§68. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсын қайталау мен білемін... Тарих – түрлі халықтар мен адамдардың
тіршілігін, өткені мен бүгінгі өмірін және ке-
лешегі қандай болатынын зерттейтін ғылым.
Біздің еліміздің тарихы «Қазақстан тари- хы» деп аталады. «Қазақстан тарихынан әң-
гімелер» еліміздің тарихындағы сонау ерте за-
маннан бүгінгі күнге дейінгі болған аса маңыз-
ды оқиғаларды баяндайды. Ол дүниежүзі ха-
лықтары тарихының бір бөлігі.
Қазақстан әлемдегі 189 елдің ішінде жер
көлемі жағынан тоғызыншы орын алады.
Отан – әр адамның туып-өскен жері. Адам
Отанында туған-туысқандарымен, жол дас та-
рымен, жақындарымен тұрады. Біз дің Отаны-
мыз – Қазақстан Республикасы.
Қазақстанда 16 миллионнан астам адам тұ-
рады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа, 159 ау-
данға бөлінеді. Елімізде республикалық бағы-
ныстағы 2 қала (Астана, Алматы), облыстық
дәрежедегі 84 қала, 200-ден аса қала типті кент
бар.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта Орталық Азия мен
Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін сақ тайпа- лары мекендеген.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта ғұн тайпалары қа-
лып
тасып, б.з. 3-ғасырдың аяғына қарай
қуатты мемлекетін құрды. Ғұндар – түркі тай-
па ларының арғы атасы.
552-жылы түрік тайпалары бірігіп, Түрік
қа ғанатын құрды. Бумын қаған түрік мемлекеті-
нің негізін қалады.
Моңғолдар 1218–1224 жылдары Қазақстан
мен Орта Азияны түгел бағындырды.