Фтизиопульмонология кафедрасы



Дата24.05.2023
өлшемі56,93 Kb.
#96889







«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»



Фтизиопульмонология кафедрасы



«Фтизиатрия» пәні бойынша «Иммундық жауап және инфектология» модулі бойынша тесттер («матрицаға» сәйкес)

Редакциясы: 1

35 бетттің 1 беті




"Фтизиатрия" пәні бойынша "Иммундық жауап және инфектология" модулі бойынша 3 курс ЖМ студенттерге арналған
қорытынды бақылау тестілері "матрицаға "сәйкес
1 деңгей-7
2 деңгей-17
3 деңгей-10
Барлығы - 34

Алматы қ.


#1
*!Туберкулезбен емделмеген бір науқас, бактерия бөлуші, жылына қанша адамға ауруды жұқтырады?

#2
*!туберкулез микобактериясының инфекциясы адамға қалай тарайды?


#3
*!Туберкулез микобактериясының қандай түрі адам туберкулезінің эпидемиологиясы мен клиникасында үлкен рөл атқарады?


#4
*!Туберкулез қоздырғышының қандай негізгі биологиялық ерекшелігі оны сыртқы әсерлерге төзімді етеді?


#5
*!Туберкулез инфекциясының ағзаға ену жолдарына қарамастан, қай органға туберкулез жиі әсер етеді?


#6
*!Туберкулез микобактерияларын анықтау үшін қандай бояу әдісі қолданылады?


#7
*!Төмендегі морфологиялық элементтердің қайсысы туберкулезге тән?


#8
*!Науқас 37 жаста, дәрігерге 2 апта бойы қақырықпен жөтелге шағымданды. Әсері кең спектрлі бактерияға қарсы препараттармен емдеу - нәтижесіз. Анамнезінде: бір жыл бұрын туберкулезбен ауыратын науқастың туысымен қарым-қатынаста болған.


Диагноз қою үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізу керек?

#9
*!Науқас 33 жаста, дәрігерге субфебрильді температура, аздап ентігу және шамамен 2 апта қақырықпен жөтел туралы шағымдармен жүгінді. Шолу рентгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігінде күңгірттеу анықталды. АМСК/ПСМП мекемелерінде диагноз қою үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы маңызды?


#10
*!Туберкулезбен ауыратын науқастарды тексеруде G-Xpert молекулярлық-генетикалық әдісінің артықшылығы неде?


#11
*!Туберкулез микобактерияларының көптеген дәрілерге төзімділігі бар науқастармен байланысы бар балалардың БЦЖ ревакцинациясын жүргізгенде негізгі қандай көрсеткішке сүйенеміз?


#12
*!Туберкулез гранулемасының құрамына кіретін қандай патоморфологиялық белгі биопсиялық материалдағы туберкулез табиғаты туралы қорытынды жасау үшін ең сенімді болып табылады?


#13
*!4 жастағы балада бір апта ішінде құсу, қайталанатын ұстамалар, қызба бар. Сана деңгейі - сопор. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын әжесімен байланыста болған, фтизиопедиатрға қаралған жоқ, БЦЖ-ны босану кезіндегі жарақаттарға байланысты алмаған.


Дәрігер алдымен диагнозды нақтылау үшін келесі тексерулердің қайсысын жүргізуге міндетті?

#14
*!Милиарлы өкпе туберкулезінде өкпенің шолу рентгенограммасында өзгерістер қашан анықталады?


#15
*!БЦЖ вакцинациясы және ревакцинациясы сол қолға егіледі.
Төменде көрсетілгендердің ішінен БЦЖ вакцинасын егудің ең дұрыс орны қандай?

#16
*!Спецификалық профилактикадан кейін теріде жергілікті егу реакциясы пайда болады, ол жаңа туған нәрестелердің 95% - ында пайда болған иммунитетті көрсетеді.


Ең тән белгі қандай?

#17
*!Науқас., 54 жаста, дәрігерге әлсіздік, тершеңдік, қан жолақтары бар қақырықпен жөтелге шағымданды. Шолу рентгенограммасында оң жақ 2 сегмент шегінде біртекті емес көлеңкелеу, сыртқы контурлары анық емес және ыдырау қуыстары бары анықталды.


Төменде келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ықтимал?

#18
*!Науқас, 35 жаста, кеудедегі ауырсыну, әлсіздік, жөтел туралы шағымдар жасайды. Субфебрильді температура 5 күннен асады. Тыныс алу -везикулярлы, ысылдау жоқ. Қақырықта ТМБ табылған жоқ. Қан анализінде: лейкоциттер – 11,5 х 109/л, СОЭ-25 мм/сағ. Рентгенограмма: оң жақтағы 2-ші сегментте диаметрі 4 см-ге дейін бұлыңғыр контурлары бар төмен қарқындылық күңгірттену анықталды. Туберкулез ауруымен ауыратын жұбайымен байланыста болған.


Төменде келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ықтимал?

#19
*!БЦЖ ревакцинациясы туберкулездің спецификалық алдын-алу шараларына арналған.


Балаға Манту сынамасының нәтижесін ескере отырып, БЦЖ ревакцинациясы қай жаста жүргізіледі?

#20
*!Науқас, 30 жаста, терапевтке 38,7о дейін қызба, терлеу, әлсіздік, қақырықты жөтел, ентігу, оң жақ кеуденің ауыруы, салмақ жоғалту туралы шағымдармен жүгінді. Бір жыл бұрын туберкулезбен ауыратын ағасымен байланыста болған.


Төмендегі аталған диагностикалық зерттеулердің қайсысы ең орынды?

#21
*!Науқас. 25 жаста, терапевтке температураның 39 градусқа дейін көтерілуі, әлсіздік, ентігу, оң жақ кеуденің ауыруы туралы шағымдармен жүгінді. Туберкулезбен ауыратын адаммен байланысты жоққа шығарады. Өкпеде тыныс алу күрт әлсіреді. Қан анализінде: эр – 3,28 х 1012, Нb – 138, э – 4, с – 67, м – 11, л – 18, лейк. – 10 х 109, СОЭ-36 мм/сағ. антибиотиктермен емделген, бірақ әсері болмаған. Рентгенограммада: оң жақта жоғарғы параболалық шекарасы бар 2 қабырғаға дейін біркелкі көлеңке анықталды.


Төменде келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
#22
*!Науқас 19 жаста, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына, олардың ауыруы, температураның 38° C дейін көтерілуіне, әлсіздік туралы шағымдармен терапевтке жүгінді. Тексеру кезінде лимфа түйіндерінің үстіндегі тері гиперемияланған. Пальпация кезінде лимфа түйіндері серпімді, қозғалмалы, бір-біріне жабыспайды, ауырады. Шолу рентгенограммасында өкпенің түбірінде петрификаттар көрінеді.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ең ақпаратты?

#23
*!Туберкулез инфекциясы ошағының эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесін қандай критерий анықтайды?


#24
*!Науқас, 17 жаста, анасының шұғыл өтініші бойынша, отбасылық жағдайға байланысты амбулаториялық емделуге ауруханадан шығарылды.


Бактерия бөлетін науқастың ыдысы қандай әдіспен өңделеді?

#25
*!ТМБ-ның изониазидке дәрілік төзімділігінің жоғарғы дәрежесі анықталғанда дәрігердің ең дұрыс тактикасы қандай?


#26
*!Адам ағзасының ТМБ-на ерекше сезімталдығын анықтау үшін диагностикалық тест ретінде туберкулин қолданылады.


Туберкулин дегеніміз не?

#27
*!Қандай жағдайда ТМБ-ның екі препаратқа төзімділігін бірнеше дәріге төзімділік ретінде бағалау керек?


#28
*!Өкпесінде деструкциясы жоқ туберкулезбен ауыратын науқасқа емнің қарқынды кезеңінде қанша химиопрепараттарды тағайындау қажет?


#29
*!29 жастағы науқас дәрігерге үш аптадан астам күннің екінші жартысында субфебрильді температура туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезінде: қант диабеті, 2 типті. Үйде антибиотиктермен және симптоматикалық дәрілермен нәтижесіз емделген.


Төменде көрсетілген аурудың қайсысы болуы мүмкін?
#30
*!Туберкулезді жұқтыруға қарсы күрес бағдарламасында клиникалық жіктемеге және ауру жағдайларына сәйкес туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарды ерте анықтау, оқшаулау және тиімді емдеу көзделеді.
Қазіргі уақытта туберкулездің жоғары деңгейі кімде жиі кездеседі?

#31
*!Балалардағы туберкулезді анықтау үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы негізгі болып табылады?


#32
*!Балалардағы туберкулезді анықтау үшін тексерудің негізгі әдісі туберкулин сынамасы болып табылады : 2 ТБ бар Манту сынамасы және Диаскинтест.


Манту сынамасы реакцияның қандай түріне жатады?

#33
*!30 жастағы науқас терапевтке кешке 37,7о дейін қызба, терлеу, әлсіздік, қақырықты жөтел, оң жақтағы кеуденің ауыруы, салмақ жоғалту туралы шағымдармен жүгінді. Туберкулез ауруымен ауыратын ағасымен байланыста болған.


Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы ең орынды?

#34
*!50 жастағы науқас терапевтке кешке 37,6о дейін қызба, терлеу, әлсіздік, қан жолағы бар қақырықты жөтел, оң жақ кеуденің ауырсынуына, салмақ жоғалту туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезінде: өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезімен ауыратын әпкесімен қатынаста болған.


Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы ең орынды?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет