«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет22/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131
 
Қолданылған әдебиеттеp тiзiмi 
1. БҰҰ «Бiлiм бәpiне opтaқ» aтты бaғдapлaмacы, 2001. – Б.5-9.
2. Дуйcебек A.Т. Coвpеменные вектopы тpaнcфopмaции метoдoлoгии и 
coдеpжaния oбpaзoвaния
3. Нұpaхметoв 
Н.Н. Нәтижелi бiлiм беpу үшiн функциoнaлдық 
caуaттылықтap жүйеciн қaлыптacтыpу мәcелеci 
4. 
ҚP бiлiм беpудi және ғылымды дaмытудың 2020-2025 жылдapғa 
apнaлғaн мемлекеттiк бaғдapлaмacы
 
 
 
 
 
 
 
 


48 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Сапура Оразовна Сулейменова,
Бaянaуыл aудaны Мұхтaр Әуeзoв aтындaғы
жaлпы oртa білім бeру мeктeбінің бастауыш сынып мұғaлімі 
Аннатация: Функционалды сауатты тұлға - қоғамның құндылықтарына 
сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. 
Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи 
ақпараттық технологиялардың тілін біліп, кез келген әлеуметтік ортаға 
бейімделеді.Осыған 
байланысты 
тек 
біліммен 
қаруландырып 
қана 
қоймай,өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне 
қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану өзекті мәселелердің бірі. 
Кілт сөздер: -оқу, жазу сауаттылық;-жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық;
математикалық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық 
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, 
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның 
мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты 
мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының 
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, 
оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қоғамның дамуына 
байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға 
қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір 
қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни 
функционалдық сауаттылыққа жету, қалыптастыру,меңгерту. Қазіргі әлемдегі, 
еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның 
адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық 
ұғымы кең тарала бастады. 
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына 
сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің 
алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру 
жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге 
алынып отыр. 
Жай сауаттылық- адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және 
қарапайым арифметикалық әрекеттердіорындауы.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе 
алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас 
жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық 
тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және 
оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, 
дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен 
білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке 


49 
адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық 
сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды 
дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – 
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс 
жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Егер осы 
шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық 
сауаттылығы қалыптасады. 
Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны 
келесі мағынада сипатталады
- оқу, жазу сауаттылығынан; 
- жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан; 
• математикалық сауаттылығынан; 
• компьютерлік сауаттылықтан; 
• денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан; 
• құқықтық сауаттылығынан. 
Функционалды сауатты тұлға - қоғамның құндылықтарына сәйкес, 
қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге 
қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық 
технологиялардың тілін біліп, кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. 
Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – бастауыш сынып 
оқушыларының шығармашылығын, өзін- өзі дамыту тетіктерін ізденушілігін 
дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген 
сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына 
алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу 
үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Оқушы 
алған білімін өмірде өз қажеттілігіне пайдалана алмаса, онда оның бойындағы 
бар білімі керексіз жүк болып қалады. Осындай мәселерді шешу үшін 
оқушының оқу сауаттылығын, ғылыми жаратылыстану және математикалық 
сауаттылығын дамытуға және қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатқа 
жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі. 
Жеке 
тұлғаның 
басты 
функционалдық 
сапасы 
белсенділік, 
шығармашылық пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер 
қабылдай алуы, өзін-өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып 
табылады. Осы тұрғыда оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден 
алатын білім, білік және дағдылары адам жұмысының әртүрлі саласындағы 
алуан түрлі тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-
экономикалық дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының 
меңгеретін білім мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады, осы 
аталғандарды қалыптастыруды этнопедагогиканың элементтерімен тығыз 
байланыстырып қарауға болады. 
«Математикалық 
сауаттылық»- 
ауызша, 
жабаша 
қабілеттерін 
қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере 
білу қабілетін шындайды. Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, 


50 
демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, 
дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс 
қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-
тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз 
бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық 
білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. 
Оқушылардың 
ойлау 
қабілетін 
дамытуда, 
математиканың 
негізін 
қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып 
мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Сонда ғана 
математикалық сауаттылығы қалыптасқан тұлға тәрбиелей аламыз. 
Математикалық сауаттылық: - математиканың әлемдегі рөлін анықтау 
және түсіну; - әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, 
түсіндіріп беру; - дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; - 
есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен 
байланыстыру; - математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі 
мәселелерді шешуде еркін қолдану . Математикалық құзыреттілік – 
нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель 
құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді 
шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі. Оқушылардың 
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін 
практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде: - қажеттілігіне қарай 
анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды 
пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу; - ең 
қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу; - нақты 
байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график 
түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру; - геометриялық, 
физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу; - 
диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық 
мәліметтерді танып білу, талдау; - оқып игерілген формулалар мен 
фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды 
зерттеу (моделдеу); - шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және 
көлемдерін есептеу».Пәндік құзыреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір 
пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің 
сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін 
қолдана білу іскерлігі. Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық 
салалар): Білу (еске түсіру): Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша 
суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды 
қолдану; классификациялау, математикалық объектілерді танып білу. 
Ақпараттарды дәстүрлі қалыпта қабылдау; белгілі деректерді, стандартты 
тәсілдерді және әдістерді тікелей қолдану; таныс алгоритмдерді пайдалану;
Қолдану (байланыстарды орнату): Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; 
математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке 
байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу. Ақпараттың 
бір түрінен келесісіне ауысу; тапсырманы шешуге арналған әртүрлі әдістерді 


51 
қолдану; алынған шешімді интерпретациялау; Ойлау (пайымдау, 
тұжырымдау): Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; 
қорытындылау, 
әртүрлі 
шешу 
жолдарын 
синтездеу; 
дұрыс/бұрыс 
айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу. Күрделі мәселелер; 
ойлау және интуиция; шығармашылық тұрғыдан келу; шешу амалын 
өңдеу;қамту; негіздеу Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар
жатады :
1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да 
математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде 
қарастырылады.
2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін 
қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.
3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін 
қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере 
білу қабілетін шыңдайды.
4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс 
қабылдап, түсінуге көмектеседі. 
5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және 
этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар. 
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін: - теорияны білу , оны 
логикамен ұштастыру - есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу -
математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму 
тарихымен байланыстыру, - ақпараттық оқыту технологиясынан математика 
сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы 
оқушылар 
жаңа 
материалдарды 
арнаулы 
бағдарламалар 
көмегімен 
мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да артады. 
Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте 
білу - ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол, оқушы:
• мақсат қоюға үйренеді; 
• есте сақтау қабілеттері дамиды;
• басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;
• кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;
• қатарынан қалмауға тырысады;
• дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;
• әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
• күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.
• білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді • өздігінен жұмыс 
істеуге дағдыланады.
Мұғалім: - жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; - оқушыны жан-жақты 
танып біледі; - қарым қатынас орнатады; - оқушылардың өзара әрекеттесуіне 
жол ашады; - оларға шығармашылық еркіндік беріледі. Математикалық 
сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан 
тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен пәндік, функционалдық 
сауаттылығын дамытуға болады. Мысалы: математикалық үйірмелерде 


52 
сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды 
дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп, тұрмыс тіршілікке қажет 
экономикалық есептерді шығаруға жаттықтырудың маңызы зор .
Америкалық 
педагог-математик 
Джордж 
Пойа 
былай 
деген: 
«Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық 
есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік 
болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару»..Осы жерде өз 
тәжірибеммен бөліскім келеді . 
Өз сабағымда сонымен қатар үрленген шар арқылы ойналатын 
«Серпілген сауал», қағаз ұшақты ұшыру арқылы «Әуежай», «Жіпке тізіл», 
«Стикердегі сауал», «Құпия конверт», «Балық аулайық», «Допты ұстап ал», « 
Планшет »т.б. тәсілдер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана 
қоймай, оларды ынталандырып, келесі сабаққа дайындықпен келулеріне серпін 
болады. Себебі, өткен тақырыпты білмейтін оқушы бұл ойындарға қатыса 
алмай қалатындығы белгілі. Сондықтан әр оқушы үй тапсырмасын орындап 
қана қоймай, ережелерді де қайталап келетіндігіне қол жеткіздім. Жаңашыл 
педтехнологиялардың тағы бір тиімділігі – оқушылардың сөз саптауына, өз 
ойларын еркін білдіруіне жол ашуы. Бұл әсіресе, «Екі жұлдыз, бір пікір», дебат 
құру, елші болып барған кездерінде, бір-бірінің жұмыстарына сын айтуда 
айқынкөрінеді.Тақырыптан ең бастыны ажырату, негізгі идеяларды түсінуде, 
оқығандарын сараптауда «Түртіп ал», «Т кестесі», «ББҮ» кестесі,«+ -», 
«Синквэйн», «Акросөз», «Тұжырымдамалық карта» т.б. пайдаланамын. 
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз 
ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам 
тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың 
функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай 
жұмыстарды жүргізуіміз керек: Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде 
құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – 
қолдану – тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды 
күшейту; Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест 
тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған
қызықты есептер шығарту; Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында 
алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық 
есептер шығаруға үйрету; PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді 
жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды, 
қоғамды кеңінен таныстыру; Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын 
дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрету. 
Қазіргі уақыт ұстаздан жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. 
Мұғалімнің негізгі міндеті-оқушыларға терең де, тиянақты білім беру. Білім 
беру мазмұны жаңартылған сайын, әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері 
туындауда.Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың 
қажеттілігі күн санап арта түсуде. Оқушылардың математикалық 
сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің және 
мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. 


53 
Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда 
оның алған білімі тұрақты болмайды.
Олай болса, «Математиканың қорғанын тек күштілер мен батылдар ғана 
бұза алады» деген ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, 
алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, 
жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай еңбек етейік демекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет