісіміз ХІХ ғасырдың әйгілі философы және филологы Фридрих Ницше және оның 
«The Will to power» (неміс тілінде «der Wille zur Macht») қазақша баламасы «Үстемдік еркі» 
атты шығармасы жайлы болмақ. Ницшенің еңбектері қазіргі заман мәдениетіне, әсіресе XX 
ғасырдағы экзистенциализм, постмодернизм, постструктурализм, герменевтика ағымдарына 
ерекше ықпал етті. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше 
шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті 
тіркестерді қолданып, түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып, жанды да, жігерлі философиялық 
туындылар жазды. Оның басты философиялық идеялары «Үстемдік еркі», «Бірегей», «Мәңгілік 
қайталаным», «Дионистік рух және Аполлондық рух», «Құндылық атаулыны қайта таразылау», 
«Құдайдың өлімі», «Тіршілікті ұлықтау» және т.б. еңбектерінде көрініс табады.
Еңбектің тарихы жайлы
Ницше өзінің ең маңызды еңбегі болып саналатын «Үстемдік еркі» (1885–1886) кітабын 
аяқтамастан дүниеден өтті. Ол 1886 жылы жариялаған «Жақсы мен жаман сыртында» атты 
кітабының эпилогында «Үстемдік еркі» атты жаңа кітапты жазуға уәде берген болатын. 
Сол кезеңде оның шығармашылық шабыты артып, жазу құштарлығы тасқындап тұрған 
кез болатын. Оның қаламынан көптеген тың идеяларға толы бай мұралар жарық көрді, 
туындады. Бұл кітапты жазуға Ницше өмірінің соңғы 5 жылын арнады. Ол өз уақытының аз 
қалғанын сезінгендей, бұл кітапты жазуға жанталаса кірісті. Ницше өз корреспонденттеріне, 
аталған еңбегін жақын уақыттарда жариялайтынын айтады. Оның досына арналған жазған 
хатында былай деп жазады: «Кейде мен неліктен өз өмірімнің қайғылы апатын тездететімімді 
түсінбеймін». 1889 жылдың қаңтарынан бастап, Ницшенің денсаулығы күрт төмендеп, жан 
ауруы үдей түседі. Ұлы философ аталған кітапқа енген құнды жазбаларын қалдырып, көздеген 
мақсатына жете алмастан, 1900 жылы дүниеден озды.
Ол өмірден озғаннан кейін, қарындасы Элизабет пен досы Питер Гаст, оның қолжазбаларын 
жинақтап, неміс тіліндегі түпнұсқа атауы «der Wille zur Macht» (ағылшына «The Will to power») 
деген атпен жариялады. Алайда Ницше философиясын зерттеушілер бұл кітаптың мазмұны 
Ницшенің қарындасы Элизабет пен досы Питер Гасттың нацистік идеяларымен бұрмаланды 
деп айыптады. Зерттеушілер Маззино Монтинари мен Джоржио Колли Ф. Ницше қолжазбасын 
түбегейлі қайта зерттеп, нақыл сөздердің рет тәртібін түзетіп, 1960 жылдары түпнұсқаға 
біршама жақындаған алғашқы нұсқасын жариялады. Бұл нұсқа кейін әлемнің көптеген тіл-
деріне аударылды.
Кітап атауындағы Macht сөзінің неміс тіліндегі беретін мағынасы «күш», «үстемдік», «құдірет» 
сөздеріне сай келеді және Ницшенің айтпақшы болғаны да осындай күштілікке, құдіреттілікке, 
үстемдікке, жеңімпаздыққа жетуге талпынған ерік туралы болатын. Сондықтан кітап атауының 
қазақша баламасының «Үстемдік еркі» деп аударылуы Ницшенің негізгі идеясына жақын 
келеді.
Бұл философиялық еңбекке заманауи ойдың басты ағымдарының барлығы: өмір фило-
софиясы, экзистенциализм, герменевтика, структурализм, қазіргі эпистемология және лин-
гвистикалық борыштар десек артық айтқандық емес. Ол қазіргі философиялық әдістердің: 
структурализм, деконструкция, т.б. тізбегінің негізгі бастауы болып табылады. Сонымен қатар, 
Ницшендің ойлары ХХ ғасырдағы әлемдік өнердің авангардтық ағымдары: сюрреализм
дадаизм, футуризм, абстракционизмге қуатты серпін береді.
Ф. Ницше философиясының мақсаты – адамға өмірдің мәнін терең тануға, қоршаған ортаға 
бейімделеуге көмектесу. Ол адам үшін жалғыз ақиқат – «ерік» екенін алға тартады.


3
3
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІ
3. Фридрих Ницше «Билікке құмарлық»
«Үстемдік еркі» идеясының қалыптасуы
Бұл кітапты жазуға не түрткі болды? деген сұрақ туады. 1870–1871 жылдардағы Пруссия-
Франция соғысы кезінде, Ницше өздігінен соғысқа қатысуға сұранады. Ол өз жазбаларында: 
«Франкфуркте сап түзеген әскерлерді көріп: «тұңғыш рет ұлы да, қасиетті «тіршілік еркі» 
қарбалас тіршілік күресінде емес, «соғыс еркінде», «күштілік еркінде», «асқан үстемдік еркінде» 
көрініс табуға тиіс дегенді анық сезіндім», – деп жазады. Қысқа мезеттік әскери тұрмыс оның 
жан дүниесіне айырықша әсер етті. Ол соғыстың күйретушілік рөлін таниды және бұл соғыс, 
оның кейінгі «Үстемдік еркі» идеясының қалыптасуына негіз болады. Мұндағы «Тіршілік еркі» 
А.Шопенгауэрдің түп идеясы болып есептеледі.
Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, философияның негізгі 
мәселесі ретінде алғашқы орынға «ерікті» қойды. Кейіннен Ницше классикалық философия-
ның категориялары – материя мен рух емес, «билікке жету еркі» деген тұжырымға келеді де, 
Шопенгауэрден алшақтайды. Егер А. Шопенгауер әлемдік Ерікті болмыстың алғашқы негізіне 
жатқызса, Ф. Ницше Ерік категориясына әлеуметтік-моральдық мән-мағына беріп, оны 
«үстемдікке, құдіреттілікке, билікке деген ерік» ретінде түсінеді. Оның ойынша, өмір билікті 
неғұрлым жете сезінгісі келеді. Егер А. Шопенгауердің «Тіршілік еркі» біреу ғана болса, Ф.Ницше 
ондай монистік көзқарастан бас тартып, еріктің көптігін, сол себепті олардың бір-бірімен 
бітпейтін күресте екендігін мойындайды. Үшінші ерекшелігі, А. Шопенгауер адам еріктен бас 
тартып қана өзін сақтай алады деген болса, Ф. Ницше, керісінше, адам, егер ол құл емес, нағыз 
адам болса, билікке деген өзіндік еркін өмірге енгізе алады, сол үшін күреседі дейді.
Нигилизм
Ницше өз заманын құлдық нигилизм кезеңі деп есептеді. Ол дүниеде, өмірде тиянақты, 
тұрақты ешнәрсе жоқ, адам мен қоғам өмірінде ақылдан гөрі инстинкт басым рөл атқарады 
деген пікір білдіреді. Гуманизм, рационализм сияқты оптимистік ұстанымдарды жалған әрі 
зиянды көзқарас деп сынады.
Ницше нигилизмді қоғамдық санаға сіңіп, бұлжымас қағида ретінде қабылданған құн-
дылықтар мен христиан моралының, гуманизмнің дағдарысы ретінде қарастырып, оны 
«барлық құндылықтарды қайта қарау» теориясы ретінде қабылдауды ұсынды. М. Хайдеггер 
«Құдай өлді, Ницше сөздері» атты еңбегінде: «Ницше нигилизмді тарих барысында жүзеге 
асқан процесс ретінде түсінеді», – деп жазады да, бұл процесті жоғары құндылықтардың 
құнсыздануы ретінде қарастырады. Ницше «Құдай өлді» деген тұжырымдамасы арқылы бүкіл 
батыс метафизикасын жоққа шығарады.
Ерік тұжырымдамасы
Ницше өмірдің мәні «үстемдікке жету еркі» деп есептеді. «Үстемдікке жету еркі – бұл қоғам-
ның негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Ерік тұжырымдамасы Ниц-
шенің ең үлкен жетістігі болып табылады. Ол Шопенгауердің метафизикалық ерік түсінігінен 
бас тартып, ерік тұжырымдамасын түбегейлі өзгертеді, оны пессимизмнен тазартып, билікке, 
үстемдікке деген ұмтылыспен байланыстырады. Ницшенің «Үстемдік еркі» тұжырымдамасының 
негізгі өзегі, ол еркіндікке деген құштарлық.
Ф. Ницше «Не жақсы?» деген сұрақ қойып, оған: «Үстемдікке деген сананы, іңкәрлікті, 
адамның билігінің өзін күшейтетіннің бәрі», – деп жауап қайтарады. «Не жаман?» деген сұраққа: 
«Әлсіздіктен шығатынның бәрі», – дейді. «Ақыл-ой арқылы жүретін дүниетанымдық іс-әрекет 
билікке деген ерікті күшейте ме?» деген сұраққа: «Жоқ, өйткені интеллектінің басымдылығы 
билікке деген ерікті, оның ұмтылысы мен іс-әрекетін әртүрлі ойдың толғаныстарымен ауыс-
тырып, тоқыратып тастайды. Мораль да «басқалардың қамын ойла» деп, билікке деген ерікті 
әлсіретеді», – деп жауап береді.


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІ
3. Фридрих Ницше «Билікке құмарлық»
4
Біз оқып жатқан кітап авторлары Джулия Ривкин мен Майкл Райан Ницшенің «The Will to 
power» еңбегі жайлы былай деп жазады: «Үстемдік еркі» Ницшенің ең маңызды еңбектерінің 
бірі. Онда Ницше «билікке құмарлық – өмірдің негізгі қозғаушы күші» дейді және құмарлықты 
біліммен байланыстырады. Ницше үшін «философиялық батылдық дегеніміз – жаратылыстың 
тұлғасыз және мағынасыз сипатына, заттарға даралық пен мағына беретін сөздерге жүгін-
бей-ақ шыдай білу».
Сонымен қатар, авторлар Ницшенің «Үстемдік еркі» кітабында жазылған бірқатар ой-
толғауларынан, нақыл сөздерінен мысал келтіреді. Мәселен (511 нақыл сөзінде): «Теңдікке 
деген құмарлық билікке деген құмарлық. Әлденені былай немесе былай деп пайымдаудың өзі 
заттар барынша тең болады деп қалаудың нәтижесі», – дейді. Демек Ницшенің ойынша, ақыл 
– теңдікті қалайды.
Ницше философиясындағы Өмір концепциясы
Ницшедің айтуынша, өмірдің мәні «Үстемдік еркінде», яғни белгілі бір құдіреттілікке, би-
лікке, үстемдікке ұмтылған күш. Өмірдің өзі – билік, үстемдік үшін адамның ішкі дүниесінде де, 
жалпы қоғамда да үздіксіз жүріп жататын мәңгілік күресі болып табылады.
Егер біз Ницшенің «Үстемдік еркі» аксиологиясының мәнін, оның «Өмір» философиясымен 
бірлікте қарастырсақ қана, тереңірек түсінетін боламыз. Ницше «Өмір философиясы» атты 
бағыттың негізін салушылардың бірі. Бұл бағытты жақтаушылардың басты идеясы, ол – өмір 
идеясы.
Ницшенің айтуынша, «Өмір – ол ғаламның қайнар бастаушысы, бастапқы жаратылысы». 
Өмір әлемді біртұтастыққа біріктіреді. Ол дүниенің белсенді түпнегізі/субстанциясы. Өмір 
белсенділігінің негізгі көзі/өмірге арқау болатын, ол – өмірге деген ерік, түйсік, жетістіктер, 
кедергілерді жеңу, билік, үстемдік. Ол санасыз тұрғыда құдіреттілікке, билікке деген ерік секілді 
әсер етеді. Үстемдікке деген ерік өмірдің/тіршіліктің мәнін құрайды және ол әрбір адамның 
бойында бар.
Өмір ғаламат және биологиялық. Ол әлемдік болмыс пен «мәңгілік қайталаным» принципі 
секілді билікке деген ерік. Бүкіл әлемде ерік пен оның түрлерінен асқан қарапайым нәрсе жоқ. 
(Ф. Ницше, «Үстемдік еркі»).
Бұл қасиет (өмір сүру еркіндігі) барлық тіршілік иелеріне тән. Өмір еркі, Ницшеге сәйкес, 
әлемдегі нәрселердің барлығының иррационалды, имманентті, табиғи бастауы.
Үстемдік еркі ол – өмірді тұрақты нығайту/бекіту мен шығармашылық әлеуетті іске асыру. 
Сондықтан ол басқа, тек бар нәрселермен шектелген және оларды өзгертуге қабілетсіз өзге 
ерікке қарсы тұрады.
Өмір төзуші және жүйелі түрде қайта пайда болатын заттарға деген сенім жайлы болжамға 
негізделген; өмір неғұрлым әлеуетті болса, біз болмысты жатқызатын танылмал әлем соғұрлым 
кеңірек болу керек. Өмір сүру жолдары ретінде қисынға келтіруді дау, ақылға бағындыруды, 
жүйелеуді айтуға болады.
Нишценің айтуынша, үстемдікке, билікке деген ерік біртекті болғанымен, ол өз тегінде/
кезегінде жалғыз емес. Ол алуан түрлі және әрдайым әртүрлі тәсілдер арқылы көрініс табады. 
Үстемдік еркінің нәтижелері, мәселен, шығармашылық еркі, таным еркі, альтуристік ниет, және 
т.б. болып табылады.
«Шындық» дегеніміз – түрлі сезімдерді игеруге: құбылыстарды нақты категорияларға 
бөлуге деген құмарлық дей келе, Ницше шындық туралы: «Егер жаратылыстың сипаты жалған 
болуға тиіс болса, онда біздің бар шындығымыз не болар еді? Жалғанның өзін жосықсыз жоққа 
шығару ма? Әлде ол жоғарырақ күшке ие болған жалғандық па?
Шыншылдық болу үшін, адамның күллі кеңістігі мінсіз, шағын және құрметке лайық болу 
керек: басымдық ылғи да шыншыл адам жағында болуы тиіс. Өтіріктер, алдау, жасанды қы-
лық таңдану тудыру керек...
Осы ойды өрбіте келе, Ницше: «Мораль тұрғысынан алғанда, дүние жалған. Бірақ қан-
шалықты деңгейде сол дүниенің бөлшегі болғанына байланысты, моральдің өзі жалған», – 
дейді. Шындыққа құмарлық дегеніміз – берік, шын, әрі баянды ету, заттардың жалған қасиетін 


5
5
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІ
3. Фридрих Ницше «Билікке құмарлық»
жою, оны болмыстар ретінде қайта қарастыру болып табылады. Сол себепті «шындық» 
деген табылатын, немесе ашылатын нәрсе емес, бірақ, жаңадан жасалады және құмарлыққа 
жетелейтін, әлденені жеңу үшін жасалған процеске атау беретін нәрсе.
Ал өмір төзетін және жүйелі түрде қайта пайда болатынушы заттарға деген сенім жайлы 
болжамға негізделген; өмір неғұрлым әлеуетті болса, біз болмысты жатқызатын танымал 
әлем соғұрлым кеңірек болу керек. Өмір сүру жолдары ретінде қисынға келтіруді дау, ақылға 
бағындыруды, жүйелеуді айтуға болады.
Адам өзіне-өзі қайшы келмейтін, алдамшы емес, өзгермейтін, шынайы дүниені – ешкім 
қасірет тартпайтын «шындықты» іздейді; ал қарама-қайшылық, алдамшылық, өзгеріс – қасі-
реттің салдары. Ол осындай дүние болу керектігіне күмән келтірмейді; тек оған жол табуды 
қалайды. Сондай-ақ адам өмірінде орын алатын сезім мен сана туралы да ой қозғаған, Ницше 
былай деді: «Сезімдер алдайды, сана қателіктерді түзетеді; нәтижесінде адам ол сана деген 
тұрақтылыққа апаратын жол деп шешті; неғұрлым сезімдік сипаттан алыс идеялар соғұрлым 
«шынайы дүниеге» жақын болуы керек. Бақытсыздықтардың көбі сезіну түрлерінде келеді – 
олар алдаушылар, адастырушылар, қиратушылар.
Ницше: «дүние бар; біз өмір сүретін бұл дүние – қателік, бұл дүние болмауы тиіс еді», – деген 
қортынды жасайды.
Ницше: «болып жатқан құбылыстарға сенімді тек қалыптасудың нәтижелері ғана, ал 
олардың басты қозғаушы күшіне сенімсіздік пен күмәндану, барлық нәрселердің төмен 
бағалануы жатады», – дейді.
Сондай-ақ, «бойында күш-жігері жоқ, өз мақсаттарын жүзеге асыруда ерік-жігерін салуға 
шамасы келмеген адамның өзі, кем дегенде өз бойында ерік-жігер бар деген сенім ұялата 
алады. Бұл адамның мағынасыз әлемде қаншалықты өмір сүре алатындығы мен мағынасыз 
нәрселерді қаншалықты жүзеге асыра алатын ерік-жігерінің дәрежесі болып табылады», – 
дейді Ницше.
Қорыта айтқанда, Ф. Ницше бір тараптан өмірдегі мойындауға тиісті нәрселерге құрмет 
білдіріп, адамның жасырын әлеуетін ашуды, адамды асылдандыруды жақтаса, тағы екінші 
тараптан, адам табиғатындағы әлсіздіктер мен кемшіліктерге, әсіресе, батыстық мәдениет 
дәстүрі дарытқан түрлі әлсіздіктерге сын айтып, батыстық қоғамның болымсыз тұсын көрсетіп 
берген. Автор жүйелі философияны мазақ етіп, ойдың тар шанағын бұзып, дәстүрлі этиканың 
қармағынан босап шыққан ұшқыр ойлы тұлғалардың еркін рухына мадақ айтқан.
Ф. Ницше өз шығармашылығының орталық кезеңдерінде толық күйдегі философиялық 
жүйе жасау құштарлығына салынбады, шығармалары көбінесе жүздеген нақыл сөздерден 
топтастырылып жазылды. Кейбір нақылдары тек бір сөзден ғана тұрса, кейбіреуі бірнеше беттік 
болды. Бұл кітаптың негізгі мазмұны жалған жорамалдардың құпиясын ашу болғанымен, бірақ, 
оларды арнайы түсіндіруге тырыспаған. Ол позитивизм мен «Үстемдік еркі» ұғымын ұштастыру 
әдісін қолданып, түрлі мәселелерге құндылық тұрғысынан бағалау жүргізді.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар
1. Ф. Ницшенің философиялық көзқарастарының басты ерекшелігі қандай?
2. Ф. Ницшенің бастапқы көзқарастарының өзгеруіне не себеп болды?
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Julie Rivkin, Michael Ryan, Literary Theory: A Practical Introduction (Wiley Blackwell, 3rd edition, 
2016).
2. Фридрих Ницше. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан. https://kk.wikipedia.org/wiki 
Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық.-Алматы: Жазушы, 2006.–1-20 т. – 568 б. 
3. Философский энциклопедический словарь/Гл. редакция: Л.Ф. Ильичев, П. Н. Федосеев,
С. М. Ковалев, В. Г. Панов – М.: Сов. Энциклопедия, 1983. – 840 с.


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология ІІ
3. Фридрих Ницше «Билікке құмарлық»
6
4. Ницше (глава 9). История философии. Учебник. Под ред. В. В. Васильева, A.A. Кротова,
Д. В. Бугая. – М.: Академический проект, 2006. – С.486-497.
5. Е. Н. Некрасова. Фридрих Ницше: поэт, мыслитель, пророк – М.: МФТИ, 2007. – 160 с.
6. Фридрих Ницше. http://wiki.eanswers.net/k.
Ескерту
Түпнұсқа басылым: Фридрих Ницше, The Will to Power кітабынан, ауд. Уолтер Кауфман
449-517, 542-543 және 552 бөлімдері. Random House, 1967. Random House, Inc. Рұқсатымен 
репродукцияланды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет