Галогендер және оның қосылыстары (галогендердің алыну жолдары мен қосылыстарының қасиеттерін сипаттайды)


Ұсынылып отырған оқу мақсатына сай қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырыңыз. Сабақ тақырыбы: Күкірттің қосылыстары



бет3/5
Дата02.06.2023
өлшемі0,54 Mb.
#98467
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гос Хим

4. Ұсынылып отырған оқу мақсатына сай қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырыңыз. Сабақ тақырыбы: Күкірттің қосылыстары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
9.2.1.13-күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру
9.4.2.1 -қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру




5. Орташа атомдық массасы 20,2-ге тең, табиғи неондағы 20Nе және 22Nе изотоптары массаларының пайыздық қатынасын табыңдар.

«Химия», «Биология» және «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары оқу-әдістемелік секциясы мәжілісінде бекітілді.


№ 1 хаттама «26» тамыз 2022 ж.

Блім беру бағдарламасының жетекшісі: Кемелбаева А.К.


«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ


6В01504-Химия білім беру бағдарламасы
Қорытынды аттестаттау
Кешенді емтихан № 16 билеті
1. Сутегі. Алу әдiстерi. Қасиеттері. Маңызды қосылыстары (гидридтер, судың кермектілігі, сутектік көрсеткішті анықтайды).
Сутегі

Сутегі (лат. Hydrogenium, H) – элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 1, атомдық молекуласы 1,00797.


Ашылу тарихы


Сутекті алғаш Г.Кавендиш зерттеп, оны «жанғыш ауа» деп атаған (1766). А.Лавуазье сутектің қасиеттерін зерттеп, химиялық элементтер тізіміне қосыпты (1787). «Сутек» терминін орыс химигі М.Ф.Соловьев ұсынды (өз тілінде, 1824).

Сутекті алғаш рет мырышпен тұз және күкірт қышқылын әрекеттестіру аркылы 1776 жылы Г. Кавендиш алған. Ол оған «жанғыш ауа» деген ат берген, себебі ол жай заттардың арасындағы өте жанғыш газ. Ал 1783 жылы А. Лавуазье мен Ж. Менье суды термиялық айырып, ол оттек және сутек элементтерінен тұратынын анықтаған, казіргі колданылып жүрген атауын (Hydrogenium- су тудырушы) француз ғалымы А. Штон де Морво берген (1787 жылы). Оның орысша да, қазақша да аттары осы мағынаны білдіреді.


Кездесуі
Бұл табиғатта таралуы бойынша 9-шы орында тұрған элемент, оның үлесіне жер қыртысының 1,4%-ы тиеді, жер бетінде сутек байланысқан күйде (су, мұнай, тас көмір, т. б.), ал ғарышта 63%-ы болады.


Табиғатта тұрақты екі изотопы 1Н (протий) және 3Н (тритий) кездеседі, жасанды жолмен радиоактивті изотопы 3Н мен өте тұрақсыз 4Н алынған. Сутек - әлемде көп тараған элемент. Массасы бойынша атмосферадағы сутектің мөлшері 3,5 *10 -6% литосфера мен гидросферада – 1% , суда – 11,9%.


Қасиеттері


Сутек иіссіз, ең жеңіл газ, суда ерімейді, палладий, платина, никель, т.б. металдарда жақсы сіңіреді; балқу t - 259,1 °C, қайнау t – 252,6 °C. Сутектің молекуласы екі атомнан тұрады (Н2), диссоциациялану дәрежесі 35000С-та 20%, ал 50000С-та 96%-ға тең. Тотығу дәрежелері +1,-1.

Асыл (инертті) газдар мен асыл металдардан басқа элементтердің көпшілігімен химиялық қосылыстар түзеді. Күшті тотықсыздандырғыш болғандықан


F2 –мен (қараңғыда - 2520С-та),


Cl2-мен (жарықта) ,
O2-мен ( 550 °C –тан жоғары) әрекеттесіп тікелей қосылыстар (HF, HCl, H2O) түзеді. Сутекті көптеген металдардың (Cu, Fe, W, Re, т.б.) оксидтерімен тотықсыздандырады.
Мысалы:

CuO +H2 =Cu + H2O және Fe3O4 +4H2 =3Fe+ + 4H2O, т.б.


Сутек азотпен әрекеттесіп,

аммиак (N2+3H2=2NH3 ),


күкіртпен күкіртсутек ( Н2+S=H2O ),
көміртекпен жоғары температурада метан (C+2H2=CH4) түзеді.
Сілтілік және сілтілік жер металдармен әрекеттесіп гидридтер (LiH, NaH, CaH2, BaH2,т.б.) түзеді. Сутектің аса маңызды реакциясына CO-мен әрекеттесіп, температура, қысым, катализатор әсеріне байланысына әр түрлі органикалық қосылыстар (HCHO, CH3OH т.б.) түзу жатады.

Физикалық қасиеттері


Сутек элементінен тұратын жай зат — сутегі, ол екі атомнан тұрады, формуласы Н2; М(Н2)=2, М=2 г/моль. Бұл түссіз, иіссіз, дәмсіз, өте жеңіл (р=0,09 г/л) газ күйіндегі бейметалл, оның қайнау (-252,76°С) және балқу (-259,2°С) температурасы өте төмен. Суда нашар ериді (100 көлем суда 2 көлем газ (t=20°С).[1]

Сутегінің химиялық қасиеттері


Кәдімгі жағдайда сутегі тұрақты зат, ал қыздырғанда кейбір жай заттармен реакцияға түседі. Сутегі оттегінде көзге көрінбейтін жалынмен су түзе жанады. Бұл үдеріс баяу жүреді.

2Н2+ 02 = 2Н20 + 572кДж


Жай заттардан күрделі зат олардың тікелей әрекеттесуі аркылы алынса синтез деп аталады.

Бұл реакцияны жүргізу үшін калың қабырғалы сынауық алып, оны үшке бөліп сыртынан белгілеп алып, 1 бөлік О2, жәнө 2 бөлік Н2 жинап аламыз да (суды ығыстыру арқылы) оны орамалмен ораймыз. Сынауықтың аузына жанған шырпы апарғанда қопарылыс бере реакция жүреді. Сутегі оттегімен шабытты әрекеттеседі, нәтижесінде су түзіліп, жылу бөлінеді.


V(Н2): V(02) = 2 : 1 болғанда ғана олар қопарылыс береді, сондықтан осындай қатынаста алынған газ қоспасын «күркіреуік газ» деп атайды. Сутегі хлормен реакцияласқанда өткір иісті хлорлы сутек газын береді.


Н2 + Сl2 = 2HCl↑.
Қыздырылған күкірт арқылы сутегін өткізсек, жағымсыз иісті күкіртті сутек газы түзіледі:

Н2+ S H2S↑


Бейметалдардың сутекпен қосылыстарын атау үшін сутекті қосылыс түзуші, элемент атына ды, ді, ты, ті, лы, лі жалғаулары жалғанып, сутек сөзі қосылып оқылады.

Мысалы: HCl - хлорлы сутек; НВr - бромды сутек; H2S - күкіртті сутек; НҒ - фторлы сутек.


Кейбір бейметалдардың сутекті қосылыстарының тарихи қалыптасқан атаулары бар:


Н20 - су;


NH3 - аммиак;
СН4 - метан;
РН3 - фосфин;
SiH4 - силан.
Сутегі өте белсенді металдармен әрекеттескенде гидридтер деп аталатын тұз төрізді қатты заттар түзіледі:

H2+2Na=2NaH натрий гидриді


Н2+Са=СаН2 кальций гидриді
Сутектің металдармен қосылыстарын атау үшін металл атына гидриді деген сөз қосылып оқылады.

Күрделі заттарменәрекеттесуі: Егер мыс (II) оксидін қыздырып, оған сутегін жіберсек мыс оксидінің қара түсі жойылып қызыл түсті мыс бөлінеді:


CuO + Н2 = Н2О+Cu


Бұл реакцияда тотықсыздану үдерісі жүреді, өйткені сутек мыс (II) оксидіндегі оттекті өзіне қосып алады, сөйтіп сутек тотығады, ал мыс тотықсызданады.

Қолданылуы


Өнеркәсіпте сутек метанда конвергенциялау ( CH4+H2O=3H2 + CO ) несмесе суды электролиздеу ( 2H2O =2H2 +O2 ) арқылы ашылады. Мұнай және химия өнеркәсібінде қосымша өнім ретінде сутек бөлінеді. Лабараторияда сутекті сұйытылған тұз ( HCl ) немесе күкірт (H2SО4) қышқылдарына мырышпен әсер етіп алады. Дүние жүзінде жылына шамамен 350*109 тонна сутек өндіріледі. Сутек, аммиак, тұз қышқылы, жасанды сұйық отын алуда, майларды гидрогенезациялауда, металдарды сутек-оттек жалынында кесуде, мұнай фракцияларын гидротазалау мен гидрокрекингісінде, тағыда басқа қолданылады. Атом энергетикасында изотоптары маңызды орын алады. Сутекті экологиялық таза орын ретінде қолданудын болашағы зор ( 2H2+O2=2H2O ).

Сутектің қолданылуы, оның жанғанда көп жылу бөлінетіндігіне негізделген. Әсіресе экологиялық таза отын ретінде сутектің болашағы зор. Себебі сутек жанғанда түзілетін өнім – су ауаны ластамайды. Әзірше сутекті көп мөлшерде метан мен судан алу қымбатқа түседі. Сутектің тиімдіракета отыны болатыны туралы кезінде Ц.Е.Циолковский де айтқан. Қазіргі кездегі негізгі энергия көзі – табиғи газ , мұнай, таскөмір. Жер қыртысындағы олардың қоры да шектеулі. Оның үстіне бұл аталған шикізаттарды пайдалануды сыртқы ортаның ластануына жол беріледі.




2. Карбон қышқылдары, олардың туындылары, гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы. Алыну әдістері. Химиялық қасиеттері (қаныққан монокарбон қышқылдарының құрамын анықтап, сірке қышқылының қолданылу аймақтарын сипаттайды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет