Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы



бет17/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Ã. Ê. Àíäàáàåâà Ê?ñ³ïîðûí ýêîíîìèêàñû

Инновациялық кәсіпкерлік


Инновацияға қатысты кәсіпкерліктің екі моделін атап көрсетуге болады: классикалық және инновациялық.
Классикалық модель – бұл дәстүрлі, репродуктивті кәсіпкерлік. Бұл модель негізінде әрекет ететін кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын, рентабелділігін арттыру үшін оның ішкі резервтерін пайдаланады. Бұл моделдегі кәсіпкерліктің табыстылығы мемлекет және аймақтық басқару органдары тарапынан субсидия берумен, протекционизммен байланыстырылады.
Екінші модель инновациялық (өнімділік) кәсіпкерлікті сипаттайды. Мұнда кәсіпорын дамуының жаңа жолдары, соның ішінде соңғы пайдалану кезеңіне дейін жеткізілген инновация немесе жаңалықтарды қарастырады.
Жаңалық деңгейіне байланысты инновация түрлері: базисті, жақсартатын және жалған инновациялар. Базисті инновациялар ірі
жаңалықтарды жүзеге асырады және техника дамуының жаңа бағыттары мен түрлерін қалыптастырудың негізін қалайды. Жақсартатын инновациялар шағын және орташа жаңалықтарды енгізумен байланысты және ғылыми-техникалық циклдың дамуы тұрақты түрде жүргізіледі. Жалған инновациялар техника мен технологияның ескірген түрлерін жақсартуға бағытталады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі роліне байланысты инновациялар тұтынушылық және инвестициялық болып, ал күрделілік дәрежесіне байланысты (немесе масштабына байланысты) – күрделі (синтетикалық) және қарапайым инновациялар болып бөлінеді.
Инновациялардың пайда болуына байланысты екі түрі бар: реактивті және стратегиялық. Реактивті инновациялар фирманың қызмет етуіне бағытталады, бәсекелестермен жүзеге асырылатын инновациялық жаңалықтарға әсерлері ретінде қарастырылады. Стратегиялық инновациялар болашақта бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін бағытталады.
Пайдалану сипатына байланысты инновация түрлері: өнімді инновация - өнім мен қызметтің жаңа түрлерін өндіруге және оны пайдалануға бағытталады; нарықтық инновациялар - өнімді пайдаланудың жаңа сфераларын ашуды және жаңа нарықтағы өнімдер мен қызмет түрлеріне деген қажеттілікті қанағаттандырады; инновация-процестер – жаңа технологияға, процесті ұйымдастыруға және басқаруға бағытталады; әлеуметтік инновациялар – жаңа әлеуметтік құрылымдардықұруға және әрекет етуге бағытталған; кешендік инновациялар – бірнеше өзгерістер түрлерінің бірлігімен сипатталады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет