ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
генетикалық байланыстары бар екендігін де дәлелдейді. Бұл
ұқсастықтарына қарағанда сорғыштардың кірпікшелі құрттардан
шыққаны, оның ішінде тік ішекті (Rhabdocoela) турбелляриялардан
шыққаны анық. Бірақ трематодтардың тіршілік циклі паразитизмге
бейімделушілік бағытына қарай жүрген. Алғашқы кезде дигенети-
калық сорғыштардың турбелляриге ұқсас личинкалары қорғаныш
ретінде моллюскалардың сауыттарын қолданып, симбиоз ретінде
тіршілік еткен болуы мүмкін. Соның нәтижесінде олар моллюскалар
желбезегіне тіркеліп, сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғана
отырып, иесінің мүшелерін қорек қоры ретінде пайдалану бағытына
қарай жүрген. Бұл трематодтарды эволюциялық жаңа бағытпен
дамытты. Трематодтардың алғашқы филогенетикалық иесі моллюс
калар болуы тиіс. Трематодтардың арғы тектерінде еркін қозғалатын
ұрпақ сақталатындықтан, тіршілік циклінде екі жыныс ұрпақтарының
алмасуы болады (моллюскалар мен омыртқалылар). Гермафродитті
ұрпақтың паразиттік тіршілікке кеш көшуі
жалпақ кұрттарға тән
құрылыс ерекшеліктерін сақтап қалуына эсер етті (ас қорыту, зәр
шығару, жыныс, нерв жүйесін).
Достарыңызбен бөлісу: