Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ



Pdf көрінісі
бет64/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ 
 
Мейрамхана және қонақ үй сервисінің ұйымдастырушылық сервисі 
деп Мейрамхана және қонақ үй қонақтарына қызмет көрсету үрдісінің ең 
жоғарғы қазіргі заманғы даму деңгейін айтады. 
 
7.1. Қонақ үй-туристік кешен сервисінің орналастыру құралдары
туралы түсінік 
Қонақ үй-туристік кешен сервисі өз құрамында әртүрлі қызметтер 
көрсетеді, соның ішінде клиенттерді орналастыру қызметін атқарады. 
Орналастыру құралы адамдардың уақытша тұруына арналған кез-келген 
объект болып табылады. Біздің еліміздегі әрекеттегі стандарттарға сәйкес 
коллективті 
орналастыру 
құралдарына 
қонақ 
үйлер, 
мотелдер, 
пансионаттар,тұруға болатын клубтар, жихаздармен жабдықталған бөлмелер 
жатақханаға жатады. Сонымен қатар арнайы орналастыру орындары: 
профилакторий, демалыс үйлері; туристік және спорт базалары: демалыс 
базалары; туристік приюттармен тұрақтар, аңшы (балықшы) үйлері; конгресс-
орталықтар; 
кемпигтер: 
ботельдер; 
флотельдер; 
ротельдер 
болып 
ажыратылады. 
Бүкіләлемдік туристік ұйым ұсыныстарына сәйкес қонақ үй қызметтерін 
тұтынушыдан байланысты отельдердің келесі типтері ажыратылады: 
«Люкс» класс отель - 400-ден 200-ге дейін нөмерлері болады, қала ішінде 
орналасады арнайы оқытылған персоналмен кең кең қызметтер ұсынады, тұру 
бағасы-орташадан жоғары; 
Орташа деңгейлі отель тұтынушылардың кең ауқымына бағытталған, әр 
түрлі нөмерлер мөлшері болады. Жоғары сапалы қызмет ұсына отырып, 
қолдану шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретін кәзіргі заманғы 
технологияларды қолдану есебінен бағалардың орташа деңгейін ұстайды. 
Апарамент-отель - 100ден 400-дейін нөмерлері болады,ұзақ мерзімге 
тоқтайтын қонақтарға арналған. Тұру жағдайлары жиһаздармен жабдықталған 
бөлмелерге ұқсас, бірақ қызмет көрсету деңгейі әртүрлі болуы мүмкін, соған 
байланысты құны да анықталады. 
Үнемді класс отелі - нөмерлер саны 10-нан 50 –дейін, қала ішінде 
орналасады, кішігірім персонал штаты, жақсы жабдықталған нөмерлер қоры 
бар, бірақ тамақтану қызметтерін ұсынбайды; 
Мотель 

автокөлікпен саяхатта жүрген туристерге арналған; 
автотрассалар бойында орналасады, төмен бағамен 150-400дейін нөмерлері бар; 
Курорттық қонақ үй - қаладан тыс, көркем жерде, су тоғандары жанында 
орналасады. 100-ден 500дейін нөмерлері болады, қызметтердің толық 
жиынтығын ұсынады, спорт жабдықтарымен, бассейнмен және т.б. 
жабдықталғанғ бағасы орта деңгейден жоғары, демалушылардың әртүрлі 
категориясы үшін дифференцияланған. 


99 
Таймшер - тұрақты тұруға арналған қонақ үй, 50-ден 200дейін нөмерлері 
немесе жеке құрылымдары бар. Квартира типті нөмерлері, тұру жағдайлары 
курорттық қонақ уйге ұқсас. Жеке квартиралар жеке иелерге белгілі – бір 
біршама ұзақ уақытқа сатылады. Таймшер бағасы тұру маусымы мен уақытына 
байланысты. 
Біздің елімізде тағайындалуына байланысты қонақ үй типті орналастыру 
құралдары ретінде қарастырылып, транзитті қонақ үйлер және мақсатты 
тағайындалған қонақ үйлер болып бөлінеді. 
Іскерлікке тағайындалған қонақ үйлер келесі талаптарға жауап беру керек; 
қаланың, әкімшілік, қоғамдық және іскерлік орталықтар жанында орналасуы; 
бір орынды нөмерлердің көп болуы; нөмерде міндетті түрде жұмыс аймағы 
жазу үстелі, жұмыс креслосы, оргтехника, жарықтандыру жазу құралдары
заманауи коммуникациялар ұйымдастырылуы; нөмерлерді сыртқы ортадан 
максималды оқшалау; сөйлесулер семинарлар, конференцфялар жүргізу үшін 
арнайы бөлмелердің болуы; бизнес орталық; қаржылық сервис қызметі. 
Демалуға арналған қонақ үйлер курорттық, туристік, тұрақты қонақ 
үйлерден тұрады. Демалуға арналған қонақ үйлерге қойылатын талаптар; қала 
орталықтарынан алыс когалдандырылған массивтеп ішінде орналасуы; 
демалуға және спортпен айналасуға арналған территорияның болуы; балаларға 
арналған алаң, ойнау және ойын-сауық орындарының болуы. 
Әрбір қонақ үй типінде өзіндік ерекшеліктері бар. Курорттық қонақ 
үйлерде емдік-медициналық және сауықтыру орталықтары болу қажет. 
Емдәмдік тамақтану ұсыну керек. Тұрақты қонақ үйлер негізіне отбасылық 
демалуға арналған, сондықтан әр-түрлі жастағы балалармен демалу жағдайын 
қамтамасыз ету керек, персонал штатында тәрбиешілер, балаға қараушылар 
және т.б. болу керек, тұрғылықты нөмерлерді біріктіру жүйесі қарастырылу 
керек. Туристік қонақ үйлер экскурсия жетекшілері, спорт инструкторы 
қызметін ұсыну керек, белсенді демалысты ұйымдастыру керек, туристік 
маршруттар, спорт саймандарын жалға беру және т.б. 
Халықаралық тәжірбиеде ыңғайлылық деңгейі бойынша қонақ үйлерді 
жіктеу кең қолданылады. Оның ішінде Франция, Австрия, Венгрия, Германия, 
Ресей, Египет және халықаралық туристік алмасуға қатысатын басқа елдер де 
қолданылатын жұлдыздар жүйесі; Грецияда қолданылатын әріптер жүйесі;
Ұлыбританияға тән «Тәж» немесе «Кілт» жүйесі разрядтар жүйесі және т.б. 
Кең тарағаны барлық қонақ үйлерді ыңғайлылық дейгейі барынша шартты 
түрде жұлдызбен белгіленетін категорияға болу болып табылады. 
Жоғары категориялы- төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер нөмерлері кең, 
жоғары сапалы жихаздары мен жабдықтары бар, екі үш жұлдызды 
категориялы қонақ үйлерге қараған да кең таңдаулы қызмет ұсынады. 
Грецияда отельдерді жіктеуде әріптік жүйе қолданылады. Барлық қонақ 
үйлерді 4-категорияға бөледі: А,В,С,Д А- категориялы қонақ үйлер 4-
жұлдызды; В-үш жұлдызды; С-екі жұлдызды деңгейге сәйкес келеді. Грецияда 
жоғары класс қонақ үйлерге «de luxe» категориясы беріледі 
Ұлыбританияда қонақ үйлердің жіктелуі өте күрделі. Фасадта бейнеленге,н 


100 
тәж отель категориясын корсетеді, «Жұлдыз» жүйесі бойынша 5-жұлдызды 
отель категориясына алты тәж сәйке келеді. Осы жүйемен отель категориясына 
алты тәж сәйкес келеді. Осы жұлдызды отель категорияысын алты тәж сәйкес 
келеді. Осы жүйемен қатар британ турагенттілік Ассоциациясы ұсынған жіктеу 
қолданылады. 
Бюджетті қонақ үйлер (1-жұлдыз)- қаланың орталық бөлігінде орналасады, 
минимум жағдайы бар жәнетамақтанумен қамтамасыз етпейді; 
Туристік класс қонақ үйлер (2-жұлдыз)- бармен рестораны бар; 
Орташа класс қонақ үйлер (3-жұлдыз)- қызмет көрсету деңгейі мен тұру 
жағдайлары жеткілікті жоғары ; 
Бірінші класс қонақ үйлер (4-жұлдыз)- тұрудың жоғары сапасы және өте 
жақсы қызмет көрсету деңгейі; 
Жоғары категориялы қонақ үйлер (5-жұлдыз)- тұру және қызмет көрсету 
деңгейі экстракласс деңгейіне сәйкес. 
Италияда қабылдаған нормаға сәйкес қонақ үйлер үш категорияға 
дифференцияланады. Италия қонақ үйлерінің ерекшелігі- олардың кішкентай 
өлшемі. 
Сонымен қатар Италияда категория бойынша орналастыру құралдарының 
грациясы бар. 1-ден 5 жұлдызға дейін 5 категориялы қонақ үйлер; қонақ үй типі 
үйлер, апараменттер, бунгало және т.б. 1-ден 4*жұлдызға дейін; постоялые 
дворы 1-ден 3 жұлдызға дейін; пансиондар- үш категориялы болып 
ажыратылады. Бұдан басқа Италияда туристерді қабылдау үшін ескі қамалдар, 
замки, дворцы жабдықталған, олар «de luxe» класс отельдерге жатады. 
Біздің елімізде қонақ үйлер бес категория бойынша, мотелдер төрт 
категория бойынша жіктеледі. Категориялар «Жұлдыздарға» сәйкес келеді, 
олардың саны қызмет көрсету және тұру деңгейі жоғарылаумен артады. 
Қонақ үйге белгілі-бір категория беру үшін сертификаттау кезінде: 
ғимаратқа және жанындағы территорияға; техникалық жабдықтарға; нөмерлік 
қорға; жихаздармен және санитарлық-техникалық тағайындалған заттармен 
жабдықталуына; қоғамдық бөлмелерге; тамақтану қызметтерін ұсынуға 
арналған бөлмелерге; ұсынылатын қызметтер номенклатурасы мен сапасына; 
персоналға және оның дайындығына; қызмет көрсету мәдениеті деңгейіне 
қойылатые талаптар ескеріледі. 
Тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетінің деңгейін арттыру және 
қонақ үй индустриясы дамуы үшін халықаралық қонақ үй тізбектері өте 
маңызды. Олар туристік қызметтердің әлеуметтік нарығына заманауи 
технологиялар мен қызмет көрсету түрлерін зшығарады, қонақ үй бизнес 
саласында өндірісті ұйымдастырудың жоғарғы стандарттарын ұсынады. 
Халықаралық қонақ үй тізбектерінің алғашқы ондығына « Hospitaliti Franchicse 
System Blanstone Part » , « Choice Hotel International», «Marriot International » , « 
ITT Sheraton Corp » , « Promo us Corp» , «HILTON Hotel Corp», «Сarson 
Hospital World Wide», «Best Western International» (АҚШ) «Holiday Inn World 
Wide» Ұлыбритания «Accor» (Франция) жатады. 


101 
ХХ ғ. 50-жылдарының ортасынан бастап қонақ үйлерді басқарудың 
халықралық тәжірбиесінде қонақ үй бизнесін ұйымдастырудың бірнеше негізі 
модельдері пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет