96
ұқыптылығы бойынша келушілер мейрамхана және қонақ үйде жалпы қызмет
көрсету мәдениеті деңгейі туралы пікір құрайды.
Адамның эстетикалық белсенділігі оның даму, білім деңгейін айқындайды.
Тамақтану кәсіпорны жұмысшыларының қызметі олардың этикалық
мәдениетінің айнасы болады. Аспазшы, кондитер, даяшы жоғары этикалық
мәдениетті адам болу керек, ол коллегалармен және клиенттермен сөйлесуде,
сыртқы түрінде, әдемілікті түсінуде және сезуде, оны тудыруда көрінеді.
Даяшы, бармен жұмыс барысында әртүрлі кәсіби тәсілдерді қолданып, қызмет
көрсету ережелерін дәл қадағалау керек. Мысалы, ерекшелікпен подносты
ұстау, бокалдарды,
бөтелкелерді ұстау, тәрелкеде әдемілеп тағамды салу, -
осының барлығы өз ісінің шеберін қалыптастырады, ал оның еңбегі адамдармен
эстетикалық қанағаттанумен қабылданады.
Мейрамхана, бар, кафе жұмысшысы тартымды және сырттай көрнекті
болу керек, себебі адам туралы бірінші әсер оның сыртқы түрі (физикалық
мәліметтері, костюм, шашы, манералары) бойынша қалыптасады. Өндірістік
киім әдемі, рационалды, мода талаптарына сай болу керек. Бұйндай киімде
адам өзін сенімді сезінеді, оның қимылдары дәл, нақты болады.
Әдемі және рационалды киім – бұл уақыт талабы. Ол жұмыста
ыңғайлылық тудырады, жұмыс орнын тазалық пен тәртіпте ұстауға, адамның өз
манераларын басқаруға ықпал етеді.
Аяқ-киімге де көп көңіл бөлу керек. Бөлмеде үй тәпішкесін, кроссовка,
кеда және өте ашық жеңіл аяқ киім киюге болмайды, бұл эстетикалы емес және
де денсаулыққа да зиянды: бұндай аяқ киімде ұзақ уақыт жүргенде
жалпақ
табан, тромб түзілуіне, қан айналымының бұзылуына алып келеді.
Жылтырлатылған аяқ-киім ыңғайлы, көрнекті және жұмыс жағдайына сай
келу керек. Ортопедтердің зерттеулері бойынша ең ыңғайлы аяқ-киім кішігірім
және орташа тақадағы , толық аяқты жабатын аяқ-киім саналады.
Кафе, мейрамхана, бар жұмысшыларының шашы ұқыпты, көзге түспейтін
болу керек. Ұзын шаштарды жинау керек, оларды жайып жүруге болмайды,
себебі олар гигиеналы емес және жұмыс істеуде кедергі жасайды. Даяшылар
шаштары кәсіпорын стиліне, безендірілуіне сәйкес бас киімдер кию мүмкін.
Өз қолдарына да мұқият көңіл бөлу керек. Олар өте таза, тырнақтары
алынған болу керек, егер тырнаққа лак жабылса, оның түсі ашық,
көзге
түспейтін болу керек.
Кафеде, мейрамханада, барда даяшылар ме бармендерге әтір себуге, темекі
шегуге ұсынылмайды, себебі тамақ өнімдері иістерді жұту қабілеті бар.
Сыртқы түр – адамның мінезінің сипаты, оның эстетикалық талғамының
көрінісі.
Байланыс аймағы жұмысшысы аяқ киімі киіміне сай келіп, түсі мен стилі
бойынша үйлесу керек. Аяқ киім ыңғайлы болу тиіс. Байланыс аймағы
жұмысшысыға (барменге, метрдотельге) төмен немесе орташа тақадағы аяқ
киім киген жөн. Байланыс аймағы жұмысшысының күнделікті сәндеп алынған
шашы ұқыпты болу керек. Шашты жайып жүруге, көзді жабатын кекіл қоюға
және т.б. болмайды.
97
Байланыс аймағы жұмысшысының қолы әрқашан таза,
тырнағы алынған
болу керек. Косметика мен парфюмерия жеткілікті мөлшерде қолданылуы тиіс.
Қызмет көрсету аймақтарында байланыс аймағы жұмысшысы келбеті
дұрыс болу керек. Басы төмен қарап, бүгіліп жүрген адам қоршаған адамдарға
теріс әсер етеді.
Байланыс аймағы жұмысшысының сыртқы түрінде үлкен рөлді өзінөзі
ұстау әдеті алады. Жақсы әдеттер келушілерге оң әсер етеді. Келушілермен
сөйлесу кезінде қолдарын қарау, үстел үстін тоқылдату, тырнағын тазалап тұру,
басын қасу әдепсіздікке жатады. Келушілермен сөйлескенде басқа жаққа емес,
келушіге қарап тұру керек.
Мимика мен ымдары – сыртқы түрдің басты құрамдас бөліктері. Ымдары
айқын және ұстамды болу керек. Сөйлеу кезінде қолды сермеу, бас пен иықты
жалшылдатып қозғау байланыс аймағы жұмысшысының төмен мәдениетін
көрсетеді. Байланыс аймағы жұмысшысы ақ көңіл жылы шырайлы күлімдеп
тұру керек.
Даяшының ксіби этикеті. Клиенттер мен қызмет көрсетілетін персонал
арасындағы қатынастардың негізгі принципі үй иесі мен қонақ арасындағы
қатынас принципіне негізделу керек. Принцип негізінде сыйластық, құрмен
көрсету жатады.
Қонаққа сыйластық, құрмет, көңіл бөліну керек. Клиент
тамақтану кәсіпорнында уақытын қалай өткізетіні, онда қандай әсер алатыны
кәсіпорын коллективіне байланысты. Клиент жұмысшылардын іскерлікті, көңіл
бөлуді, ықыластықты күтеді. Кәсіби этика – кәсіби қызетті орындаумен
байланысты адамгершілік талаптары.
Қызмет көрсету барысында кәсіби этиканы білу міндетті. Адам тамақтану
кәсіпорнына кірген кезде озін құрметті, күткен қонақ ретінде сезіну керек.
Бұнда аспазшылар, метрдотель, даяшы үлкен рөл атқарады. Олардан кәсіпорын
репутациясы тәуелді.
Мейрамханада ерекше орынды даяшы алады. Ол сыйлы үй иесі ретінде
еркін жылы атмосфера құрып, қонақтың жақсы көңіл күйін
қалыптастыру
керек.
Кез-келген тұтынушыға қатысты даяшы үлкен немесе кіші тапсырыс
жасалғанына қарамастан барлық қонақтарға бірдей көңіл бөлу керек.Қарт
адамдарға, мүгедектерге, физикалық кемшіліктері бар адамдарға шыдамдылық
таныта білу керек. Жақсы даяшы көп күттірмейді, қашан бару қажеттілігін өзі
байқап тұрады. Тұтынушы тағам таңдауда қиындық тудырса, даяшы тақтикалы
түрде сұрап, тағамдардың нақты сипаттамасын беріп, бірнеше тағамдарды
таңдауға ұсыну керек.