Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


 Қонақ үйлерде қосымша қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет69/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

7.1.4. Қонақ үйлерде қосымша қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру 
Қонақ үйде ұсынылатын негізгі қызметтерге тұру және тамақтану жатады. 
Қосымша қызметтер тегін немесе ақылы болуы мүмкін. Қосымша төлемсіз 
қонақтарға мына қызметтер ұсынылу мүмкін: медициналық жедел жәрдем 
шақыру; медициналық аптечканы қолдану; нөмерге корреспонденция жеткізу; 
аталған уақытта ояту; минимум тігін заттарын, ыдыстар мен аспаптар 
жиынтығын беру. 
Ақылы қосымша қызметтер номенклатурасы мен көрсету сапасы қонақ 
берілген категория талаптарына сай болу керек. Мысалы, кейбір жоғары 
классты отельдерде мынадай ақылы қызметтер көрсетіледі, экскурциялық 
қызмет көрсету; гид-аудармашы қызметіне тапсырыс , театр, концертке билет 
сатуды ұйымдастыру; барлық көлік түріне билет сатуды ұйымдастыру; такси 
шақыру; қонақ тапсырысы бойынша автокөлікке тапсырыс жасау; қала 
мейрамханаларындағы орынға тапсырыс беру; гүл сатып алу және жеткізу: 
сувинерлер, ашық хаттар, басқа баспа өнімдерін сату; киім мен аяқ киімді 
жөндеу; кір жуу; киімді химиялық тазалау және үтіктеу; бар, мейрамхана, 
буфет қызметтері; шаштараз және сауна қывзметтері; конферец-залдар мен 
сөйлесу залдары жалға беру; бизнес-орталық қызметтері. 
Сервис сұраныс принціпі (қонақ не қалайды?) бойынша ғана емес, ұсыныс 
принціптері (қонақ үй қызметтердің жаңа түрлерін ұсынады, ал қонақ 
қажеттісін таңдайды) бойынша да құрылу керек. Бұл кезде персонал тактика 
мен ізеттілік білдіріп белгілі бір қызметтерді қонақтарға міндеттемей, 
қолдануды ұсыну керек. Қызметтер тізімі қонақ үй категориясына байланысты 
ұсыну керек, Қызметтер тізімі қонақ үй категориясына байланысты. Барлық
дерлік қонақ үйде тұрмыстық қызметті ұйымдастыру мүмкін емес, бірақ ке-
келген қонақ үй ұсынылатын қызметтер жиынтығы қонақтар сұранысына жауап 
беруіне тырысады. Тұрмыстық қызмет көрсету бойынша қызметтерге; жедел 
жуу, химиялық тазалау; заттар мен құқндылықтарды сақтау камерасында 
немесе арнайы сейфте сақтау, жүкті тиеу, түсіру және нөмерге жеткізу; мәдени-
тұрмыстық тағайындалған заттарды жалға беру; фото қызметтер; сағат, радио, 
кино және фотоаппаратураны жөндеу; шаштараз, косметикалық салон, массаж 
кбинеті қызметтері; тамақтар мен сусындарды нөмерге жеткізу. Тұрмыстық 
қызметтермен қатар қонақ үйде маңызды қызмет түрі көлік қызметтері болып 
табылады. Оларға: билеттерге алдын-ала тапсырыс беру, такси шақыру, 
ывтокөлікті жалға беру және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет