117
қалдырып, өзі кете тұруы мүмкін, не болмаса қажетті түсініктер мен кеңес
айтып, қастарында қалуы мүмкін.
Тапсырыс қабылдайтын даяшы ас мәзірін түбегейлі білу керек, қонақтарға
тісбасарлар, салқын, ыстық және фирмалық тағамдардың кең ассортиментінен
таңдау жасауға көмектесу керек. Ол кез-келген тағамға сипаттама беріп, оның
ерекшеліктерін,
даярлау технологиясын, құрамдас бөліктері және т.б туралы
айта алу керек. Сонымен қатар даяшы белгілі бір тағамды даярлау уақытын,
дайын тағамның ыстық цехта болуын, гарнирлер мен тұздықтардың бәр
ассортиментін білу керек. Бұндай білімдер қызмет көрсету үрдісін тездетеді.
Егер қонақтар тезірек
қызмет көрсетуді сұраса, даяшыға бар кезекші
тағамдарды ұсыну қажет.
Егер қонақтар таңдауды шектемесе, үш әртүрлі салқын тісбасар –
уылдырық немесе балық гастрономиясын, ет ассортиментін,
балғын көкөніс
салатын ұсыну керек. Бұндай алуан түрлілік қонақтарға ұнауы керек. Екінші
тағамға қонақтар екі ыстық – балық және ет тағамына тапсырыс береді. Бұл
жағдайда даяшы әрқайсысының даярлау әдісіне – қуыру, көмбелеп пісіру,
бұқтыру, қайнатуға қатысты таңдауға бағыттау керек. Бұдан даяшы міндеті
гарнир мен тұздықты дұрыс таңдау болып таббылады.
Даяшы тапсырыты қабылдай отырып,
есептеу бланкінде таңдалған
тағамдарды жазып алады. Тапсырысты даяшы қонақтарға қателеспеу және
нақтылау үшін қайта оқиды.
Тапсырысты қабылдап болған соң даяшы оны орындау жоспарын құрады:
тапсырысты салқын және ыстық цехқа беру, буфет өнімін алу, оларды беруге
ыдыс таңдау, тағамдар мен сусындарды беру реті. Алдын – ала ойластырылған
жоспар қызмет көрсетуді біршама тездетеді.
Тапсырысты қабылдаған соң
дастарханды қосымша жаю мүмкін. Егер балық тісбасарына ақ шарапқа
арналған бокал қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: