2.3. Тұрақты сөз тіркестері
Лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Шет тілін саналы оқытуда лексиканы дұрыс, жан- жақты үйретудің маңызы зор. Лексиканы оқытудағы негізгі мақсат- жастарды дұрыс сөйлеу, шет тілінде ойын жеткізіп айта білуге дағдыландыру.
Лексиканы оқыту кезінде берілген білім әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, оның практикалық маңызы барған сайын ашыла түседі. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық бере алмайды. Сөздегі сан алуан мән- мағына тек грамматикалық байланыста ғана көрініп, жанды көрініске, қимылға ие болады. Сөздер тілдегі түрлі ұғымдармен қатар, грамматикалық мағынаны да, көңіл- күй, сезімді де білдіреді.
Олай болса қандай да болмасын тілде сөздердің қызметі әр түрлі болады деген сөз. Лексиканы оқытқанда тек лексикалық мағынасы бар сөздер ғана қарастырылады. Ал, тек грамматикалық мағынасы бар көмекші сөздер грамматика аясында ғана оқытылады. Мұғалім лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық мағынасын естен шығармауы тиіс, алайда лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынады.
Сөз кейде екі не одан көп сөздердің тіркесуі арқылы басқа мағына беретін кезі де болады. Бұндай тіркестер айтушы немесе жазған кісінің құрастыруымен емес, дайын, бұрыннан тіркесіп қалыптасқан күйінде жеке сөз орнына пайдаланылады. Мысалы: as strong as an ox, as fresh as a cucumber, as strong as a nails, as busy as a bee, as sure as fate, as thick as thieves, as hungry as a hunter, as old as the sea, as slow as a snail деген және т.б. сөз тіркестері жеке бір ғана мағынаны береді.
Бұлар тұрақты сөз тіркестері. Тұрақты сөз тіркестерін оқушыға түсіндірудің біршама қиындығы бар. Ол басқа тақырыптарға қарағанда күрделі.
Тұрақты сөз тіркестерін сөзден, еркін тіркестерден ажырата білу, орнын, қолдану мақсатын айыру үшін әр түрлі әдістер қолдану қажет болады.
Ағылшын тілінің фразеологиялық құрамына тұрақты сөз тіркестері, мақал- мәтел, қанатты сөздер, афоризмдер кіреді.
Фразеологизмдердің тек өзіне тән белгілері бар:
1. белгілі- бір лексикалық мағынасы бар; 2. құрамдас бөлігі; 3. грамматикалық категориясының болуы. Ал, фразеологизм мен сөздің ортақ белгілері лексикалық мағынасы болуы және грамматикалық категория.
Фразеологизмнің лексикалық мағынасы- оның бірден бір өзіне тән және анықтаушы белгісі. Фразеологизмдер бір- бірімен омонимдер, синонимдер және антонимдер сияқты байланыс алады.
Фразеологизмдерді енгізгенде шет тілінің мұғалімі әрбір фразеологизмнің мағынасын, оны пайдалану жолдары, жағдаяттары, оның синонимдері мен антонимдерін түсіндіруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |