Гаммалау әдісімен шифрлау


Жалған кездейсоқ сандар тізбегін генерациялау әдістері



бет2/5
Дата01.11.2022
өлшемі89 Kb.
#46723
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гаммалау әдісімен шифрлау

Жалған кездейсоқ сандар тізбегін генерациялау әдістері.Гаммалау әдісімен шифрлағанда кілт есебінде биттердің кездейсоқ қатары пайдаланылады. Бұл қатар екілік түрде берілген (мысалы, А=00000, В=00001, С=00002 және т.с.с.) ашық мәтінмен қосылады. Бұл қосылу екі модулі бойынша биттерді өзара қосу арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде шифрланған мәтін пайда болады. Күні бұрын болжауға болмайтын ұзындығы үлкен екілік тізбектерді генерациялау классикалық криптографиядағы маңызды проблемалар қатарына жатады. Бұл проблеманы шешу үшін екілік жалғанкездейсоқты тізбектер генераторлары пайдаланылады.
Жалған кездейсоқ бүтін сандар тізбегін генерациялайтын белгілі процедуралар ішінде ең жиі қолданылатыны сызықты конгруэнтті генератор.
Бұл әдісте шифрленетін мәтіннің символдары гамма деп аталатын арнаулы тізбектің символдарымен қосылады. Кейде белгілі бір заң бойынша ашық деректер үстіне шифрдің гаммасы беттестіріледі. Сондықтан бұл әдіс гаммалау деп аталады, ал шифрдің гаммасы - белгілі бір алгоритм бойынша ашық деректерді шифрлеуге және шифрленген деректерді ашуға арналып жасалған жалған кездейсоқ (pseudo-random) тізбек.Гаммалау арқылы шифрлеудің мәні мынада: жалған кездейсоқ сандар бергішінің көмегімен шифрдің гаммасын генерациялау және алынған гамманы бастапкы мәтінге кайтадан кері аударуға болатындай етіп (мысалы, екі модулі бойынша қосу операциясын пайдалану арқылы) беттестіру.Мына жағдайды атап өтуіміз керек. Шифрлеу алдында ашык деректерді, ұзындығы бірдей, әдетте 64 биттен, Т(i) блоктарына бөледі. Шифрдің гаммасы осыған ұксас, ұзындығы Гш(і) блоктарынан тұратын тізбектер түрінде құрылады. Шифрлеу теңдеуі мына түрде болады: Тш(і) = Гш(i)+ Т(i) , і=1 ... М.
Бүл жерде Тш(і) - мәтін-шифрдің і-ші блогі; Гш(i)- шифр-гамманың і-ші блогі; Т(i) - ашық мәтіннің і- ші блогі; М- ашық мәтін блоктарының саны. Шифрлеуді ашу теңдеуінің түрі мынадай: Т(i) = Гш( )  Т(i) Осындай әдіспен алынған шифрмәтін, ашуға киындык тудырады, өйткені оның кілті айнымалы шама. Шифр гаммасы әр шифрленген блок үшін кездейсок түрде өзгеріп тұруы кажет. Егер гамма периоды барлык шифрленген мәтін ұзындығынан көп болса және шифрді бұзушыға бастапкы мәтіннің ешкандай бөлігі белгілі болмаса, онда мұндай шифрді тек кілттің барлық варианттарын түгел тікелей таңдау аркылы ғана ашуға болады. Бұл жағдайда шифрдің криптограммалык беріктілігі кілт ұзындығымен аныкталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет