Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет79/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§25. Қазақстанның 
ортағасырлық қалалары
1.   ортағасырлық қаланың құрылысы. Қа-
зақ жеріндегі алғашқы қалалар Оңтүстікте, Же-
тісу өңірінде және Орталық Қазақстанда пайда  
болды. Қалалар қолөнер, айырбас пен сауданың 
дамуына байланысты қалыптасты.
Әр қаланың өз билеушісі болған. Қалалардың 
көпшілігі бір-бірінен тәуелсіз өмір сүрді, бар-
лығы мемлекет билеушісі – қағанға бағынды.
Қалада су құбыры жүргізілген, мешіт-
медреселер, ел билеушілеріне арналған үйлер 
тұрғызылған. Қала үш бөліктен тұрған: 
1)  Цитадель  (орда) – қаланың қамалмен 
қоршалған бекіністі орталық бөлігі. Онда патша 
сарайы және әкімшілік басқару орындары, қала 
билеу шісінің үйлері орналасқан. 
2)  Шахристан  – билеушілер, ақсүйектер, 
діни қызметкерлер және қаланың бай халқы 
мен қолөнершілері тұр ған бөлік. 
3) Рабат – қолөнер шеберханалары орналас-
қан жұмысшы қала бөлігі.
Қаладағы аса маңызды кәсіптің бірі – темір 
ұсталығы болды. Олар кен өндіріп, түрлі 
бұйымдар: ыдыс-аяқ, шырағдан және асыл ме-
талдан зергерлік бұйымдар жасаған. Іскерлік 
кәсібі дамыды, тас қашау, сүйек пен мүйіз өңдеу 
ісі кең тарады. Талғар қаласында жүргізілген 
қазба кезінде сүйектен жасалған шахмат фигу-
ралары табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет