Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет126/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   244
§39. Көрікті кесенелер
1.   Қожа ахмет Йасауи кесенесі.  «Архитек-
тура»  –  латын тілінен аударғанда «құрылыс», 
«сәулет өнері» деген мағына білдіреді. Сәулет 
өнері Қазақстанда орта ғасырларда-
ақ дамыды. Қалалар мен қоныс-
тарда кесенелер, мешіттер мен мон-
шалар салынды. Оларды жасаған 
шебер күйдірілген және шикі 
кірпішті пайдаланған. Кесене 
ішін де құлпытас қойылған. Төбесі 
күмбезбен жабылып, есігі шығыс-
қа қаратылған. Сол заманның бізге 
жеткен куәгер лері – Айша бибі мен 
Бабаша әже, Қарахан, Қожа Ахмет 
Йасауи ескерткіштері.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі – 
сәулет өнерінің ерекше үлгісі, 
бұрынғы Йасы (қазіргі Түркістан) 
қаласында орналасқан. Бұл кесене 
ислам дінінің көрнекті өкілі, дін 
уағыздаушы әрі ғұлама ақын Қожа 
Ахмет Йасауи қабірінің басына 
тұрғызылған.
Кесененің ұзындығы 65,5 м, ені 
46,5 м, биіктігі – 37,5 м. Қабырға-
лар мен күмбездер көгілдір, көк, 
ақ түсті шыны тастармен өрнек-
тел 
ген. Ал ең жоғарғы бас пор-
тал (қақпаның қасбеті) өрнексіз. 
 
Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесіндегі тайқазан


125
Кесенеге келушілер сүйекпен апталып, ою-
ланған есіктен орталық үлкен бөлмеге кіреді. 
Оның көлемі 18,5 х 18,5 м. Бөлменің ортасы-
на адам бойымен шамалас үлкен қола қазан 
қойылған. Діни мейрамдарда қазанға тамақ 
пісіріліп, адамдарға тегін таратылған. Қазан 
Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ 
 
деп аталатын мекенде құйылыпты.  
Кесенеде үлкенді-кішілі 35 бөлме бар. Қабірдің 
үстіндегі құлпытас ашық жасыл нефриттен 
жа салған. Бұл бөлме қарапайым, қабырға бұ-
рыш 
тары жартылай дөңгелек бағаналармен 
көмкерілген. Ақ қабырғалардың төменгі бөлігі 
өрнектермен безендірілген.
Кесенеде мешіт, медресе және кітапхана да 
болған. Ақ сарай және Кіші сарай деп аталатын 
бөлмелерде қазақтың атақты адамдары мен хан-
дар жерленген.
Сол кездегі шеберлер ескерткішті безендіру 
үшін қолданбалы өнердің барлық түрін қол-
данған. Ағашқа өрнек салып, сүйекпен аптаған. 
Көгілдір, көк, ақ сырлы шыны тастармен қап-
таған. Кесененің күмбезі құран аяттарымен 
өрнектелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет