Г еография
Әлеуметтік география
Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.
Ә
леуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың
дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және баска белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары.
Әлеуметтік география мынадай жеке ғылымдар салаларына бөлінеді:
Елтану
Мәдени география
Экономикалық география
Медициналық география
Тарихи география
Геоурбанистика
Туризм географиясы
Транспорт географиясы
Діндер географиясы
Халық/демография
Саяси география
Енді әр салаға жеке-жеке тоқталып өтейік.
Елтану- белгілі бір елдердің, сондай-ақ ірі аумақтар мен құрлықтардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, әлеуметтік құрылымы, т.б.
туралы мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге
келтіріп, кешенді түрде зерттейтін географиялық пән
Мәдени география-орта мәдениетінің айырмашылығын және мәдениеттің аумақтық таралуымен таныстыратын әлеуметтік-экономикалық географияныңтарауы.
Экономикалық география-экономикалық қызметті, оларлың орналасуын, ұйымдастырылуы мен таралуын ескере отырып зерттеуге бағытталған.
Медициналық география- табиғи ортаның және аймақтық өмір жағдайының, еңбек пен демалыстың халықтың денсаулығына әсерін зерттейді және сонымен қатар жеке аурулардың географиялық әр жерлерде, елді мекендерде таралуын қарастырады.
Тарихи география-география ғылым жүйесіндегі маңызын көрсету, географиялық идеялардың дамуын қарастыру және география
туралы ұғымның қалыптасуын, соның ішінде жаратылыстану мен қоғамдық пәндердің бір жүйеде өзара бірігіп жатқанын, географиялық ашылулардың тарихын зерттеу, қазіргі методологиялық негіздер және география ғылымының теориялық проблемаларын көрсету болып табылады.
Геоурбанистика-қала эволюциясының географиялық талдауын қоса зерттейтін интегральды (қосылған) саласы.
Туризм географиясы- туризмнің аумақтық (кеңістіктік) ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым, оның зерттеу пəні – кеңістіктегі туристік құбылыстар формалары мен қатынастары- ның жəне оларға байланысты үрдістердің анализы мен синтезін жасау болып табылады.
Транспорт географиясы-географиялық еңбек бөлінісінің негізгі саласы. Көліктік тасымалдың аумағы мен құрылымы, көлік желісі мен жүк тасқындарының географиясы өндіргіш күштердің орналасуын көрсетеді, көлік (көлік-географиялық) үдерісті сипаттайтын экономикалық географияның тарауы.
Діндер географиясы-әр түрлі діндердің таралуын, олардың жергілікті ерекшеліктерін, халықтың экономикалық
және әлеуметтік жағдайларымен, этностық құрылымымен, әдет-ғұрыптық дәстүрлерімен байланыстарын зерттейтін географияның бөлімі.
Демография немесе халық географиясы- белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Саяси география-саяси үрдістердің кеңістік жағдайындағы аумақтық, экономикалық-географиялық, климаттық және т.б. табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейді. Саяси география географиялық түрге
баса көңіл бөле отырып, оларға саяси түсініктеме береді, саяси аспектілеріне талдау жасайды.
Тақырыптық тест:
1Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны кім болып табылады?
А.Қоршаған орта
B.Бүкіл адамзат
C.Тау жыныстары
D. адамзаттың белгілі бір түрі ғана
2. белгілі бір елдердің, табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, әлеуметтік құрылымы, т.б. туралы мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, зерттейтін географиялық пән:
А.Геоурбанистика
В.Демография
С.Тарихи география
D.Елтану
3.Туристік құбылстар формалары мен қатынастары әлеуметтік географияның қай саласына жатады:
А.Медициналық география
В.Саяси география
С.Туристік география
D.Экономикалық география.
4.Саяси географияға тән ұғымдар:
А.медициналық статистика
В.мемлекеттердің жалпы сипаттамасы
С.белгілі бір тұрғылықты жердің тарихы
D.әлемдік
діндер
5.”логистика” терміні әлеуметтік географияның қай саласына жатады:
А.Геоурбанистика
В.Демография
С.Тарихи география
D.Елтану
6.Урбандалу деңгейін көрсетеді:
A.Халықтың жалпы санындағы қала халқының үлесін
B.Экономикалық даму деңгейін
C.Елдің даму тарихын
D.Халықтың білім деңгейін
7.қала эволюциясының географиялық талдауын қоса зерттейтін интегральды (қосылған) саласы:
A.Елтану
B.Демография
C.Геоурбанистика
D.Халықтар географиясы
8.Әлеуметтік географияға тән ұғымды анықта:
A.Материктер мен мұхиттар
B.Флора мен фауна
C.Халықтар
мен әлеуметтік құбылыстар
D.Жер бетінің физикалық сипаты
9.”ауа-райы, климаты” бұл терминдер әлеуметтік географияның қай саласына тән:
A.Тарихи
B.Саяси
C.Экономикалық
D.Елтану
10. Белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы:
A.Діндер географиясы
B.Халықтар географиясы
C.Геоурбанистика
D.Саяси география