Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Концептуалды тақырыпты тарату бойынша



Pdf көрінісі
бет24/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Концептуалды тақырыпты тарату бойынша:
 сапа стандарттары қатаң қадағаланып классикалық, дәстүрлі стиль;
 көптеген декорациямен көріністі тақырып; 
 модалы стиль (танымал мейрамханаларға көшірме);
 иесі аты айналасында «аңыздар» тарату (мейрамхана иесінің 
атрибутикасы); 
 роман, фильм кейіпкерінің аты мен сәйкес интерьерді қолданып әдеби 
стиль; 
 жүзбелі мейрамханалар. 
Негізгі салымдар типі бойынша:
 ғимаратқа және бөлмелерді қайта жобалауға; 
 интерьерге; 
 жоғары технологиялық жабдықтарға;
 жарнамаға;
 өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге;
 басқару және бақылау жүйесіне; 
 кәсіби кадрларды іздеуге және дайындауға; 
 ойын-сауық сасаты мен жүзеге асыру жүйесіне. 
Өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету және кәсіби кадрларды 
дайындау– бәсеке қабілетті кәсіпорынның жетістігінің ең басты факторлары.
Жарнама типі бойынша: 
 шақыру түрін қолданып, бақ-да стандартты жарнама
 ас мәзірі мен көпшілік типі туралы түсінік беретін мейрамхананың айқын 
аты; 
 дискотека және көрініс шоуды қоса, ойын-сауық музыкалық 
бағдарламалар; 
 жарқын тұрақты клиентура таңдау және ұстау; 
 корпоратвті клиенттерге бағытталған жарнама; 
 саудалық агенттер мен мүдделі тұлғалардан «ауызша жарнама» қолдану; 
 қалада көрікті маңдайша жазулар мен орталықтарда жарнамалық 
басылымдар.
Басқа да факторлар тұтынушыларға көрсетілетін қосымша қызметтермен 
ескеріледі. Мысалы, клуб картасының болуы; тұтынушыларға такси шақыру 
жөнінде сервис, банкетте қызмет көрсету, шақыру арқылы қызмет көрсету; 
балаларға арналған мерекелерді ұйымдастыру; фирмалық значоктар сату; 
парфюмерия, аяқ киім тазалау құралдарын ұсыну; кәсіпорында сатып алынған 
өнімдерді буып түю; жеке заттарды кепілді сақтау және т.б.
Кәсіпорын концепциясын құру кезінде ең бастысы – тақырып таңдау. 
Тақырып ретінде жаңалығымен және ерекшелігімен көрінетін кез-келген сюжет 


40 
таңдалуы мүмкін. Осы жаңалық пен ерекшелік өз жалғасын интерьер мен 
мәзірде табуы керек. Тақырып таңдауда дәстүрлі жол әдеби, киноматографтық, 
ертегі, мистикалық сюжеттерге, тарихи факттерге, аңыздар мен нақты тарихи 
тұлғаларға қатысты сүйену мүмкін. Мысалы еуропалық аспаздықпен 
мейрамхананы ашу аз, тұтынушыларды осы орынға келу үшін қызықтыратын 
түрткі керек,сонымен қатар концептуалды құрастыру табысы ұтымды 
таңдалған кәсіпорын аты болып табылады. Аты белгілі-бір дәрежеде таңдалған 
тақырыппен байланысты, ол ары қарай ас мәзіріне, интерьерге, қызмет көрсету 
түрлері мен әдістеріне ұласады.
Мейрамхана концепциясы тақырыптық, оқиғаға қатысты немесе жастарға 
қатысты болуы мүмкін.
Мейрамхана концепциясы келесі сұрақтарға жауап береді: кім сатып 
алады; нені сатып алады; ол қанша тұрады; салынған ақша тезірек қайту үшін 
қанша ақша жұмсау керек және не істеу керек; онымен кім айналысады және 
т.б. 
Мейрахана концепциясы жазбаша түрде көсетілу керек. Бұл көлемді, 
аркетингтік зерттеулерге негізделген құжат. Маркетингтік зерттеулер тәуелсіз 
объективті көз бола отырып, нақты бағалық сегментте нақты уақытта нақты 
жерде мейрамхана идеясының өзектілігін растайды немесе бас тартады. Қолда 
бар идеяға сәйкес мейрамханаға шақыруға болатын ықтиал келушілер 
контингентін (сегментін) анықтайды; идея авторлары ойлары мен ықтимал 
тұтынушылар ойларына сәйкестігін тексереді. Яғни мейрамхана концепциясын 
құруда маркетингтік зерттеулер негіз болу керек.
Көптеген болашақ мейрамхана иелері күрделі маркетингтік зеттеулер 
жүргізгісі келмейді. Бұл бір күндік жұмыс емес, әрі қымбат. Оны жүргізбеудің 
екі жолы бар.
Біріншіден, ешқандай зерттеулер жүргізбей, толығымен интуицияға және 
мейрамхана нарығындағы ағымды жағдайын білуіне жүгіну керек. Бұл 
жағдайда жоба авторы толығымен болашақ табысқа немесе сәтсіздікке жауап 
береді.
Екіншіден ауқымды маркетингтік зерттеулер жүргізбей, мейрамхана 
бизнесіндегі кеңесшілердің сараптық бағасымен шектелуге болады. Олар өзінің 
алдыңғы тәжірибесіне сүйеніп және нарықта жақсы бағытталуына орай, сіздің 
мейрамхана идеяңыздың оң және теріс жақтарын айтып бере алады. Бұндай 
бағалар маркетингтік әдіс болғанымен де, барлық сұрақтарға жауап бере 
алмайды. Оны мейрамхана идеясының экспресс-диагностикасы деп атауға 
болады, оның нәтижесінде сараптық қорытынды беріледі.
Мейрамхана концепциясына міндетті түрде қосылуы қажетті бірнеше 
негізгі бөлімдері болу керек. Ең алдымен саудалық марка, мейрамхана атын 
құрастыру керек. Бұл мәселені білікті креативті командаға ұсынған жөн, олар 
ерекше және есте қалатын , идеяңыздың мәнін ашатын ат құрастырады. Одан 
кейін мейрамхана экстерьері мен интерьерін, ішкі дизайнн құрастыру керек. 
Оңтайлы дизайн қажетті атмосфера құруға ықпал етеді. Бұл үшін тәжірибелі 
дизайнер қызметін қолданған жөн. Содан соң жиһаз, ыдыс, жабдықтарға 


41 
қатысты бөлігін қарастыру керек. Келесі қадам персоналға қатысты мәселелер 
шешіледі –бұл киім стилін құрастыру, персоналға қойылатын біліктілік 
талаптары, жалақы деңгейі. Содан соң, мейрамхана мәзірін, оның дизайнын, 
жалпы бағытын (мысалы, шығыс, мехсикандық, жерорта теңіз аспаздығы), 
категория бойынша біріктірілетін тағамбардың тізімін, шарап, коктейль 
картараларын құру керек. Көбіне кейбір мейрамханалар концепциясында 
бірнеше мәзірдің болуын қарастырады- мысалы, вегетариан, балалар аспаздығы 
және т.б. 
Одан соң сауатты концепциялар ережелеріне сәйкес жабдықтаушылармен 
қатынас орнатып, логистикалық қызмет мамашдарын шақыру керек. Одан соң 
мейрамхананың баға саясатын құруға болады, ол негізгі тұтынушының ахуалы 
деңгейіне байланысты. Осы жерде орташа чек те есептелу мүмкін. Бұнда 
бағыттардың бірін таңдауға болады – шығындарға бағытталу немесе сұранысқа 
бағытталу. Басқаша айтқанда бір концепция бойынша тағамның өзіндік құны 
бойынша бағаны орнатуға болады, басқа концепция бойынша тағамның 
клиенттер арасында қаншалықты танылал екенін анықтап, сәйкес бағаны 
орнатуға болады. Мейрамхана концепциясын құрудағы соңғы кезең жарнама 
стратегиясын құрастыру. Өткізу каналдары мен мейрамхана әдістерін таңдау 
керек –баспасөзде, теледидарда, акция жүргізу және т.б. Бұл аса маңызды 
факторлардың бірі, оның дұрыс жұмысы мейрамхана концепциясының 
сәттілігіне кепілдік береді.
Мейрамхана концепциясының қорытынды элементі бюджетті – бөлімдерге 
бөліп, шамамен алғандағы қаржылық жоспар құрастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет