Функционалдау


Телекоммуникация желілерін құрудың жалпы принциптері



бет3/18
Дата10.05.2023
өлшемі424,93 Kb.
#91690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Телекоммуникация желілерін құрудың жалпы принциптері
Қазақстандық телекоммуникация негізі Қазақстан аумағында орналасқан электр байланыстың барлық желілерін біріктіретін ҚР телекоммуникациясының Бірыңғай желісі болып табылады . ҚР ТБЖ басқа елдердің электр байланыс желілерімен байланысқан және дамитын ЖАИ әлемдік ақпараттық кеңістікте маңызды орын алады. ҚР ТБЖ құрамына жалпы қолданыстың телекоммуникация желісі (ЖҚТЖ) және келесілерден тұратын: ведомстволық және белгіленген желілер, арнайы тағайындаудағы телекоммуникация желілері, корпоративті және электромагнитті сигналдардың көмегімен ақпараттарды жіберудің басқа да желілері ҚР ТБЖ шектеулі қолданыс байланысының желісі кіреді (1.1 суретті қара).

ЖҚТЖ бірге ведомстволық байланыс желілерінің қосарлануы шарттық негізде орындалады. Ведомстволық желілерді тұрғындарға байланыс қызметтерін көрсету үшін қолдануға болады және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияларды алған кезде басқа да қолданушылар қолдана алады.
Белгіленген байланыс желілері – бұл телекоммуникацияның ЖҚТЖ шығысы жоқ жеке және заңды тұлғалардың желісі. ЖҚТЖ бірге белгіленген байланыс желілерін қосарланған кезде бұл желілер ЖҚТЖ категориясына өтеді. Арнайы арнаудағы желілер ЖҚТЖ каналдары базасында жасалады және қорғаныс, қауіпсіздік және тәртіп сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар үкіметтік байланысты қамтамасыз ету үшін арналған. Корпоративті желілер жеке кәсіпорындардың (фирмалардың, ұйымдардың, акционерлік қоғамдардың және т.б.) желілерін біріктіреді және заңды тұлғалардың басқарма және өндірісішілік мақсаттарды жүзеге асыру үшін арналған.
Байланыс желісі байланыс құралдарынан және желілерінен тұратын және электр байланысы үшін арналған технологиялық жүйеден тұрады. Байланыс құралдары – бұл электр байланыс хабарламаларын қалыптастыру, қабылдау, өңдеу, сақтау, жіберу, жеткізу үшін қолданылатын техникалық және бағдарламалық құралдар, сонымен қатар байланыс қызметтерін көрсету үшін немесе байланыс желілерінің қызмет етуін қамтамасыз ету кезінде қолданылатын техникалық және бағдарламалық құралдары. Байланыс желілері – жіберу желілері, физикалық тізбектер және байланыстың ЖКҚ, яғни электр байланыстың құрылыстары және байланыстың кабельдерін салу үшін жасалған немесе бейімделген инженерлік инфрақұрылымдардың өзге де объектілері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет