214
1927 жылы басталған Түркісіб
темір жолы
1931 жылы қаңтарда пайдалануға берілді.
Ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру
салдарынан 1 миллионнан астам қазақтар ше-
телге ауып кетуге мәжбүр болды. 1931–1932 жыл-
дары аштықтан 2,1 миллион адам қырыл ды.
1937–1938 жылдары Алаш қозғалысының
қайраткерлері, кеңес өкіметін орнатуға атса-
лысқандар, қазақ әдебиеті мен ғылымының
белгілі өкілдері т.б. жазықсыз жазаланып,
қуғын-сүргінге ұшырады.
1941 жылы 22 маусым күні фашистік Гер-
мания КСРО аумағына басып кірді. 1941–1945
жылдары басқыншыларға қарсы
Ұлы Отан
соғысы болды. Қазақстандықтар майдан-
да, тылда, партизандар құрамасы сапында
ерлікпен
шайқа сып, Ұлы жеңіске өз үлестерін
қосты. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Ба-
тыры атағын алды. Оның 98-і қазақ. Ұшқыш
батырлар Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов,
С. Луганский – екі мәрте Кеңес Одағының Ба-
тыры атанды. Қазақ қыздары М. Мәметова мен
Ә. Мол дағұлова Кеңес Одағының Ба тыры атан-
ды. Соғыс жылдарында
экономиканы соғысқа
бейімдеу мақсатында ғалым
дар мен мәдениет
саласының қызметкерлері де аянбай еңбек етті.
Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орындарын
зерттеу ісінде зор еңбек сіңірді.
1954 жылы
тың және тыңайған жерлерді
игеру басталды.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Қазақстан Республикасының заңы
жарияланды. Осы күннен бастап еліміз ешкімге
тәуелді емес, өз алдына дербес мемлекет ретінде
өмір сүріп келеді. 16 желтоқсан –
Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік күні.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сә -
уірінде Н.Ә.
Назарбаевты ҚазКСР-інің тұң-
ғыш Президенті етіп сайлады. 1991 жылдың
Мен неміспін, 1950 жы-
лы дүниеге келдім. Мек-
тепте оқыдым, әскери
қыз
мет атқардым, кешкі
мектепті, кейіннен инс-
ти
тутты бітірдім. Аға
про
раб болып жұмыс іс-
те
дім. Менің неміс еке-
німе қарамай, маған ірі
ұйымдарға бас ин
же-
нердің қызметі екі рет
ұсы
нылды. Бірақ мен
дағ дылы
жұмысымнан
кет
кім келмеді.
Сонда
бізді, яғни немістерді ең-
бек
сүйгіштігіміз бен ше-
берлігіміз, адал ды ғымыз
үшін құр меттейді. Бұған
өз басым куә, ата-анамның
өмірі дәлел.
Ұлттық негізде менің
бабаларыма ешқандай да
қысымшылық
көр се тіл-
ген жоқ. Олар мектепте де,
спортта да алдыңғы сапта
жүрді. Мен жұмыс істеген
тресте басқарушы да, бас
инженер де немістер еді.
Жоқ, мен Отаным туралы
ешқашан жаман сөз айта
алмаймын.
Лисаков қаласының
бұрынғы тұрғыны, қазір
Германия азаматы
Александр Штерцердің
«Жерлестер» деп
аталатын неміс
газетінде жарияланған
хатынан,
1997 жыл.
215
10 желтоқсанынан бастап Н.Ә.
Назарбаев –
Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін
ең алғаш Түркия, АҚШ, Иран, Пәкстан, Қы тай,
Канада, Швейцария т.б. мемлекеттер мойын-
дады.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республи-
касы БҰҰ-ның мүшелігіне өтті.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Рес пуб-
ликасының Жоғарғы Кеңесі Қазақ станның ал-
ғашқы Конституциясын қабылдады. 1995 жы-
лы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды.
Конституция – негізгі заң, еліміздің басты
құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен бос-
тандықтарымыз туралы негізгі құжат. Кон-
ституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Әрбір
Қазақстан азаматы өз елінің Конституциясын
жақсы білуі тиіс. Қазақстан Республикасының
азаматы болу – зор құрмет.
1992 жылы Қазақстан Республикасының
Мем лекеттік рәміздері – Туы,
Гербі және Гим-
ні қабылданды. 2006 жылғы 7 қаң
тар
да Қа-
зақ
стан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің
жаңа редакциясы бекітілді.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің жарлығымен Ақмола қаласы астана
болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда
Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола
қаласын
Астана деп өзгертуге жарлық шықты.
Елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ-
станда 16 миллионнан астам халық тұрады.
Онда 130-дай ұлттар мен ұлыстар мекендейді.
Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген
мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Рес-
публиканың шетелдермен дипломатиялық, эко-
номикалық және мәдени байланысы жылдан-
жылға нығаюда.
Достарыңызбен бөлісу: