Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Қонақтарға қызмет көрсетуге дайындалу және қызмет көрсету үрдісі



Pdf көрінісі
бет72/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Қонақтарға қызмет көрсетуге дайындалу және қызмет көрсету үрдісі. 
Қызмет көрсету үрдісіне тікелей мейрамхананы қонақтардың келуіне дайындау 
кезеңі ықпал етеді.
Ол залды дайындаудан басталады. Мейрамхана бөлмелерін санитарлы – 
гигиеналық тазалау күнде жұмыс уақыты соңында немесе көбінесе таңғы 
сағаттарда жүргізіледі. Тазалау мейрамхана ашылуына 1-2 сағат қалғанда 
аяқталады. Тазалаушы бригада жиһаздардан, тере алдының, жабдықтардың 
шаңын сүртеді, едендерді құрғақ тазалайды немесе ылғалды жуады. Тазалау 
аяқталған соң кезекші метрдотель немесе бас даяшы бөлмелерді қарап, тазалау 
сапасын бағалаған соң, үстелдерді орналастыру мен дастархан жаюға бұйрық 
береді. 
Даяшы бригадирі (зал бойынша кезекші даяшы) сервиз және жайма 
бөлмесінен дастархан жаюға қажетті асханалық ыдыстар, аспаптар және 
асханалық жайма алынады. Бұл кезде түскі ас үстелдер саны, қызмет көрсету 
түрі (банкет немесе басқа шаралар) ескеріледі.
Ас жаулықтарды, ыдыстарды, аспаптарды алғанда олардың күйін тексеру 
керек. Дастарқандар, майлықтар таза, крахмалданған, үтіктелген, ыдыстар – 
шытынамаған, сынбаған,бірдей суретті; аспаптар – сабындағы суретті бірдей 
болу керек.
Ыдыстар мен аспаптар дастарқанға қояр алдында қол орамалмен қосымша 
жылтырлатады. Барлық қажетті заттар алынған соң дастарқан жаюға кіріседі. 
Дастарқан жаюдың негізгі ережелері: дастарқанға ыдыстар мен аспаптарды 
қою, қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру үрдісінің маңызды бөлігін 
құрайды. Қонақтарға қажеттінің барлығын орналастыру рационалдығы мен 
ыңғайлығына негізделген дастархан жаюдың классикалық ережелері бар. 
Сонымен қатар көрнекті жайылған дастарқан қонақтарды эстетикалық 
қанағаттандырады және ыңғайлы жағдай құрылуына ықпал етеді. 
Дастарқандар әдетте үстел бетіне ыдыстар мен аспаптар дауысын азайту 
және дастарқан жаюға қажетті заттардың тұрақтылығын ұлғайту үшін тығыз 
жұмсақ матадан қаптама кигізеді. Содан кейін үстелге дастарқан жабады.
Дастарқандағы үтіктелген орталық қыртысы үстел осьімен қырымен 
жоғары қарай жату керек. Барлық үстелдерде дастарқан суреті бір жаққа 


115 
бағытталу керек. Дастарқан шеттері үстел шетінен 25-35 см түсіп тұру керек , 
ұштары - үстел аяқтарын жауып тұру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет