инвагинация
эпиболия
иммиграция
деляминация
Гаструла түрлері:
қынаптану инвагинация
Инвагинация жолында бластуланың вегетативтік бөлігі бластоцельдің ішіне қарай көмкеріледі. Гаструляция нəтижесінде вегетативтік бөлік екі қабатты ұрықтың ішкі қабатын энтодермасын құрайды. Бластуланың анималдық жағынан эктодерма құралады. Құралған гаструланың қуысы гастроцель деп аталады. Гастроцель – алғашқы ішек қуысы. Ал гаструланың тесігін бластопор дейміз. Бластопор алғашқы ауыз болып табылады. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы қуыс алғашқы дене қуысы деп аталады.
Басқаларға қарағанда, қарапайым жол – инвагинация –бластула (бластодерма) бөлігінің ұрық ішіне қарай бластоцелъге тартылуы. Бұл гастроцель – қуысы бар гаструланың пайда болуына әкеледі. Гастроцель екі қабатты қабырғамен шектелген (ішінен біріншілік энтодермамен, сыртынан біріншілік эктодермамен). Гастроцельді архентерон деп те атайды (біріншілік ішек), ал сыртқы ортамен байланысатын тесікті – бластопор немесе біріншілік ауыз дейді, оның шеттерін орналасуына карай дорсалды, вентралды және латералды ерін деп атайды.
Гаструляцияның инвагинациялық түрі жұмыртқа сарыуызы аз жануарларда (жоғарғы ішекқуыстылар, тікентерілілер, ланцетник және т.б.) кеңінен таралған.
Инвагинацияда бластула түбі ішіне карай тартылу процесі бүйір жақтарындағы клеткалардың қарқынды көбеюімен және олардың вегетативтік бағытта үстіңгі бетте жылжуымен қатар жүреді.
инвагинация жолымен өтетін гаструляция тек айқын бластоцель болса ғана мүмкін. Егер бластоцель көлемі кішкене болса, ал вегетативтік макромерлер сарыуыздың көптігінен митоздық және қозғалыстық жағынан баяу болса, гаструляция эпиболия жолымен өтуі мүмкін. Мысалы, кейбір сирекқылтанды құрттарда қарқынды көбейген микромерлер сарыуызға бай вегетативтік макромерлерді қаптап алады
Достарыңызбен бөлісу: |