118
- уылдырық (түйірлі, майда бекіре және алабұға балықтарының) сары май,
табиғи көкіністер,аз тұздалған, ыспалған,пісірілген, құйылған,майонез
астындағы балық; балық гастрономиясы және балық консервілері; табиғи
майшабақ гарнирмен; теңіз өнімдері; балық салаттары;
- пісірілген ет, құйылған ет, ет ыстамалары, ет гастрономиясы; қуырылған
ет, ет ассортиі, ет салаты;
- пісірілген, құйылған,толтырылған, қуырылған құс еті;құс еті ассортиі,
құс еті салаттары;
- көкөніс салаттары, винегреттер, тұздалған көкөністер мен маринадтар,
саңырауқұлақ тісбасарлары.
Салқын тісбасарлардан кейін ыстық тісбасарларды алып келеді. Ыстық
тісбасарларды беру реті: балық, ет, құс етінен, көкөністер мен
саңырауқұлақтардан, жұмыртқадан, ұннан даярланған тісбасарлар.
Ыстық тісбасарлардан кейін көжелер: мөлдір, тұздықты, езбе көжелер,
сүтті, салқын, тәтті көжелер беріледі. Содан соң ыстық тағамдар: балық-
пісірілген, өз сөлінде пісірілген, қуырылған, көмбелеп пісірілген; ет-пісірілген,
өз сөлінде пісірілген, қуырылған, тұздықта қуырылған, бұөтырылған, көмбелеп
пісірілген; құс еті- пісірілген, өз сөлінде пісірілген, толтырылған, қуырылған,
бұқтырылған, көмбелеп пісірілген; көкөністер- пісірілген, өз сөлінде пісірілген,
қуырылған, бұқтырылған, көмбелеп пісірілген; жармадан, бұршақтылардан,
макарон өнімдерінен даярланған тағамдар, ұн тағамдары, жұмыртқа тағамдары,
сүзбеден даярланған тағамдар беріледі.
Ыстық тағамдардан кейін тәтті тағамдар (ыстық және салқын), жемістер,
ыстық сусындар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: