Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет111/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   250
Жыныс жүйесі 
гермафродитті, құрылысы жағынан сорғыштарға 
ұқсас, бірақ таспа құрттардың әр түрлі топтарының жыныс мүшеле- 
рінің пішіні, орналасуы, саны жағынан әр түрлі болатыны байқалады 
(мысалы, бірқатар түрлерінің жыныс тесігі құрсақ немесе арқа 
жағында ашылады, кейбір түрлерінің жыныс бездері біреу болса, 
екіншілерінде жүзден асады, т. б.).
Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысын және дамуын 
өгіз солитерін (Taeniarhynchus saginatus) алып қарастырайық. Өгіз 
солитерінің (цепенінің) кішкене басы, қысқа мойны және буындардан 
құралған ұзын 10-20 м-ге жуық денесі болады (65-сурет). Солитердің 
алдыңғы ең жас 3-4 буындары болмаса, басқа буындарының әрқай- 
сысында күшті дамыған гермафродитті жыныс жүйесі бар. Осындай 
буынды гермафродитті буын деп атайды.
Көпіршік пішінді аталық бездері паренхиманың арасында шашы­
рап орналасқан. Аталық бездерінің тұқым шығару түтіктері бірігіп 
ортақ аталық жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс (pe­
nis) мүшесіне айналып, буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоака- 
сына еніп жатады.
Аналық мүшесі тарамдалған екі аналық бездерінен құралып, 
аналық жолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан 
сарыуыз безі де ашылады. Оотиптен екі канал шығады. Біреуі кынап, 
аталық жолымен қатар созылып жыныс клоакасына ашылады, екіншісі 
буынның алдыңғы бөлігіне бағытталып тұйық бітетін жатын (65, В- 
сурет).
Жұмыртқа клеткалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерде 
қынап арқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады 
да, сарыуыз және қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға 
өтеді. Осы жерде дамуының бірінші сатысы басталады. Жатынға 
түскен жұмыртқалардың саны өте көп, сондықтан жатынның орталық 
бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, 
жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродитті буын “пісіп 
жетілген” буынға айналады. Денесінің соңғы жағындағы пісіп 
жетілген буындар үзіліп, иесінің ішегінен сыртқы ортаға шығарылып
174


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИ Ж 'Ы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет