145
соның атымен құндыз бөрік,
сусар бөрік, т.б. деп
аталады. Қыз бөркінің төбесіне үкі тағылып,
күміс, асыл тастармен әшекейленген.
Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Оның
күмістен құйылған төбесіне үкі тағылады, маң-
дайына жақұт қондырылады.
Екі жағынан мар-
жаннан тігіліп салпыншақ өріледі. Төбесінен
жерге дейін жібек желек жабылады. Бұл киімді
келіншек ұзатылған күннен
бастап бір жылға
дейін салтанатты жиындарда киеді.
Тымақ – төбесі төрт немесе үш бұрышты
киізден
құралған, шошақ болып келеді. Маң-
дайы мен құлақшасының ішкі жағы түлкі те-
рісінен тігіледі. Сырты мақпал, пүліш сияқты
маталармен қапталады.
Достарыңызбен бөлісу: