4
өнері, ескерткіштері, әдет-ғұрыптары мен
тұрмыс-тір шілігінен мағлұмат аласың.
«XX ғасырдағы Қазақстан» атты төртін-
ші бө лімде Кеңес өкіметі жыл да рын дағы
Қа зақстан, Ұлы Отан соғы сын дағы қа зақ -
стан дықтардың ерлігі баян дала ды. Мә-
дениет пен ғылымның дамуына үлес қос-
қан қай раткерлер, алғашқы ғарыш керлер,
т.б. туралы мәліметтер кел тірілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тура-
лы
«Тәуелсіз Қазақстан» бөлімінен оқып
білесің.
Оқулық құрылымы: мәтін, сұрақтар мен
тапсырмалар, карталар, иллюстрациялар,
қосымша мәтіндерден тұрады.
Оқулық бөлімдерге, бөлімдер пара-
графтарға, ал
параграфтар тақырыптарға
бөлінген. Әр пара
граф
тың соңында сұ-
рақтар мен тапсырмалар, қажет жерінде
«Білімпаздар үшін» деп аталатын қосым-
ша мәтін берілген. Әр бөлімнің соңында
пысықтауға арнал
ған сұрақ
тар мен тап-
сырмалар беріледі.
Сабақты қалай
әзірлеу қажеттігі жайлы
оқу шыларға төмендегі дей кеңес береміз.
Жаднама:
1. Үйге берілген сабақты асықпай түгел
оқып шығып, мазмұнын түсінуге ты-
рыс.
2. Тапсырмалар мен сұрақтарға жауап
дайын да.
3. Оқулықпен жұмыс істеуде қара әріп -
пен жазылған терминдер мен ұғым-
5
дарға, сандық мәліметтерге, даталарға,
адам аттарына назар аудар.
4.
Иллюстрацияларға, суреттерге мұ-
қият қара.
5.
Оқулықтың
карталарын зер сала
оқы. Географиялық атауларды, ше-
караларды, оқиға болған жерлерді,
тарихи ескерткіштерді және басқа
объектілерді табуды үйрен.
6. Хронологияны (даталарды) білу тарих-
ты түсіну үшін айрықша маңызды.
Адамның аты-жөнінен кейін жақша
ішінде сол адамның туған және
қайтыс болған жылы беріледі. Мыса-
лы, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–
1551)
дегенді оқығанда, сол кісінің
1499 жылы дүниеге келіп, 1551 жылы
қайтыс болғанын білеміз.
7. Оқулықтың мәтінін жақсы ұғып алу
керек, оны жаттаудың керегі жоқ.
Оқы
ған тақырыптың мазмұнын өз
сөзің
мен айтып беруге үйрен
генің
дұрыс.
Кітап – халықтың мәдени игілігі.
Оқулық – білім көзі,
адал дос, көмекші,
ақыл
шы. Кітапқа деген сүйіспеншілік,
оған ұқыпты қарау ғасырлар бойы қа-
лыптасты. Ол сенің қолыңда, жас дос.
Оның өмірін ұзарту, өз орның
ды баса-
тын жеткіншектерге жыртыл
маған, ши-
майланбаған, таза күйінде
табыс ету саған
байланысты. Сондықтан оны құрметтей
білейік, күтіп ұстайық!