Байланысжелілері.Желідегі компьютерлер арасындағы байланыс желілерінің негізгі типтері: телефонсымдары, электржәнеоптоталшықтыкабельдеріжәне радиобайланыс.
Байланыс желілерінің негізгі параметрлері – өткізумүмкіндігі(ақпаратты берудің барынша көп жылдамдығы), кедергігеқарсытұрутұрақтылығы(орысш. – помехоустойчивость) жәнебағасы. Бағасы бойынша, ең қыматы оптоталшықты, ең арзаны телефон сымдары болып табылады. 6.4-кестеде жылдамдығыжәне кедергігеқарсытұрутұрақтылығыпараметрлері бойынша желілердің салыстырмалы сипаттамалары берілген.
6.4-кесте. Байланысжелілерініңсипаттамасы
Байланыс типі
Жылдамдық
(Мбит/с)
Кедергіге қарсы
тұрақтылығы
Айналмалы қос сым
10-100
Төмен
Коаксиальді кабель
10 дейін
Жоғары
Телефон желісі
1-2
Төмен
Оптоталшықты кабель
10-200
Абсолютті
Оптоталшықты байланыс желілері жергілікті желілерді қосу үшін бәрінен жиі пайдаланылады. Әйтсе де, кабельді төсеу мүмкін болмай, компьютерлік желілер алыста немесе ыңғайсыз орналасқан жағдайда сымсызбайланысжелілеріқолданылады. Егер хабарлағышжәне қабылдағышантенна тура көрінетін шекте болса, онда радиоарналар, әйтпеген жағдайда арнайыантенналардықолданып, ақпарат алмау спутникарқылы жүреді (6.8-сурет).
Пайдаланушылардың жүздеген миллион компьютерлері, Интернет-провайдерлердіңкөмегімен коммутацияланған телефон арналары бойынша дамыл-дамыл Интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Интернет-провайдерлердің өздерінің серверлері Интернетке жоғарғы жылдамдықпен қосылады, сондықтан бір шақта жүздеген және мыңдаған пайдаланушыларға телефон арналарына шығуға мүмкіндік бере алады.
6.8-сурет. ҒаламдықкомпьютерлікИнтернетжелісінеқосылудыңәртүрлінұсқалары Ақпаратты байланысарналарыарқылы жіберу үшін оны компьютерде тұрған пішіннен сигналдар түріне түрлендіру қажет. Ондай түрлендірулерді, арнайы құрылғылар – желілікадаптерлержүзеге асырады.
Пайдаланушының компьютерін телефон арнасы бойынша Интернет-провайдердің серверімен қосу үшін екі компьютерде модемге қосылып тұруы керек. Модемніңқызметі:екіліккодпенберілгенкомпьютерлікақпараттытелефонсигналынажәнекерітүрлендіру. Модемдер аналогты телефон арнасы бойынша 56 Кбит/с. жылдамдығымен сандық компьютерлік деректерді беруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі ADSL-технологияларыдағдылы телефон арнасын Интернетке жоғарғы жылдамдықпен (1 Мбит/с және одан жоғары) қосуға мүмкіндік береді. Бұл ретте телефон нөмірі бос тұрады, сол маңызды. Жәй және ADSL модемдер компьютердің USB-портына және телефон розеткасының ажыратқышына қосылады.
Ықшамды компьютерлерді қолданатындар Интернетке сымсыз Wi-Fiтехнологиясынқолданып қосыла алады. Вокзалда, әуежайда, оқу мекемелерінде және басқа қоғамдық жерлерде, Интернетке қосылған сымыз байланысқа шығу орындары қойылады. Сымсыз байланыспен жабдықталған ықшамды компьютер, радиусы 100 м. шеңберінде, жылдамдығы 11 Мбит/с. дейін Интернетке шығуға мүмкіндік алады.