Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет46/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   250
ПАРАЗОА - PARAZOA
Бүл топты құрайтын жәндікгердің басты ерекшелігі 
дене 
құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланбай біріне-бірі 
оңай ауыса алатындығы, ауыз тесігінің, ішегінің, тканьдерінің, 
мүшелерінің, нерв жүйесінің жоқтығы.
Паразоа тобына бір гана губкалар типі жатады.
82


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ГУБКАЛАР ТИПІ - SPONGIA НЕМЕСЕ PORIFERA
Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі 
түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін 
жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене 
пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5- 
2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. 
Жасыл түсі балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.
27-сурет .
Губкалардың жалпы көрінісі (ішкі кұрылысын көрсету үшін денесінің бір 
бөлігі кесілген). Стрелкалар су ағысының бағытын көрсетеді: А - ізбесті губка 
Leucosolenia согіасеа; Б - Sycon raphanus; В - Verongia aerophoba-нын. колониясы; 
Г - туалет губкасы Spongia officinalis; Д - бадяга Spongilla; 1 - оскулум,
2 - парагастраль қуысы, 3 - талшықты қалталар, 4 - поралар
83


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Құрылысы және 
физиологиясы. 
Губкалардың денесі сыртқы 
дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма клеткалы 
қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын 
құрылымсыз, коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең 
қуысты парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сырт- 
қы ортамен оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы 
байланысады. Губкаларға тән қасиет денесінде көптеген саңылау- 
ларының (пораларының) болуы. Осыған байланысты губкаларды 
кейде латынша Porifera ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды. 
Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль қуысына еніп, 
оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады (27-сурет).
Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын 
жалпақ клеткалардан құралған (28-сурет). Олар эпйтелидің жабындық 
қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта 
әсерлерінен қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген 
породит клеткалары да дамыған. Олар пинакоцит клеткаларының бір 
түрі. Эктодерма қабатынан энтодерма қабатына қарай созылып 
орналасқан. Әрбір породит клеткаларыныц ортасында түтікше 
болады, сол себептен пороциттер губкалардыц денесінде көптеген 
саңылауларды (пораларды) құрайды. Пороциттер жиырылып саңы- 
лаулардыц ашылып-жабылуына себепкер болады.
Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы 
клеткалардан құралган (28-сурет). Бұл клеткалардыц құрылысы 
қарапайымдылардыц талшықтылар класы, Choanoflagellata отряды 
өкілдерінің құрылысына өте ұқсас.
Хоаноцит клеткаларыныц талшықтары бір бағытта қозғалып, 
судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін камтамасыз етеді 
және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, 
бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады немесе ұсталынган 
қорек заттарды мезоглеядагы амеба тәрізді клеткаларға жеткізеді.
Губкалардыц мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар 
кездеседі. Колленциттер - жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда 
айқаса және ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, 
түйістіруші қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт 
клеткалары 
әр түрлі инелерді дамытып губканың қаңқасын 
қалыптастырады. Амебоцит клеткалары еркін қозғалатын, мезоглея- 
ға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Амебоциттердің 
бір түрі археоциттер бұлар толық дифференцияланбай резервтегі 
клеткалар болып саналады, жогарыда атап кеткен клеткаларға оңай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет