Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Симпатикалық және парасимпатикалық иннервацияның қоздыру әсерлерінің



бет48/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153

Симпатикалық және парасимпатикалық иннервацияның қоздыру әсерлерінің

салыстырмалы көрсеткіштері.





Негізгі көрсеткіштер

Симпатикалық иннервацияның қозуы

Парасимпатикалық иннервацияның қозуы

1.Көз қарашығы



Үлкейеді


Кішірейеді



2.Жүректің соғуы



Жиелейді (тахикардия)



Бәсеңдейді (брадикардия)



3.Қан қысымы



Көтеріледі



Төмендейді





4.Бронх бұлшықетінің
тонусы

Тарылады


Қеңейеді


5.Іш-шек перистальтикасы

Бәсендейді



Күшейеді

6.Сілекей,асқазан
бездерінің
секрециясы

Төмендейді

Біраз күшейеді



Холинергілік синапсқа әсер ететін дәрілер
М - холиномиметиктер
Парасимпатикалық нерв талшықтарының ұштарындағы, М - холинорецепторларды қоздырады.
Фармакологиялық әсерлері.
а)­ көздің қарашығын кішірейтеді, ішкі қысымын азайтады.
б) жүректің соғуын сиретеді, өткізгіш қабілетін азайтады.
в) қан тамырларын кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді.
г) бронх, асқазан, қуық, өт жолдарының тегіс бұлшық еттерінің тонусын жоғарлатады.
д) сілекей, асқазан бездерінің секрециясын көбейтеді.
П илокарпин гидрохлорид - Pilocarpinum hydrochloridum “А” тізімі. шығу түрі: 1% - 5 мл флаконда, 1,5 мл (тюбикте) көзге тамшы, 2 тамшыдан күніне 2 рет тамызу
Қолдануы: глаукомада, көз нервтерінің атрофиясында
Ацеклидин - Aceclidinum “A”тізімі, шығу түрі: ампула 0,2% -1 мл N10 т/астына 1мл күніне
2 рет, көз майы 3% - 10,0 түнге қарай көзге жағу
Қ олданылуы: глаукомада, жатыр, ішек, қуық атониясында тонусын жоғарлату үшін.
Жағымсыз әсері: - сілекей ағады, терлейді, іш өтеді.
Қарсы көрсеткіштері: иритте, стенокардия, демікпе, эпилепсияда, жүктілікте, асқазан қаңсырағанда.
Офтан Тимолол- Oftan Timololum, шығу түрі:, 0,5% - 5 мл. көзге
1-2 тамшыдан күніне 2 рет глаукома ауруында, еге көз қысымы қалыптанса, онда 1тамшыдан күніне 1 рет таңертең


Н - холиномиметиктер
Синокаротид аймағындағы Н-холинорецепторларды қоздырып, рефлекторлық жолмен тыныс алу орталығына әсер етеді: тыныс алу жиелейді, тереңдейді, жақсарады.
Лобелин гидрохлорид - Lobelinum hydrochloridum, шығу түрі: амп. 1% - 1 мл N10 б/етке, венаға 1 мл 1 рет
Қолдануы: көміртегімен уланғанда, тұншыққанда, жас нәрестелердің асфиксиясында.
Жағымсыз әсері: жүрек айниды, құсады, жүрек жұмысы сирейді, сіріспе болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: атеросклероз, өкпе ісігінде, ауыр жүрек ауруларында.
Ц ититон – Сytitonum, шығу түрі:ампула 0,15% - 1мл N10 венаға жаймен. Қолдануы: асфиксия, (әсіресе жас нәрестелердің) шок, коллапс, тыныс алу нашарлағанда. Венаға және бұлшықетке 0,5-1 мл. ЖБМ (жоғарғы бір мөлшер) - 1 мл, ЖТМ- 3 мл. Баларға 12айға дейін. - 0,1-0,15 мл; 2-5 жаста - 0,2-0,3 мл; 6-12 жасқа дейін 0,3-0,5 мл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет