209
Сарайшық қаласы Қазақстан жерінде моң-
ғолдар құрған Алтын Орда мемлекетінің (бұл
мемлекет туралы кейінгі сыныптарда оқып-
білесің) рухани орталығы болды. Ол
Ұлы
Жібек жолының бойында жатқан үлкен сауда
орталықтарының бірі. Қалада қолөнер дамып,
тамаша ғимараттар: мешіт, кесене, монша, ке-
руен сарай салынған. Мыс ақша, кейіннен күміс
теңгелер де жа салған.
Сарайшық Қасым ханның тұсында Қазақ
хандығының астанасы болған. Сарайшық қа-
ласында жүргізілген
қазба жұмыстары кезінде
шұңғыл табақ, тостаған, жайпақ табақ, құмыра
мен қыш ыдыстар табылды.Қыш ыдыстар оюла-
нып, бедерленіп, ақ,
көгілдір, жасыл, сарғыш
қоңыр және түссіз шыңылтырмен қапталған.
Тіпті алтын жалатылған керамика да кездесті.
Ыдыстар гүл түріндегі өсімдік, жапырақтар-
мен және жануарлар бейнесімен өрнектелген.
Толқынды сызықтармен, құс және балық су-
реттерімен безендірілген. Сонымен қатар Хо-
резм, Самарқан және Иран елінде соғылған
бірқатар теңгелер табылған.
Бұның өзі қалада
сауданың жақсы дамығанын көрсетеді.
Сарайшық қаласында Алтын Орданың кей-
бір хандары мен белгілі адамдары жерленген.
Қазір Сарайшық қаласы орнында көне қаланың
ұлылығы мен көркемдігін дәлелдейтін музей
салынған. Бірақ Орал өзенінің арнасы жыл са-
йын құлап, мәдени қабаттары біртіндеп жо-
йылуда. Сарайшықтың мәдени мұраларын жас
ұрпақ үшін сақтап қалу маңызды міндет болып
отыр.
Туған жер жайлы
жинақталған мәліметтер
біздің өлке тарихы туралы білімімізді ке-
ңей
теді. Өлке тарихын оқып-үйрену – өзіміз
тұратын өңірдегі халықтардың салт-дәстүрін
құрметтеуге, ана тілімізді жақсы меңгеруге,
мәдени ескерткіштерін
қорғауға және оларға
қамқорлық жасауымызға көмектеседі. Тари-
хи көне мәдениет ескерткіштері – біздің ата-
бабамыздан қалған асыл мұра.
Достарыңызбен бөлісу: