Қарастырылатынсұрақтар: адам қабылдайтын хабардың ақпараттылығы(орысш. –информативность) неменеге тәуелді;
ақпараттың өлшем бірлігі;
хабардағы N теңықтималды оқиғалардың ішінен біреуіндегі ақпарат саны.
Хабардыңақпаратылығы–ұғымынашу Мағыналық тұрғыдан қарағанда мына ұғымдар тізбегі байқалады: ақпарат– хабар– хабардыңақпараттылығы– ақпараттыңөлшем бірлігі– хабардыңақпараттылықкөлемі.
Алғашқы пайымдау ол: ақпарат – адамдардың білімі. Мына сұрақ: хабар деген не?
Хабар–ақпараттыжіберуүрдісінде,онықабылдайтынсубъекткетүсетінақпараттық ағын. Хабар– біз еститін сөздер (радиодан хабар, мұғалімнің түсіндірмесі), біз қабылдайтын бейнелер (фильм, светафор сигналы) және біз оқитын кітәп мәтіні, т.б.
Хабардыңақпараттылығыдеген ұғымды мұғалім өзі және оқушылар келтірген мысалдар арқылы талқылағаны жөн.
Ереже:адамның білімін толықтыратын, яғни оған жаңа ақпарат беретін хабарды – ақпараттылыдейік.
Бір хабар, оның ақпараттылығыжағынан, әр адам үшін әртүрлі болуы мұмкін. Егер мәліметтер «ескі», яғни ол адамға белгілі немесе түсініксіз болса, онда ол үшін бұл хабар ақпараттылы болмайды. Егер қабылдаушы адамға, мәлімет түсініктіжәне жаңалықболып, оныңбілімінтолықтырса, онда ол ақпараттылыжәне мағыналы(семантикалық) хабар болғаны.
«Ақпарат» және «хабардыңақпараттылығы» деген ұғымдарды бір мағыналы деуге болмайды. Оны мына мысалдар арқылы көруге болады.
Сұрақ: «Бастауыш сынып оқушысының көзқарасымен қарастырғанда жоғары оқу орнында оқылатын жоғарғы математика курсы оқулығында ақпарат бар ма?»
Жауап: «Иә, кімнің көзқарасымен болсын, ақпарат бар! Себебі, оқулықта математикалық аппаратты жасаушылардың (Ньютон,Лейбниц, т.б), оқулық авторларының, қазіргі математиктердің білімдері жинақталған». Бұл - абсолютті шындық.
Сұрақ: «Осы оқулық арқылы 1-сынып оқушысы өз білімін толықтыра ала ма? »
Жауап: «Жоқ, себебі ол үшін бұл оқулық тым күрделі, оған түсініксіз, яғни ақпараттылыемес. Сондықтан ол ешқандай білім алмайды».
Ақпараттың мағыналық (семантикалық) тұжырымдамасы шеңберінде, хабардыңақпараттылығыдеген ұғымды енгізу, ақпаратты өлшеутақырыбына бірінші жақындау болып табылады.
Қорытынды: Егер адам хабардан ақпараталмаса, онда бұл адам үшін хабардағы ақпаратсанынөлге тең. Ақпараттылы хабардаға ақпаратсанынөльден үлкен болады.