Сонымен, сөз адамның білімін саралау мәселесіне ауысты. Білімді саралау - өте күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселемен
«Жасандыинтелект» ғылымы айналысады. Оның басты мақсаты – адамның білімін саралау және модельдеу болып табылады.
Информатиканың базалық курсы шеңберінде білімді – декларативті(баламасы – мәлімдемелік) және процедуралық(баламасы – орындаутәртібі) деп бөлуімен шектелсе жеткілікті.
Декларативтібілімнің сипаттамасын мынадай сөздерден бастауға болады: «Меннеекенінбілемен» (орысш. – «Язнаю,что...»). Ал, процедуралықбілімнің сипаттамасын мынадай сөздерден бастауға болады: «Менқалайорындаудыбілемін» (орысш. – «Язнаю,как...»). Мұнда, осы сипаттама негізінде, оқушылар білімнің екі түріне де мысалдарды сенімді келтіре білуін талап ету қажет.
Келешекте оқушыларды компьютердің жұмысымен және құрылғыларымен таныстыру үшін білімді осылай бөлінуін алдынала(проподевтикалық) талдап алу өте қажет екенін мұғалім жақсы түсінуге тиіс.
Компьютерде адамға ұқсас ішкі– жедел және сыртқы– ұзақ уақытты жады болады. Компьютердегі ақпарат туралы сөз қозғалғанда оқушылар ондағы барлық ақпаратты – деректержәне бағдарламалардеп екіге бөлінетінін білетін болады. Яғни, деректер–декларативті, ал бағдарламалар–процедуралықақпаратқа жатқызылады.
Компьютермен адамның ақпараттық қызметі арасындағы ұқсастықты, дидактикалық тәсілмен салыстыру, оқушыларға ЭЕТ- ның жұмысы мен мағынасы тиімдірек жеткізіледі.
Ақпарат ұғымын кибернетикалық тұрғыдан анықтау
Информатика және кибернетика бір-бірімен тығыз байланысты. Кибернетиканың негізін 1940-жылдардың аяғында америка ғалымы Норберт Винер қалады. Қазіргі информатика пәнінің пайда болуында кибернетиканың рөлі орасан зор болғанымен, бүгінгі күні кибернетика информатиканың бір саласы ретінде қарастырылады.
Кибернетика күрделі машиналар, тіріағзалар, қоғамдықжүйелерменжұмыс істеуге қолайлы. Бірақ ол олардың ішкі механизмін түсінуге ұмтылмайды. Оның қарастыратыны – жүйелернемесе олардың компоненттеріарасынағы арақатынастарболып табылады. Сондықтан кибернетиканы – тіріжәне жансызжүйелерде басқару процестерінің жалпы қасиеттерін зерттейтін ғылымдеп анықтайды.
Күрделі жүйелерді сипаттауда кибернетикада «қаражәшік»моделі қолданылады. «Қаражәшік»және «кибернетикалықжүйе»терминдерін синонимдер ретінде қарастыруға болады. «Қаражәшіктің»басты сипаттамасы – кіретінжәне шығатынақпарат.
Осындай екі қара жәшікті алып қарастыратын болсақ, олардың арасындағы арақатынас ақпараттыалмастыруарқылы жүзеге асады. Кибернетикалықжүйелерарасындағыақпараткейбіртізбектісигналдартүріндетасылады. Ақпараттық алмасу барлық жерде, жан-жақта – адамдар, жануарлар,бірлесіпжұмысжасайтынтехникалыққұрылғылар,адамдарментехникалыққұрылғылар, т.с.с. арасында жүріп жатады. Осы жағдайлардың бәрінде ақпараттың табиғаты әртүрлі : акустикалық, жарықтық, графикалық, электрлік,т.б. сигналдар тізбектерімен жіберіледі.
Сонымен, кибернетикалықтұрғыдан қарастырғанда: ақпараткейбіралфавиттіңсимволдарынан(сигналдардан)тұратынтізбек.Ақпарат үғымын дәл осы тұрғыдан қарастыру ақпаратты компьютерде өңдеуге мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық процестердің үш формаларының бәрі (сақтау, тасымалдау, өңдеу) символдарменжұмыс жасауға әкеледі екен.