Мен балалық шағым соғыспен тұстас келген, өмірдің
қиындығын көріп өскен адаммын. Бүгінде жасым 77ге
келді. Қартайған адамға денсаулықтан қымбат нәрсе
жоқ. Үш жылдан бері бауырдың қатерлі ісігімен алы
сып келе жатырмын. Аты жаман ауруды жеңуге, өмірімді
ұзартуға көмектесіп, емдеп келе жатқан «ҚР Денсаулық
сақтау ісінің үздігі», «Шапағат» медалінің иегері, облыстық
онкологиялық диспансердің директоры, жоғары са
натты хирург Есенгелді Рабаевқа алғысым шексіз. Сонау
тоқсаныншы жылдары да пәле боп жабысқан басқа бір
дерттен құлантаза емдеп шығарғаны да бар...
сенбиев Жұбат деген қарттың не-
мересінің талағы жарылып кетіпті.
Түнгі сағат 3-те ауруханаға қай-
тып келген Есенгелді науқасты қа-
рап: «Оралға жете алмайды, ота
жасауға рұқсат берсеңдер, мүм-
кін тірі қалар» депті. Ота ұзақ жа-
салады. Әбден шаршап, қиналып
шығып келе жатқан Есенгелді та-
лып, құлапты. Бұны естіген мен та-
ңертең оның кабинетіне бардым.
«Шырағым, ауданда 20 мың адам
бар. Сенен айырылып қалсақ, біз-
ді кім қарайды? Талып, құлаған-
ша жұмыс істеу не сұмдық, уақы-
тымен неге демалмайсың?» дедім.
Ол мені ота кабинетіне алып ба-
рып, легенде жатқан бір нәрсені
көрсетіп: «Ата, мынау ана баланың
талағы» деді. «Ойбай, мынау адам-
ның талағы ма?» деп шошып кет-
тім. «Енді ол бала талақсыз қалай
өмір сүреді?». Есенгелді: «Ата, адам
талақсыз өмір сүре алады. Екі-үш
ай қиналар, бірақ менің емімді
ғана алып, айтқанымды бұлжыт-
пай орындаса, жазылып кетеді»
деді. Сол жігіт бүгінде тірі, жұмы-
сын істеп, шауып жүр.
Сегіз қырлы, бір сырлы дәрігер
басқа жерге де керек екен. 2012
жылы Есенгелдіні Оралға онколо-
гиялық ауруханаға директор етіп
алып кетіпті.
2012 жылы Орал қаласына кө-
шіп келдім. Есенгелдіні көріп ке-
тейін деп бардым. Біраз отырған
соң кетуге ыңғайланған едім,
Есенгелді: «Ата, сізді қарап жібе-
рейін» деді. УЗИ-ге түсірді. Ұзақ
қарады. Сосын «Бауырыңызда бір
нәрсе бар, айыра алмай тұрмын,
томографияға түсіріп, бауырдан
материал аламыз» деді. Рак екен.
Содан ауруханаға жататын бол-
дым. Есенгелді: «Ата, қорықпа-
ңыз, ең бастысы жаман ойға түс-
пеңіз, өзім емдеймін, бәрі жақсы
болады» деді. Міне, үш жылдан бе-
рі тек қана Есенгелдіден ем алып
келемін. Аллаға шүкір, бәрі жақ-
сы.
Жаңа жылда Есенгелдіге ден-
саулық тілеймін, мен сияқты нау-
қастардың бағына аман жүргей-
сің, алтын балам!
сағынғали (Шапи)
тҰРсыНҒАЛиЕВ,
Орал қаласы
ҚР Президентінің Жарлығы-
мен бекітілген Қазақстан Респуб-
ликасында діни экстремизм мен
терроризмге қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2013-2017 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарла-
ма аясында жасалған жоспарға
сәйкес Орал гарнизонының әс-
кери прокуратурасы гарнизон-
ға қарасты әскери бөлімдер-
мен, әскери-құқықтық органдар-
мен бірлесіп ведомствоаралық
жиын, кездесу, семинар сынды
алдын алу шараларын өткізіп ке-
леді. Мәселен, биыл Ұлттық гвар-
дияның «Батыс» өңірлік қолбас-
шылығына қарасты №5517 әс-
кери бөлімінде «Әскери орта-
ға діни экстремизм мен терро-
ризмнің енуіне тосқауыл қою»
тақырыбында дөңгелек үстел өт-
ті. Жиынға облыстық дін істері
Әскерде экстремизм
терроризмге орын жоқ
мен
Бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті
құбылысқа айналғаны белгілі. Әсіресе, соңғы жылдары
бұл жайт Орталық Азия аймағында жиі орын алуда. Бұл
індетпен күресудің жолы – оның алдын алу. Соған орай
әскериқұқықтық салада тиісті шаралар қолға алынуда.
басқармасының теологы арнайы
шақырылды. Онда әскери қыз-
метшілерге экстремизм мен тер-
роризм идеологиясы, оның та-
ралу қаупі жөнінде жан-жақты
түсінік берілді. Шара барысында
теріс бағыттағы діни ағымдар-
дың көздеген мақсаттарын әшке-
релейтін «Алданған әйел» атты
фильм көрсетілді. Жиын соңын-
да әскери ортаға діни экстре-
мизм мен терроризмнің енуіне
тосқауыл қою үшін бірігіп әрекет
ету жөнінде іс-шаралар жоспа-
рын жасау туралы шешім қабыл-
данды.
Әскери қызметшілердің қазір-
гі қоғам алдындағы мәселелер-
ге бейжай қарамауы үшін және
әскери ұжымдарда ешқандай дау-
жанжалдың болмауы үшін жеке
құраммен тәрбие жұмыстарын
жүргізу ісіне түзету енгізу қажет.
Бұл түзету бірінші кезекте әске-
рилердің дүниетанымы бөлек
немесе өзгеше діни көзқарасы
бар жандарды сыйлауға бағыт-
талуы тиіс. Себебі Қазақстан – за-
йырлы мемлекет. Ешқандай дін
мемлекеттік не міндетті болып
табылмайды. Әскери ұжымдарда
діни ахуал бағамдалып отыруы
керек. Бұл ұжым басшылығының
міндетіне айналуы тиіс.
Қорыта айтқанда, әскерде экс-
тремизм мен терроризмге орын
жоқ. Әскери қызметті өтеу жөнін-
дегі барлық нормативтік-құқық-
тық актілер және өзге де құ-
жаттар әскерилердің теріс діни
ағымдарға түспеуіне бағыттал-
ған. Сол себепті әскери қызмет-
шілердің бойында дәстүрлі емес
діни ағымдарға қарсы тұратын
дүниетаным мен экстремизм бел-
гілерін біліп, анықтау дағдысын
қалыптастыру – біздің міндетіміз.
Алтынбай РАЕВ,
Орал гарнизонының
әскери прокуроры,
әділет полковнигі
Сарыөзен бойына келген суды ұстап қалу үшін
салынған Медетсай және Ақсирақ су қақпалары
бар. Бұл су қақпалары сонау кеңес кезінде са-
лынғандықтан әбден тозған. Ал арнайы су қой-
масы жоқ. Көктем айларында келген суды тоған,
көлтабандарға толтыру үшін жасалған қарапа-
йым қондырғылар да бүгінгі күннің талабына
сай емес.
Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жұртшылықпен
кездесіп, пікірлескенде осы мәселе жиі айтыла-
Сарыөзенге су қоймасы салынса...
Су мәселесі қазталовтықтарды да соңғы жылдары қатты алаңдатуда. Сарыөзен
мен Қараөзенге Ресей арқылы келетін су көлемі соңғы жылдары азайғаны рас.
Жасыл шырша жанында
«Шытырман шырша оқиғасы»
тақырыбында ұйымдастырылған
жаңажылдық шыршада бүлдір-
шіндерге театр әртістері өнер
көрсетті. Батырлар бейнесі, қоян,
қозы сияқты момын жануарлар,
Дара мен Диего, Томпақ секілді
мультфильм кейіпкерлерімен бір-
ге шыршаны айналып ән салып,
би билеген балалардың жүзі қуа-
ныштан бал-бұл жанды.
Қой жылын шығарып салып,
келе жатқан Мешін жылын қар-
сы алды. Мешін жылының симво-
лы бүлдіршіндермен бірге түрлі
ойындар ойнап, сайқымазақтар
би биледі. Аяз Ата мен Ақшақар
бүлдіршіндерге арнап дайында-
ған сыйлықтарын таратты. Бұ-
дан соң балалар театр әртістері
әзірлеген Жаңа жыл тақырыбын-
дағы «Қызыл телпекті қыз» атты
ертегіні тамашалады.
Зағипа ІЛияс
Желтоқсан
ның 29ы күні
облыстық қазақ
драма театрында
БҚО ішкі істер ор
гандары қызмет
керлерінің отба
сылары мен
олардың балала
рына арналған
жаңажылдық
шырша мерекесі
болды.
тын. Таяуда ауданға «Орал су жобалау» ЖШС-нан
инженер-жобалаушы Қилыбай Оқашев келіп, бо-
лашақта арнайы су қоймасын салу үшін жобалау
жұмыстарының жай-жапсарын талқылады. Ма-
манмен ауданның мекеме басшылары, округ
әкімдері, ауыл тұрғындары кездесіп, пікір-ұсы-
ныстарын ортаға салды. Енді қазталовтықтар бұл
жобаның тезірек іске асуын тілеп отыр.
Гүлфия КӨШБАЕВА,
Қазталов ауданы
7
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
сҰхБАТ
Азамат Бауыржанұлы, ал
дымен өңірдегі спорт бюд
жеті қандай болды, жаңадан
іске қосылған нысандар, Бқо
спортшыларының негізгі та
бысжетістіктері жөнінде айта
кетсеңіз?
- Жалпы алғанда, биыл өңір
спорты үшін жемісті болды деу-
ге толық негіз бар. 2015 жылы
облыс спортын дамытуға жер-
гілікті бюджеттен 2,5 млрд. теңге
бөлінді.
Әрине, қай саланың да ин-
фрақұрылымын дамытпайынша,
табысқа жетемін деу қиын. Осы
орайда биыл 70 пайызы респуб-
ликалық, қалғаны облыстық бюд-
жеттен қаржыландырылып, Сы-
рым ауданының Жымпиты және
Қаратөбенің Қаратөбе ауылында
әрқайсысы 160 көрермендік орын-
ға есептелген, сондай-ақ Орал қа-
ласының Зашаған кентінде 320
орындық дене шынықтыру-сауық-
тыру кешендері салынып, пайда-
лануға берілді. Бұған қоса «Жұ-
мыспен қамтудың жол картасы
– 2020» бағдарламасына сәйкес
талай спорт саңлағы түлеп ұшып,
байрақты бәсекелер өткізілген
«Облыстық жоғары спорттық ше-
берлігі мектебі» МКҚК ғимаратын-
да күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізілді.
Елбасы тапсырмасына сәйкес
атқарылған істер нәтижесінде
спортпен тұрақты айналысушы-
лардың қатары жыл санап артып
Жеңістің 70 жылдығына орай дзю-
до күресінен ерлер мен әйелдер
арасында Кеңес Одағының Баты-
ры М. Мәметованың еске алуға
арналған VІ халықаралық турнир,
аралас жекпе-жек түрлерінен
«Көшпелілер шайқасы – 2015», Қа-
зақ хандығының 550 жылдығына
орай ҚР Президентінің жүлдесі
үшін қазақ күресінен ересектер
арасында «Қазақстан барысы»
турнирінің облыстық іріктеу са-
йысы, қазақ күресінен «Жас ба-
рыс» республикалық турнирі, ұлт-
тық спорт түрлерінен ҚР чемпио-
наты, атақты жазушы-журналист
С. Бердіқұловты еске алуға ар-
налған БАҚ қызметкерлері ара-
сында ҚР спартакиадасы және
басқа додаларды айтуға болады.
Болашақта бұлардың аясы кеңіп,
әлемдік турнирлердің де ұйым-
дастырылатыны анық.
Өңірде елуден астам спорт
түрі қарқынды дамып келеді. Бұ-
ған облыс спортшыларының рес-
публикалық жарыстарда 363 ме-
даль (125-і – алтын, 111-і – күміс,
127-сі – қола) жеңіп алғаны дә-
лел. Оған қоса халықаралық рес-
ми жарыстардан өңір өкілдері 94
медальмен (23-і – алтын, 32-сі – кү-
міс, 39-ы – қола) оралды.
Облыс тұрғындары көптеп қа-
тысқан жарыстар да аз болған
жоқ. Айталық, Шымкент қаласын-
да мемлекеттік қызметшілер ара-
сында өткізілген ҚР спартакиа-
дасынан БҚО құрамасы жалпыко-
мандалық есепте жүлделі үшінші
Хромцова күміс жүлдегер атанды.
Сол секілді ҚХА-ның 20 жылды-
ғына орай Қызылорда қаласында
ұлттық спорт түрлерінен өткізіл-
ген ІV республикалық фестиваль-
де облыс құрамасы тоғызқұмалақ
пен жекпе-жектен жоғары нәтиже
көрсетті.
Біздің болашағымыз – жас
жеткіншектерді спортқа тарту
ұмыт қалған емес. Қазір 10371
бала мен жасөспірім спорт мек-
тептерінде жаттығып, шеберлік-
терін шыңдау үстінде. Соның
ішінде 1150 бала футбол, шағын
футбол, волейбол, баскетбол сын-
ды белсенді ойын спорт түрлері-
нен мектеп лигасы жарыстарына
қатысты.
Өңірде мүгедектер спортын
ілгерілетуге де ерекше көңіл бө-
лініп, олардың ішінде түрлі дода-
ларда оза шауып жүргендері аз
емес. Биыл Павлодар қаласында
өткізілген ҚР ІV параолимпиада-
лық ойындарында Азон Шаймар-
данов пауэрлифтингтен, Михаил
Бычковский жүзуден бас жүлде-
ні еншілеп, мүмкіндігі шектеулі
жандардың да спортпен тұрақты
айналысса, айтулы жеңіске жете
алатындықтарын көрсетті.
Алдағы жылы Бразилия
ның риодеЖанейро қаласын
да ХХХі жазғы олимпиада ойын
дары өтетіні белгілі. осы айту
лы додаға қазірдің өзінде Батыс
қазақстаннан спорттық жүріс
тен георгий Шейко және бай
дарка мен каноэ есуден Алексей
дергунов пен Андрей ергучев
жолдама алды. Жаңа жылда
тағы қандай спортшылардан
осындай нәтиже күтесіз?
- Әрине, ондай үміткерлер
баршылық. Әсіресе, дзюдодан
қазақ жастары арасында тұңғыш
рет әлем чемпионатының күміс
жүлдегері атанған Азамат Мұқа-
нов, әйелдер күресінен дүниежү-
зілік біріншіліктің қола жүлдегері
бол клубы бірінші лига жеңім
пазы атанып, премьерлигаға
қайта оралды. енді команда
құрамында қандай өзгеріс
жаңалықтар болмақ? Жаңа мау
сымда команда алдына қандай
мақсатміндеттер қойылмақ?
- «Ақжайық» футбол команда-
сының премьер-лигаға шығуы –
жылдар бойғы еңбекпен келген
үлкен жетістік. Ендігі мақсат – осы
табысты бекітіп, ойыншылардың
кәсіби шеберлігін арттырып, пре-
мьер-лигада барынша сәтті өнер
көрсету, болашақта халықаралық
деңгейге шығу. Бұл, әрине, оңай
емес. Қазақстан футбол феде-
рациясының президенті Ерлан
Қожағапановтың өңірге келген
жұмыс сапары кезінде осы мәсе-
ле футбол жанашырларының қа-
тысуымен егжей-тегжейлі талқы-
ланып, жоба-жоспарлар пысық-
талды. Сол бойынша нақты іс-ша-
ралар қолға алынатын болады.
Ақ Жайық өңірінде коман
далық спорт түрлерін алғанда,
футбол мен допты хоккей
алдымен ауызға ілігеді. Бірі
жазғы, екіншісі қысқы спорт
түрі болса да, өңір спортының
екі қанаты іспеттес. тіпті бұрын
облыс намысын асқақтатқан
спортшылар жазда доп тепсе,
қыста айдынға шығатын. қазір
екеуінің аражігі ажырағаны
мен, допты хоккей қазақстан
да тек оралда ғана жоғары
деңгейде дамып келеді. оның
түлектері кезінде әлем чем
пионатының қола жүлдегері,
сондайақ Алматыда 2011 жы
лы өткен Vіі қысқы Азия ойын
дарының чемпионы атанды.
Алдағы жылы «Ақжайық» доп
ты хоккей клубының құрыл
ғанына тура қырық жыл то
лады. Алайда «Жоғары лига»
бүкілресейлік жарысында өнер
өнер көрсетуі үшін жасанды мұз
айдыны салынуы тиіс. Осыған
орай «Жастар» стадионы базасын-
да жасанды мұз айдынын салу
биыл көзделген еді. Алайда мұз
айдынын салуға өткізілген тен-
дерге құрылыс компаниялары
қатыспағандықтан, «Қарашығанақ
Петролиум Оперейтинг б.в.» ком-
паниясы бұл жұмысты келесі
жылға қалдырды. Құрылыс, бұ-
йырса, 2016 жылдың көктемінде
басталады деп отырмыз.
соңғы сауал, жаңа жылда
спорттың қандай салаларына
басымдық беріледі, жаңадан
нысандар салына ма?
- Бұл жөнінде айтар болсақ,
спорт түрлерінің барлығы да адам-
дардың денсаулығын шыңдауды
көздейді. Сондықтан олардың әр-
қайсысы өзінше маңызды және
құнды. Сол себепті ерекше бір
спорт түрлеріне басымдық беріл-
мейді, барлығына көзқарас бір-
дей. Ең бастысы, негізгі жұмыс тіні
қалың бұқараны спортқа тартуға
бағытталып отыр. Яғни адамдар
спортты өмірлік серігіне айнал-
дырып, жүйелі шұғылданса, одан
қоғам да ұтады. Өзі де спорт-
пен айналысатын Елбасы қойып
отырған талап осы. Сондықтан
спорттың инфрақұрылымын да-
мыту, спорттық секциялар желісін
кеңейту мәселесі күн тәртібінен
түспейді. Батыс Қазақстанда жыл
сайын спорт нысандары салынып
жатқанымен, облыс тұрғында-
рының санына шаққанда, әлі де
жеткіліксіз. Сол себепті алдағы
жыл ішінде де мүмкіндігіне қарай
жаңа спорт нысандарын салу мә-
селесі қарастырылады деп отыр-
мыз.
сұхбаттасқан
Ғайсағали
сАМиҒОЛЛАҰЛы
Азамат БеКет:
«Жаңа жылдан жеңіс күтеміз»
Міне, 2015 жыл да мәреге жетті.
Осыған орай спорт саласында нендей
істер тындырылды, алдағы жоба
жоспарлар қандай, міне, бұл жөнінде
БҚО дене шынықтыру және спорт
басқармасының басшысы Азамат Бе
кет бізге былайша әңгімелеп берді.
орынды иеленді. Халықты спорт-
қа тартудың тиімді құралы, дені
сау қоғам құрудың кепілі ретін-
де Президенттік тестер белсен-
ді енгізілуде. Биыл бұл сынақты
тапсыруға 94563 адам қатысты.
Президенттік тестіден алғаш рет
Шымкент қаласында ұйымдасты-
рылған ел чемпионатына БҚО-дан
18 адам қатысып, олар жекелей
сында 30 медальді еншілеп, ко-
мандалық есепте төртінші орын-
нан көрінді. Әсіресе, абсолюттік
бағдарламаны орындаған спорт
ардагері Владимир Мельников
алтын медальді жеңіп алса, Ирина
Екатерина Ларионова, сондай-ақ
академиялық есуден олжа салып
жүрген Георгий Феклистов пен
Евгений Тацейге сенім артамыз.
Лицензиялық жарыстар жаңа
жылда да жалғасады, күтеміз. Ең
бастысы, олимпиадаға қатысып
қана қоймай, Қазақстанның көк
байрағын биікте желбіретіп, ел
абыройын аспандата түссе дейміз
арыстарымыз. Яғни жаңа жыл-
да жарыс алаңдарынан жеңіс кү-
теміз.
Биылғы жылдың басты та
бысының бірі, «Ақжайық» фут
көрсететін команданың бәсе
кеге қабілетті болып, супер
лигаға өтуі үшін керекті бас
ты талаптың бірі – жасанды
мұз айдыны. Көптен айтылып
келе жатқан осы мәселе биыл
жоспарланғанымен, жүзеге ас
пай қалды. осының себебі
неде, соған түсінік бере кет
сеңіз?
- Иә, сөзіңіздің жаны бар.
«Ақжайық» допты хоккей клубы
ойыншыларының жоғары сапалы
оқу-жаттығу үдерісін қамтамасыз
етіп, халықаралық деңгейде сәтті
келе жатқаны айқын аңғарылады.
Мысалы, 2014 жылы 150287 адам
немесе облыс халқының 23,9 па-
йызы спортқа бет бұрса, биыл
олардың қатары 158739-ға неме-
се 25,2 пайызға жетті. Жыл ішінде
салауатты өмір салтын насихаттау
бағытында 126007 адам қатыс-
қан 2 мыңнан астам спорттық-бұ-
қаралық іс-шаралар өткізілді.
Биыл жарыстар негізінен айту-
лы даталарға арналды. Мысалы,
Қазақстан халқы Ассамблеясының
20 жылдығына арналған түрлі
ұжымдар қызметкерлері арасын-
да шаңғыдан жаппай жүгіру, Ұлы
8
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
МәдЕНиЕТ
Батыс Қазақстан облыстық тарихиөлкетану
музейі еліміздегі ең ескі музейлер қатарында.
Негізі қаланғанына келер жылы 180 жыл
толмақ. Құндылықтар жиі өзгеретін аумалы
төкпелі ХХІ ғасырда музей ісін сауатты жүргізу,
оның аудиториясын ұлғайту – өте қиын. Мұны
бұл салаға саналы ғұмырын арнаған ардагер
музейшілер де айтуда.
Музей саласы:
іРкіЛісТЕР МЕН
Б
үгінде музей - тек ғылы-
ми-зерттеу, мәдени-ағар-
ту мекемесі ғана емес, ол
- ұлттың ұлт екенін айғақтайтын
ерекше мәнді киелі мекен. «Му-
зей – тек экспозиция мен білікті
мамандар орны емес, ол ерекше
рухани орда, құнды жәдігерлер
әлемі. Музей жәдігерлерінің сақ-
талуы уақытпен шектелмейді. Му-
зей қызметкерлерінің міндеті – өт-
кен тарихтың заттық ескерткіш-
терін келешек ұрпаққа шашауын
шығармай, қылауын қисайтпай
жеткізу» дейді облыстық тарихи-
өлкетану музейінің экспозиция жә-
не көрмені жабдықтау бөлімінің
меңгерушісі Гүлзия Мұханбетова.
Музейдің бұл бөлімі облыстық
музей мен оның филиалдарының
залдарындағы экспозицияның та-
рихи-хронологиялық, кешенді-та-
қырыптық, өзектілік қағидалары
бойынша орналасуына жауап бе-
реді. Экспозиция материалдарын
топтау жұмыстарымен айналыса-
ды. Экспозициялық материалдар-
ды жинақтап, жәдігерлерді, дерек-
терді және әдебиеттерді зерттеп,
тақырыптық құрылым бойынша
кеңейтілген «Тақырыптық ғылы-
ми тұжырымдама» құрастырады.
Экспозициядағы ғылыми-көмекші
материалдарға: этикетаж, мәтін-
дерді орналастыруға және олар-
дың экспозициядағы рөліне жауап
береді.
Аталмыш музей қоры өте бай.
Музей қорында ХVІІІ-ХХ ғасырлар
қолөнеріне тән: білезік, сақина,
шекелік, сырға, шолпы, шашбау,
бойтұмар, тана, жүзік, алқа, сырға
сияқты зергерлік бұйымдардың
үлкен коллекциядан тұратын көз
тартарлық жәдігерлері сақтаулы
тұр. Сонымен қатар қазақ халқы-
ның қолданбалы өнерінің жәді-
герлері - ағаштан жасалған үй жи-
һаздары мен ыдыс-аяқтар, музы-
калық аспаптар, шаруашылық құ-
рал-саймандардың көптеген түрі
де музей қорында сақтаулы. Қор-
дағы мыстан жасалған ыдыстар
да ерекше орын алады. Өрнектел-
ген самаурындар, әдемі құмандар,
құмыралар мен шылапшындар
бізге көне ғасырлардан сақталып
жеткен және үлкен тарихи құн-
дылықтары бар жәдігерлер. Му-
зей қорында түкті кілем, тақыр
кілем, сырмақ, текемет, түскиіз,
қоржын, аяққап сияқты қазақ
халқы қолөнерінің ішінде ерекше
орын алатын жүннен жасалған
бұйымдардың бірнеше түрі сақ-
таулы. Олардың музей қорына жи-
налуында, сақталып, күні бүгінге
дейін жетуінде музей ардагерлері
Сара Есқайырқызының, марқұм
Гүлсім Оразмағанбетқызының ең-
бектері ұшан-теңіз екенін атап ай-
ту керек. Ою-өрнекпен әшекей-
ленген қолөнер бұйымдары –
қазақ халқының тарихы, архео-
логиясы мен этнографиясы жө-
нінде бағалы жәдігерлер. Олар
халқымыздың тұрмысы мен өмірі
туралы құнды деректер береді.
- Бірақ бүгін олардың бәрін
жарқыратып көрсетуге мүмкін-
дік жоқ. Музей залдарының тар-
лығына байланысты олардың
көпшілігі қорда сақтаулы тұр.
Осыған орай музей қорындағы
жиналған осынау құнды жәдігер-
лерді, коллекцияларын жарыққа
шығару мақсатында тақырыптық,
арнаулы күндерге көрмелер жаб-
дықталып, көрермен назарына
ұсынылып отырады. Бүгінде музей
ғимаратының іші-сырты жөңделіп,
жаңғыртылуда. Дегенмен, «шір-
кін-ай, облыс орталығы Оралда
музейге арналған арнайы ғима-
рат қашан салынар екен?» деген
ой әрбір музейшінің көкірегінде
тұрғаны анық. Өзге облыстарда
салынып, ашылып жатқан музей-
лерді көре отырып, оларға қызыға
да, пендешілікпен қызғана да қа-
райтынымыз рас. Кең, зәулім зал-
дары бар музей ғимараты әзірге
арман. Бірақ күндердің күнінде
ол арман да жүзеге асатын болар,
- дейді музейдің бөлім меңгеру-
шісі Гүлзия Мұханбетова.
Иә, Қазақстандағы барлық му-
зейлердің проблемасы ұқсас. Бас-
тысы – музей ғимараттарының
жәдігерлерді сақтау мен көрер-
менге ұсынуға арналмағандығы.
Қайта қалпына келтіруге мемле-
кеттен қыруар қаржы бөлінудің
арқасында көптеген музей қайта
жабдықталды. Бірақ бәрі бірдей
емес. Біздің өлкеде шүкірлік деуге
болады.
- Облыста кеңес заманында
арнайы музейге арнап салынған
ғимарат жалғыз Чапаев музейі.
Оның өзіне біраз жыл болды. Об-
лыстық музей 1980 жылы шіркеу
ғимаратынан қазіргі орналасқан
ғимаратқа көшкенде, 25 қызмет-
кері бар болатын. Мәскеуден су-
ретшілер келіп, ішін жабдықтады.
Сол кездегі Қазақстан мәдениет
министрінің орынбасары Өзбек-
әлі Жәнібеков келіп, «Бұл ғима-
рат музейге арналғандай екен»
деп риза болды. Музейдің жа-
ңаша ұйымдастырылуында сол
кездегі өңір басшысы Мұстақым
Ықсановтың еңбегі көп. Музей зал-
дары негізінен екінші қабатында
орналасты. Ал бірінші қабатынан
қазақтың тарихына қатысты бөлім
ашайық десек, экспонат аз бола-
тын. Содан жыл сайын ауыл-аудан-
ды аралап жәдігер жинадық. Бір
үйден бір музейдің экспонаты
шығатын. Оны сатып алуға ол кез-
де жақсы қаржы бөлінетін, - деп
еске алды музей саласының арда-
гері Сара Танабаева.
- Саланың басты проблемасы
– кадр. Бүгінде музей көбейді.
Тарих факультеттері маман әзір-
лесе дейміз. Мықты тарихшы ма-
мандардың салаға тартылмау се-
бебі – жалақы аздығы. Бұрыннан
солай. Кітапханашылар жалақыны
бізден артық алатын. Оларға ескі
кітаптардан келетін зиян бар деп
үстемеақы қосылатын. Музей
жәдігерінде де қанша жылғы тозаң
болады. Ол жәдігерлер біреудің
шатырынан, жертөлесінен, тіпті
тауыққорасынан жиналады. Оны
әкеліп тазалаймыз. Бұл салада
жүргендер – музейді сүйетіндер,
ешкім қаржысына қызығып жүр-
ген жоқ, - дейді Сара Есқайырқы-
зы әңгімесін сабақтай түсіп.
Музейлердің жарнамасы аз.
Телеарналар арнайы хабарлар
түсірмейді. Тіпті арнайы музей
жайлы хабарлар шығарылмаса да,
тарихи бағдарлама, сұхбаттар му-
зейдің ішінде түсірілсе де, халық-
қа жетімді болар еді.
- Музейлердің ең басты проб-
лемасы – халықты тарту. Тек
жарнама арқылы мәселені шешу
қиын, жаңа технологияларды іс-
ке қоспаса болмайды. Ал музей
ісін алға сүйреу, ІТ технология-
ларын ендіру оңай шаруа емес.
Қорда жәдігер көп, оның бәріне
орын жоқ. Біз 3D-экскурсия жа-
сайтын құрылғы алып, сол таса-
да қалатын жәдігердің бұрынғы
қалпын, тарихын жеткізгіміз ке-
леді. Ішінара кейбір жәдігерлерді
ғаламторға, газет-журналға шы-
ғару арқылы ел назарын ауда-
рып, қызықтырудамыз. Қазір му-
зей жайлы әлеуметтік роликтер
түсіруді қолға алдық. Мұндағы
басты мақсат – келушілер арқылы
ақша табу емес, тарихымызды, бас-
тауымызды, құндылықтарымызды
насихаттау. Музейдің жұмысы
оның қазынаға қанша қаржы
түсіргенімен өлшенбейді. Музей
– мәдениет, ал мәдениет – дұрыс
қоғам қалыптастырудың кілті, ке-
лешекке жол салу. Біздің мақсат
музейді заманауи, қолжетімді,
қызықты ету, - дейді облыстық му-
зейдің басшысы Мирболат Ерсаев.
Жас басшының ойын жарты
ғасырға жуық осы салаға еңбек
сіңірген Сара Есқайырқызы да
қолдап отыр. «Осында келген
шетелдіктер олардағы экспонат-
тардың барлығы интернетте ба-
рын айтады. Біз жастарды интер-
неттен бәрібір айыра алмаймыз.
Одан да интернет арқылы ұлты-
ның көне жәдігерлеріне назарын
аударып, өз тарихына қызықтыр-
сақ болар еді» дейді ардагер му-
зейші.
Достарыңызбен бөлісу: |