Г. И. Бейсенова


Информатиканың пәндiк саласының құрылымы



бет5/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Информатиканың пәндiк саласының құрылымы

Информатиканың iргелi негіздері:



  1. Теориялық информатика

  • Ақпарат материяның семантикалық қасиеті ретінде.

  • Ақпарат пен эволюция тірі және өлі табиғатта.

  • Жалпы ақпараттар теориясының бастамасы. Ақпаратты өлшеу әдістері. Макро және микроақпарат.

  • Математикалық және ақпараттық модельдер.

  • Алгоритмдер теориясы.

  • Информатикадағы стохастикалық әдістер. Есептеу экспериментi ғылыми зерттеу әдістемесі ретінде.

  • Ақпарат және білім. Интеллектуалдық үдерістер мен ақпараттық жүйелердiң семантикалық аспектілерi.

  • Жасанды интеллекттiң ақпараттық жүйелерi.

  • Бiлiмді өрнектеу әдiстерi.

  • Таным және шығармашылық ақпараттық үдеріс ретiнде.

  • Ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалау мен жасаудың әдiстерi мен теориясы.

  1. Ақпараттандыру құралдары

Техникалық құралдар
2.1. Мәлiметтердi өңдеу, бейнелеу және берудiң техникалық құралдары:

  • Дербес компьютерлер. Жұмыс станциялары. Ақпаратты енгiзу/шығару және бейнелеу құрылғылары.

  • Аудио және бейне жүйелер, мультимедиа жүйелерi.

  • ЭЕМ желiлерi. Байланыс құралдары және компьютерлiк телекоммуникациялық жүйелер.

Технологияларды программалық жүзеге асыру
2.2. Жүйелiк программалық құралдар:

  • Операциялық жүйелер мен орталар. Программалау тiлдерi және жүйелерi. Сервистiк мұқабалар, пайдаланушылар интерфейсiнiң жүйелерi. Компьютераралық байланыстардың программалық құралдары (теле қолжетімдік жүйелері), есептеу және ақпараттық орталар.

2.3. Әмбебап программалық құралдар:

  • Мәтiндiк және графикалық редакторлар. Мәлiметтер қорын басқару жүйесi. Электрондық кестелердiң процессорлары.

  • Объектiлердi, үдерістердi, жүйелердi модельдеу құралдарды.

  • Ақпараттық тiлдер және мәлiметтер мен бiлiмдi бейнелеудiң форматтары, сөздiктер, классификаторлар, тезаурустар.

  • Ақпаратты жойылудан және рұқсатсыз пайдаланудан қорғау құралдары.

2.4. Мамандыққа бағдарланған құралдар:

  • Баспаханалық жүйелер.

  • Есептесудi, жобалауды, мәлiметтердi өңдеудi (есеп беру, жоспарлау, басқару, талдау, статистикаларды және т.б.) автоматтандыру технологияларын жүзеге асыру жүйелері.

  • Жасанды интеллект жүйелерi (бiлiм қоры, сараптық жүйелер, диагностикалық, оқытатын және т.б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет