33
оқушы қателесуге қорықпайды, себебі бірден өшіріп қатесін түзете алатынын
біледі.
«БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім
келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің
маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
Ойлан, жұптас, бөліс – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма
берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада
сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін
берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы
жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім сырттан
бақылаушы болып, әр топқа жақындап топ жұмысын көре алады. 2-3 жұпқа өз
пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба
кестелер. Математикада терминдер көп кездесетіндіктен «Кластерді» сабақ
барысында жиі қолданамын. Себебі, оқушылар сызба, кестемен жұмыс
жасағанды ұнатады. Және есте сақтау мүмкіндіктері де артады. Мысалы:
«шаршы» деп жазсам, оқушылар жан-жағына шаршы жайлы білімдерін жазады.
Сол сияқты амалдардың компоненттерін жаттап алуда да тиімді. Амалдардың
компоненттерін жаттауда, көбейту кестесін қайталауда, қалдықпен бөлуде,
санның квадраты мен кубын табуда, мәтінді есепті талдауда «Сыртқы-ішкі
шеңбер» әдісін жиі қолданамын. Себебі бұл жерде оқушылар сұрақ қоя білуге
дағдыланады, компонеттерді, көбейту кестесін қайталайды, оқушының
жауабын тыңдай отырып, шешім қабылдауға үйренеді.
Сабақ барысында тиімді тәсілдерді пайдалану маңызды. Себебі, тәсілдер
тақырыпты ашып, мақсатқа жеткізетіндей болу керек. Сабақ жоспарын
құрастыру барысында «Бұл тәсілдің тиімділігі неде?» деген сұраққа жауап алу
керек. Менің ойымша, сабақ үстінде ойынды, тиімді тәсілдерді пайдалана
отырып, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып,
фунционалдық сауаттылықтарын да арттыра аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: