Классификациясы.
Өрмекшітәрізділер класы көптеген отряд-
тарға бөлінеді, солардың ішінен кең тараған және маңызды отрядта-
рын қарастырамыз: құршаяндар
Scorpiones, жалған құршаяндар
Pseudoscorpiones, қылаяқтылар - Pedipalpi, пішеншілер Opiliones,
түкті бүйі немесе сольпугалар
Solifugae, өрмекшілер
Агапеі,
кенелер Асагі.
Құршаяндар отряды
Scorpiones
Құршаяндар - ұзындығы 1-20 см-ге дейін, төменгі сатыдағы
өрмекшітәрізділер. Денесі 2 негізгі бөлімнен: баскеуде және
құрсақтан тұрады. Олардың арасындағы шегі дененің арқа жағынан
айқын көрінеді. Құршаянның дене ұзындығының 1/10 бөлігі
цефалоторакс немесе баскеуде. Арқа жағынан ол карапакспен немесе
қалқаншамен жабылған. Карапакс акронның және баскеуденің
тергиттерінің қосылуынан құралған.
Баскеудедегі карапакс орталығының маңында екі медиальды көзі
және бүйір жақтарында бірнеше жұп көздері бар.
Дененің айқын сегменттелген екінші бөлімі
абдомен немесе
құрсақ, 12 сегменттен және тельсоннан тұрады. Ол екіге бөлінген:
алдыңғы құрсақ бөлімі -мезасомаға және артқы
метасомаға.
Мезасома - кең 6 сегментті. Оның алғашқы екеуі қаруланған. Метасо-
маның 6 сегменттері алғашқыларына қарағанда жіңішкелеу (117-су-
рет). Тельсонның ұшында имек, үшкір шаншары бар көбікше болады,
оның ішінде екі улы бездер орналасқан, өзегі шаншарға жалғасып,
339
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
сыртқа ашылады. Уы ұсақ жануарларға қауіпті, ал адам үшін онша
қауіпті емес, бірақ едәуір әсері бар.
Хелицералары аяқтардың алғашқы жұбы дененің бас жағында,
ауыз тесігінің алдында орналасқан. Олар үш буынды. Солардың
алғашқысы қысқа және баскеуде қалқанның астында жасырылған.
Келесі екі буындары қысқыштар, яғни екінші буыны
қысқыштың
қозғалмайтын бармағы, ал дистальды буыны қысқыштың қозғала-
тын бармағы. Екі бармақтың ішкі жақтары хитинделген тістермен
қапталған. Хелицералардың көмегімен құршаяндардың жемтігі бөл-
шектеніп, майдаланады және сыртқа көп мөлшерде ас қорыту сөлі
шығарылады. Сөйтіп жемтік ас ботқаға айналып, сорып қорытылады.
Аяқтарының екінші жұбы - педипальпалары (латынша pedes-аяқ,
раірае-сезу)
жақаяқтары, немесе аяқ қармалауыштары. Өзара
жылжымалы байланысқан, 6 буындардан тұрады. Солардың соңғы
екеуі нағыз қысқыштарға айналған. Педипалыіалардың негізгі қызметі
- сезу, жемтік ұстау, жаудан қорғану.
Баскеуденің барлық аяқтарының ішінде жүретін аяқтары біршама
біркелкі құрылысты. Олардың саны сегізден аспайды. Әрқайсысы
буындардан құралған. Жүретін аяқтардың проксимальды буыны
жамбасша (cocsa) деп аталады. Одан кейін қысқа ұршықбас
(trachanter), ал одан кейін едәуір ұзын келетін сан (femur) және сирақ
(tibia). Жүретін аяқтардың соңғы буындары башпайды құрайды (tar
sus). Оның ұшында бір немесе бірнеше тырнақшалары бар. Жүретін
аяқтарымен қатты топырақтың бетінде құршаян жылжи алады.
Құршаяндар дара жыныстылар. Аталықтардың жыныс бездері
екеу, әрқайсысы көлденең тармақтармен байланысқан екі түтікшеден
тұрады. Тұқым жолдарының да саны екеу, олардың ақырғы бөлімінде
тұқым көпіршігі және қосымша безі бар. Аналықтың жыныс аппараты
құрсақтың алдыңғы бөлігінде жататын көлденең өсінділермен өзара
байланысқан үш көлденең түтікшелерден тұрады. Солардың барлық
қабырғаларында жұмыртқа фолликулалары дамиды. Қазіргі
құршаяндардың ежелгілерден айырмашылығы аз.
Құршаяндардың 750-ге жуық түрлері бар. Олар негізінде
субтропикалық және тропикалық аймақтарда, сондай-ақ Орталық
Азияда, Қазақстанның оңтүстігінде Buthus және Euscorpius туыстың
өкілдері көбінесе шөлді құмдарда мекендейді.
Құршаяндар түнде тіршілік ететін жыртқыштар, күндіз тастар-
дың, түбірлердің, басқа жерлердегі қуыстарда паналайды. Қоректері -
көбінесе насекомдар, өрмекшілер.
3 4 0
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |