Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Б а л а л а р о с т р и ц а с ы - E n t e r o b iu s v e r m i c u la r i s



Pdf көрінісі
бет137/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   250
Б а л а л а р о с т р и ц а с ы - E n t e r o b iu s v e r m i c u la r i s
адамның, көбінесе 
балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының 
ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, 
аналығының 
9-12мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген (80, В 
сурет). Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның 
қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар 
белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар 
оны қолымен қасыса, кейін жұмыртқаларын аузы арқылы қайтадан 
жұтуы мүмкін. Жүмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, 
қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялык 
жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне 
айналады.
Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар 
ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, 
соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилак- 
тикалық шараларды орындау денені таза ұстау, гигиенаны сақтау 
қажет.
І ш е к у г р и ц а с ы - S t r o n g y l o i d e s s t e r c o r a l i s
адамның он екі елі 
ішегінде және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі 
ұрпағы болады: біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі - еркін 
тіршілік етуші немесе топырақтық. Ішектің ішінде гермафродитті 
формасы дамиды. Ұрықтанған жүмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа 
шыгарылып, топыраққа түседі. Жұмыртқалардан екі типті личин- 
калар дамиды: бірқатары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, ересек 
күйге айналмай, бірнеше рет түлейді де су арқылы немесе тері арқылы 
адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады; қалғандары
213


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
топырақ арасында еркін тіршілік етіп, кейін аталық және аналық 
ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тірідей 
туады. Осы личинкалар су немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп 
гермафродитті құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесі 
байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет