4. зиялы қауымды қудалау. 1924 жылы
В.И. Ленин қайтыс болғаннан кейін КСРО мем-
лекетінің басына келген И. В. Сталин 30-жылда-
ры жаппай жазалау, қуғын-сүргін (репрес-
сия) ұйымдастырды. Өз халқының азаттығы
мен егемендігі үшін күрескен, оқыған саналы
аза
маттар сталиндік жазалау шара
ларынан
зардап шекті. Әлихан Бөкейханұлы, Ах-
мет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жү-
сіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы,
Мұхаметжан Тынышбаев, Әбдірахман Әйтиев,
Сақыпкерей Арғыншиев, Тұрар Рысқұлов,
Смағұл Сәдуақасов және басқалар 1937 жылы
жазықсыз жазаға ұшырады. Қазақ әдебиетінің
көрнекті өкілдері – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет
Майлин, Iлияс Жансүгіров, т.б. сталиндік зұл-
матта қаза тапты. Көптеген адамдар жер ауда-
рылды, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамалды,
түрмелерде азап шекті, атылды.
Қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері мен
бала-шағасы да азап шекті. Еліміз егемендік
алғаннан кейін ғана сталиндік зұлмат құр-
бандары ақталды. Оларды мәңгі есте қалдыру
үшін қалалар мен ауылдарда ескерткіш қойыл-
ды.
1992 жылдан бастап 31 мамыр – «Саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні ата-
лып, республика жұртшылығы ұлттық қаралы
күн ретінде қуғын-сүргін құрбандарын еске
алып отырады.
Алғашқы бесжылдықта Қазақстан қандай жетістіктерге жетті?
Өнеркәсіп қалай дамыды?
Қазақ өнерінде қандай жетістіктер болды?
ҚазКСР-і құрылуы туралы әңгімеле.
Жазықсыз жазаланған қуғын-сүргін құрбандары туралы не білесің? Тұрар Рысқұлов «Сталинге хат» тұрар рысқұлов (1894–
1937) – көрнекті қоғам жә-
не мемлекет қайрат кері.
1926 жылдан 1937 жыл-
дың мамыр айына де
йін
11 жыл РКФСР Ха
лық
Ко миссарлары Кеңе сі төр-
ағасының орынбасары
қыз ме тін атқарды. Түркі-
сіб темір жолын салу
жө ніндегі
мемлекеттік
ко мис сияның төрағасы бо-
лып, орталықтан қажетті
қар жы, техника бөлдірді.
1929–1932 жылдары Қа-
зақстанда ауыл шаруа шы-
лығын
ұжым дас ты руда
кет кен
кем ші лік тер дің
зар даптары, ел дегі аштық,
ха
лықтың қасіреті тура-
лы 1933 жы лы Сталинге
екі рет хат жазған.