е гемендік – мемлекеттің сыртқы саясатта толық
тәуелсіздігі және елдің ішкі саясатында
мемлекеттік биліктің барлығынан жоғары болуы.
ел – «ұлыс» ұғымы сияқты мемлекетті, сонымен бірге
мемлекет халқын білдіреді.
Ж айлау – көшпелі қазақ халқының жазғы қонысы.
Жарғы – қазақ қоғамында әкімшілік заңдарының
жинағы.
Жырау, жыршы – аңыз-жырларды жырлайтын және
жанынан шығаратын адам.
з аң – мемлекет белгілеген, ерекше заңдылық күші бар
ереже.
зекет – малдан алынатын салық.
и мператор – әмірші, тежеусіз өкімет билігіндегі бас-
шы.
К еруен – алыс жерге жүк тасуға арналған көлік
тізбегі.
Керуен жолы – керуен қатынайтын жол.
Киіз үй – киізден жасалған көшпенділер баспанасы.
Көсем – белгілі бір әлеуметтік топтың саяси жетекшісі,
дем берушісі.
Көшпенді – мал-мүлкі, киіз үйімен бір орыннан екінші
орынға көшіп жүретін адамдар.