Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Айналым қорларының түсінігі мен олардың құрамы



бет7/14
Дата09.05.2023
өлшемі316,05 Kb.
#91133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

Айналым қорларының түсінігі мен олардың құрамы
Айналым қорлары – құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен қор айналымдары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорынның мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарда жинақтау үшін, жабдықтаушылармен, бюджетпен төленетін төлемдерімен есептесу үшін, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы – бұл оны құраушы элементтерінің жиынтығын құрайды.
Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы келесі суретте көрсетілген (сурет 3).

Сурет 3 – Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы


Айналым қорлары - өндіріс процесінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергияға кететін шығындар аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.
Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары деп өндірістік қорларының бір бөлігі негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі әрбір өндірістік циклда шығындалатын, және өз құнын еңбек өніміне толықтай және бірден аударатын еңбек процесіндегі мүліктік элементтер.
Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары үш бөліктен тұрады: өндірістік запастар; аяқталмаған өндіріс және өздері өндірген жартылай фабрикаттар; болашақ кезеңдер шығындары.
Өндірістік запастар - өндірістік процесті жүргізу үшін дайындалған еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер.
Аяқталмаған өндіріс пен өздері өндірген жартылай фабрикаттар

  • өндірістік процеске түскен еңбек құралдары: материалдар,

бөлшектер, бұйымдар, дайындық немесе жинау процесіндегі кәсіпорынның бір цехында өндірісі толықтай аяқталып, басқа цехында тағы да өңделетін өздері өндірген жартылай фабрикаттар.
Болашақтағы шығындар – сол кезеңде жүзеге асырылатын, бірақ болашақ кезеңдегі өнімге жататын, жаңа өнімді дайындауға, оны игеру шығындарын қамтитын айналым қорларының мүліктік емес элементтері Мысалы, бұйымның жаңа түрінің технологиясын дайындауға және оны жасақтауға (конструирование) кететін шығындар, құрал-жабдықтардың орнын ауыстырып қоюға және т.б. шығындар.
Қор айналымдары айналым сферасын қамтамасыз етеді, оған жататындар: қоймалардағы дайын өнім, жолдағы товарлар (тұтынушыларға жеткізудегі), ақша қаржылары мен өнім тұтынушыларымен есептесу қаржылары, соның ішінде көбіне дебиторлық қарыз.

Айналым қорларының айналымдылығын үдету жолдары


Айналым қорлары қалыптасу көздері бойынша жеке меншік және қарызға алынған деп бөлінеді. Жеке меншік айналым қорлары – кәсіпорын иесіндегі және жеке меншік ресурстардың (пайда) есебінен қалыптасатын қаржылар. Қарызға алынған айналым қорлары – банк несиелері, несиелік қарыздар (коммерциялық несие) және басқа да пассивтер.
Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы үшін айналым қорларына деген қажеттілікті дұрыс анықтау керек. Ұйымның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті айналым қорларының экономикалық жағынан түсініктемесі бар мөлшерін анықтау процесі айналым қорларын нормалау деп атайды. Өндірістік запастардағы, аяқталмаған өндірістегі, болашақ кезеңдегі шығындардағы, фирманың қоймаларындағы дайын өнім қалдықтарындағы айналым қорлары нормаланады, оларды нормаланатын айналым қорлары деп атайды. Айналым қорларының қалған элементтерін нормаланбайтын деп атайды.
Айналым қорларын нормалау процесінде айналым қорларының нормасы мен нормативі анықталады. Айналым қорларының нормалары – кәсіпорынның товарлы – материалды құндылықтардың ең аз запастарын сипаттайды және запас күндерімен, деталдар запасының нормасымен есептелінеді. Айналым қорларының нормативтері – айналым қорларының нормасын, осы норма көрсетілген көрсеткішке көбейту арқылы анықталады Теңгемен есептелінеді.
Айналым қорларын нормалау (Нақ) келесі қосындыларды қарастырады

Нақ = Нөз + Наө + Ндө, (3.1)





мұндағы

Нөз

-

өндірістік запастар нормативі;




Наө

-

аяқталмаған өндіріс нормативі;




Ндө

-

дайын өнім запастарының нормативі.

Кәсіпорынның айналым қорларын тиімді пайдалануын үш негізгі көрсеткіш арқылы сипаттауға болады.


Айналымдылық коэффициенті - өткізілген өнім көлемінің кәсіпорындағы айналым қорларының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады

Ка = Vөтк : АҚ орт.қалд, (3.2)





мұндағы

Ка

-

айналым қорларының айналымдылық
коэффициенті, айналым;




Vөтк

-

өткізілген өнім көлемі, теңге;




АҚ орт.қал

-

айналым қорларының орташа қалдығы,
теңге.

Айналымдылық коэффициенті нақты кезең ішінде (жыл, квартал) кәсіпорынның айналым қорларының жүзеге асыратын айналымдар санын сипаттайды немесе 1 теңге айналым қорларына шаққандағы өткізілген өнім көлемін көрсетеді. Айналымдар санының артуы 1 теңге айналым қорларына шаққандағы өндіріс көлемінің өсуіне немесе өнімнің сол көлеміне айналым қорларын аз жұмсауды көрсетеді.


Айналым қорларын толықтай жабдықтау коэффициенті айналым қорларының коэффициентіне кері көрсеткіш, 1 теңге өткізілген өнімге шығындалатын айналым қорларын сипаттайды


Кж = АҚ орт.қалд. : Vөтк, (3.3)



мұндағы

Кж

-

айналым қорларының жабдықтау
коэффициенті.

Бір айналым ұзақтығы, күнмен есептегенде, кезеңдегі күндер санының айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады

Т = К : Ка, (3.4)





мұндағы

К

-

кезеңдегі күндер саны (360, 90).

Айналым қорларының айналым ұзақтығы аз болған сайын немесе сол өткізілген өнім көлемінде жүргізілетін айналымдар саны көп болған сайын, соншалықты айналым қорларын аз қажет етеді, және толықтай айналымды тез жүргізеді, сонымен олар тиімді пайдаланылады.


Кәсіпорын кадрлары және қызметкерлер саны
Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.
"Кадрлар", "персонал", және "кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсініктері де әр түрлі. "Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы. "Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық, тұрақты) қызметкерлер құрамы.
Өнім өндірісі үрдісімен тікелей байланысты, яғни негізгі өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорын кадрларын өнеркәсіптік-өндірістік персонал деп атайды (сурет 4).
Тәжірибеде кадрлады есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады. Тізімдік сан – нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке алынады. Келгендер саны – нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.
Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.





Құжаттарды дайындауды, есепке алуды және бақылауды, шаруашылық қамсыздандыруды жүргізізетін қызметкерлер

Инженерлі- техникалық, экономикалық және т.б. жұмыстармен айналысатын қызметкерлер

Кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының лауазымындағы қызметкерлер
Сурет 4 - Кәсіпорын кадрлары (персоналы)

Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады. Кварталдағы (жылдағы) қызметкерлердің орташа тізімдік саны кәсіпорынның кварталда (жылда) жұмыс жасаған барлық айларындағы қызметкерлердің орташа санын қосып, осы қосындыны 3 (12)-ге бөлу арқылы анықтауға болады.


Кәсіпорын кадрлары тұрақты өлшем емес: бір қызметкерлер жұмыстан босатылады, ал біреулері жұмысқа қабылданады. Кәсіпорындағы қызметкерлердің қозғалысын (айналымын) сипаттайтын көрсеткіштер:

  • кадрлардың жұмыстан босатылуы бойынша айналым коэффициенті – кезең ішінде барлық жұмыстан босатылған қызметкерлер санының сол кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады;

  • кадрларды жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті – кезең ішінде жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлер санының сол кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады;

  • кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті – дәлелсіз себептер бойынша (қызметкерлердің өз тілегі, бұзақылықтары мен келмегендері үшін және т.б.) кәсіпорын жұмысынан босатылған қызметкерлердің сол кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет