Беру сапасын басқарудың ішкі жүйесі
Өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағы бойынша жер үсті және жер асты кабель құрылысында, жерде, ғимарат пен құрылыстың қабырғасымен, технологиялық эстакадаларда ауалық желілері, тоқ өткізгіштері, кабель желілері тартыла алады.
Энергияны көп қажет ететін өндірістер үшін цехтан тыс канализация әдісін таңдау электр монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында еңбек шығынын ескере отырып, ең аз келтірілген шығын бойынша салыстырмалы нұсқалардың техникалық- экономикалық есептердің негізінде жүргізу қажет.
Нұсқаларды салыстырғанда пайдалану сенімділігі мен қолайлы факторларын (жөндеу қабілеті, желілерді қосымша тарту), ауаның, жердің ластану деңгейін, өнеркәсіптік алаңды құру тығыздығын, жер асты суларының деңгейін, технологиялық, көлік және басқа да коммуникациялық орналасуды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, желіні дамыту болашағын ескеру қажет.
Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңында электр желілерді орналастыру аймағы басты жоспар әзірлеушісімен келісілген болуы тиіс.
Кернеуі 35 кВ дейін цехтен тыс кабельдік желілерді әдетте, жер үсті құрылыстарда: технологиялық және кабельдік эстакадаларда, кабельді ішінара жабық галереяларында ашық тарту қажет.
Технологиялық эстакадаларда, соның ішінде жанғыш газдары және тез тұтанатын сұйықтықтары бар құбырлары бар эстакадаларда кабельдерді тарту не конструкцияның аспалы кабельдерінде немесе жеке меншік қажеттілік кабельдерді қоспағанда 30 дейін кабель санында өздігінен кронштейндерде, немесе кабельдердің көп санында, кабельдік эстакадаларда немесе технологиялық эсткадаларда құрылған ішінара жабық кабельдік галереяларында жүзеге аса алады.
Кабельдерді ғимарат пен құрылыстың сыртқы қабырғаның сыртқы беттерімен тартуға рұқсат етіледі, бірақ, соңғылары жанбайтын материалдардан жасалған болса ғана.
Жер үсті құрылыста 35 кВ дейін кабельдерді ашық түрде тарту мүмкін болмағанда немесе орындай алмағанда кабельдерді жерде (траншеяларда) және жер асты кабельдік құрылыста (блоктарда, арналарда, тоннельдерде) тарту жұмыстары жүзеге аса алады.
Кабельдерді траншеяларда тарту кабельдердің шамалы санында, негізінен негізгі трассалардан тарамдалған жерде орындау қажет.
Бір траншеяда, әдетте, алтыдан аспайтын қуат кабелін тарту қажет. Кез келгенінің орнына екінші кезекті тізбектердің 12 кабелінен тұратын бір шоғырын тартуға рұқсат етіледі.
6 кВ немесе 35 кВ кернеудегі кабельдердің барлық бойымен жер асты жұмыстары барысындағы ықтималды механикалық әсерлерден темір бетонмен, бетон тақталарымен, кірпішпен қорғау қажет. 0,7 м тереңдікте салынған 1 кВ дейін кабельдер жиі қазу орындарында ғана осындай қорғанысқа ие болуы тиіс. Кабельдердің үстінен арнайы сигналды таспа тартылған болса, 0,7 м тереңдікте салынған 20 кВ дейін екі кабельдік желілері бар траншеяны механикалық әсерлерден қорғауды талап етілмейді.
Жерге тартылатын кабельдерді тот басудан электр-химиялық қорғауды қолданыстағы жер асты құрылыстарын катодты қорғау бойынша нұсқауларға сәйкес орындау ұсынылады [6]. Тот басудан қорғау шаралары кабельдерді пайдалануға бергенге дейін жүзеге асырылуы тиіс.
Кабельдерді блоктарда тартуды жер асты коммуникациялары көптеп кездесетін, ыстық металдың ықтималды төгілулері болатын немесе жиі қазу жұмыстары жүретін жерлерде, технологиялық және көлік коммуникациялармен жиі қиылысатын трассаларда қолдану қажет. Блоктар темір бетонды ұяшықты тақталардан, асбест- цементтен, керамикалық, шойын, болат, полиэтилен құбырлардан жасала алады.
Кабельдік тартылым өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін негізгі болады, бұл тартылым коридорының көлемдерінің аздаулығымен (ал кейбір жағдайларда тіпті оның жоқтылығымен де), сенімділіктін жоғарылаулығымен, найзағай бөгеуілдерінің жоқтылығымен түсіндіріледі. Кабельдік желінің трассасын таңдағанда кабель шығынын максималды азайтуға тырысады және механикалық зақымданудан, коррозиядан, дірілден қорғауды қамтамасыз етеді, сонымен бірге көршілес кабельдегі тұйықталу кезінде электр доғадан болатын зақымдарды болдырмауға тырысады. Әр кабельді желісінің өз нөмірі мен атауын алуы тиіс.
Сым мен кабельдің құралымы олардың таңбасында шартты әріптермен шифрленген. Әріптің таңбадағы орналасуына байланысты мағыналары, тіпті бір әріп болса да, әр түрлі болуы мүмкін.
Сымдар мен кәбілдердің маркалық белгілеулерінде тарамдарының материалы, оқшауы және сауыты әріптермен, ал тарам саны және қимасының ауданы цифрлармен көрсетіледі. Мысалы, АППВ(2х2,5) деген жазу алюминий сым, оқшауы полихлорвинил, екі тарамды, қимасының ауданы 2,5 мм2 деген ұғымды береді. Егер сымның маркалық белгілеуінде А әрпі болмаса, онда сымның материалы мыс деп білу керек. Кәбілдер де осы сияқты белгіленеді: АСБ (3x25+1x10)- мыс тарамды, қорғасын қауаға салынған, болат таспалармен сауытталған, қорғаныштық битум сіңірілген кендір иірікпен жабындалған, төрт тарамды (үшеуі фазалық тарам, қимасы 25 мм2 де, ал төртіншісі нөлдік тарам, қимасы 10 мм2) кәбіл. Егер СБ (3x25+1x10) деп белгіленсе, онда бұл жоғарыда айтылғандай, мыс тарамды кәбіл болады.
Электр тораптарға қойылатын негізгі талаптар:
- Өрт қауіпсіздік – сымдар жай және апат кездеріндегі режиміне қарай қызу, өткізу жағдайларына лайықты болу керек.
- Техникалы қолдануын ақтау – сымдар жай және апат кездеріндегі мүмкін болу, жоғалтатын кернеуі арқылы алыну керек.
- Экономика жағдайы - алғашқы екі жағдайларға қарап, ең экономды варинтын алады.
- Механикалық төзімділік – сыртқы әрекеттер сым материал ішінде қауіпті механикалы кернеу туғызбау керек. Механикалы төзімділігін тек қана ауа линияларына санайды.
Кабельдердi тарту әдiсi, номиналдық кернеуi, токтың экономикалық тығыздығы (ұзақ желiлер үшiн), тездету режимiнiң ұзақ шектемдi тогы бойынша таңдайды және қ.т. тогының термиялық әсерiне тексередi. Кабельдердi кернеу, ұзақ шектемдi тогы бойынша таңдауды және оларды термиялық орнықтылыққа тексерудi таратушы құрылғылардың шиналарын таңдағандай қылып орындайды.
1 кВ дейінгі желілерде экономикалық тығыздығы бойныша таңдалған кабельдер және сымдар қимасы есептік тоқ қызуы бойынша таңдалғандарды 2-3 есеге асады. Сәйкес, кабельдің қимасын апаттан кейінгі максималды режимі үшін есептік тоқ бойынша таңдаймыз.
Сым бойымен ұзақ ағатын тоқ, және ол аққанда сымның ұзақ–мүмкін қызу температурасы орнайды, және ол қызу бойынша шекті мүмкін тоқ деп аталады.
Жүктеменің шекті мүмкін тоқтарына сәйкес сымдардың қимасы таңдалады.
Iдл.доп ≥ Iрасч., мұнда Iрасч -желі телімінің есептік тоғы, А.
Тоқ қабылдағыштардың есептелетін тоқтарына олардың номиналды тоқтары қабылданады.
Қызу шарты бойынша кабельді желілерді таңдау керек:
1 ,35 · Ксн. · Iдоп ≥ Imax.p немесе Iдоп ≥ Imax.p/1,35 Ксн.
Достарыңызбен бөлісу: |