термин сӨзДер
а
ғартушы – озық идеялар мен білімді таратушы қоғам
қайраткері.
азаттық – парсы сөзі, «ерікті», «еркін» деген мағынаны
білдіреді. Азаттық – еркіндік, тәуелсіздік.
азаттық қозғалысы – белгілі бір билік тәртібіне
наразылық білдіру түрі.
айтыс – топ алдында қолма-қол суырып салып айты-
латын ақындардың жыр сайысы.
ақсүйек – Шыңғысхан әулетіне жататын төрелер, тай-
па мен ру көсемдері.
ақын – өлең жазатын, домбырамен жыр айтатын
адам.
архитектура – үй салу және оны әрлеу өнері (сәулет
өнері).
ата мұрасы – әкеден балаға қалған мал-мүлік, жер,
байлық, рухани қазына.
атамекен – туған жер, Отан ұғымының баламасы.
аумақ – мемлекеттің маңызды тұрақты ресурсы.
Мемлекеттік аумаққа жер беті, ішкі сулары, ауа
кеңістігі мен жер қойнауы жатады.
ә
Достарыңызбен бөлісу: |