Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет132/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   250
Классификациясы
Нематодтардың систематикасы сезім 
мүшелерінің және зәр шығару жүйесінің ерекшелігіне негізделген. 
Нематодтар класы екі класс тармағына бөлінеді: аденофореа 
Adenophorea және сецерненттер - Secementea.
АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін 
нематодтар. Кейбір түрлері өсімдіктердің, жануарлардың паразит- 
тері.
Тері сезу мүшелері - қылтаншалар, папиллалар түрінде. Папил- 
лалар нашар дамыған. Қылтаншалар құрттың бүкіл дене бойында 
орналасқан. Амфидалары жақсы жетілген, ірі, жұмыр, спираль, қалта 
тәрізді. Паразитті түрлерінде олар дамымаған. Фазмидалары жоқ. 
Теңізде тіршілік ететін кейбір түрлерінде жарық сезгіш пигментті 
дақтары (көзшелері) болады.
Зәр шығару жүйесіндегі мойын безі шомбал типті, түтікшесі 
қысқа.
Қосымша ретінде гиподермальды бүйір және терминальды 
құйрық бездері болады, соңғысынан бөлінген зат, суда қатып, құрт- 
тың субстратқа бекінуіне мүмкіндік жасайды. Бурсальды қанатша- 
лары дамымаған. Көпшілігі бүкіл денесімен тыныс алады, кутикуласы 
жұмсақ, қорғаныш қабілеті нашар.
Аденофореа класс тармағы екі отрядқа бөлінеді: хромадорида 
Chromadorida және эноплида Enoplida.
Хромадоридалар өте ұсақ, еркін тіршілік ететін құрттар, теңіз 
түбіндегі органикалық тұнбасы мен топырақта (Plectidae тұқым- 
дасынан) шіріген заттардың арасында жиі кездеседі.
Эноплидалар жыртқыштар, теңізде, тұщы суда, топырақта кең 
тараған. 
Аздаған 
түрлері 
(Mermitidae, 
Dioctophymidae,
207


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Trichocephalidae тұқымдасынан) насекомдардың, сүтқоректілердің, 
адамның паразиттері. 
Маңызды өкілдері
: Dioctophyme renale - алып 
свайнигі, Trichocephalus trichiurus түкбасты құрт, Trichinella spiralis 
- спиральды трихинелла.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет