Газет 1921 жылдың 1 маусымынан



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі2,44 Mb.
#5448
1   2   3   4   5

жансая  кенжеБек

суретте:  орынхан  апай  мен  қуаныш  аға.

«Жаркент  өңірі»

№ 51  (8842)

16  желтоқсан   2016  жыл

4

 

Тәуелсіздік - естен кетпес тәтті ұғым,



 

Тәтті ұғымның жырлайыншы шаттығын.

 

Еркіндігім өз қолыма тиген соң,



 

Жыр қанатын көк аспанға қақты ұлың.

 

 

 



Тәуелсіздік - бар қазақтың арманы,

 

 



 

Арманыңды Алаш ұлың жалғады.

 

 

 



Тілейінші амандығын халқымның,

 

 



 

Бола жатар Байлық, Бақыт қалғаны.

 

Тәуелсізбін,  жырлайтұғын қақым бар,



 

Жат түңіліп, қуансыншы жақындар.

 

Қуан қазақ, қуан жұртым жарылып,



 

Жырға қосып жатыр бүгін ақындар.

 

 

 



Тәуелсіздік жаныма қуат құяды,

 

 



 

Қалай мақтан етсем-дағы сияды.

 

 

 



Тыныш заман мәңгі еліме орнасын,

 

 



 

Қарлығаштың бұзбайтындай ұясын.

 

Тәуелсіз  деп соқпады ма жүрегім,



 

Еркіндіктің дәмін татып жүр елім.

 

Еркіндік те елге келген бір Бақыт,



 

Сол Бақытты жырға қосып келемін.

 

 

 



Тәуелсіздік келмеді ме қанменен,

 

 



 

Тәуелсіздік күліп кірді таңменен.

 

 

 



«Қуанышың құтты болсын!»-деп бүгін,

 

 



 

Сүйіншіңді, сүйіншіңді ал менен.

 

 

 



               

  

Сүлеймен   НҰРҚАСЫМҰЛЫ,

 

 

 

«Арқас алауы» әдебиет және өнер 

 

 

 

бірлестігінің жетекшісі.

 

Далада   аппақ  ұлпа  

қар  жауып  тұр.    Сен  құрбан 

болған  сол  алаңды  да  қар 

басыпты.  Аппақ  қарға  қарап  

елің  сенің  адалдығыңды, 

кіршіксіз,  асқан  рухыңды 

көрді.  Әне,  мұздың  үстінде 

алау  лаулап  жанып  тұр. 

Бұл  батыр  ата-бабамыздың 

қанымен  қорғаған  жерде 

ержүрек  қыздың  қазақ  халқы 

үшін қыршыннан қиылған күні 

жанған алау еді.

Құлағыма бір ән келеді,

Жас денемді мұз етіп,

Мен жатырмын сыз өтіп

Суық екен қара жер,

Жылытшы ана тез жетіп...

    Желтоқсанның мұзда жанған 

мәңгілік алауы  тоталитарлық 

режимнің күйреуіне үлкен үлес 

қосқан нағыз күрескер қайсар 

қыз  16  жасында    халқының 

ҚАЗАҚТЫҢ    ҚАЙСАР   

ҚЫЗЫ


  

 

-Бағдат, 

сіздің 

Желтоқсан 

оқиғасына 

қатысқаныңызды  білеміз.  «Мен  қатыстым»  деп  өзіңізді  

дәріптей  де  бермейсіз.  Желтоқсан  оқиғасы  басталмай 

тұрғандағы көңіл – күйіңіз қандай еді?

 

-Өзім  ұнатқан  оқуыма  түсуім  –  мені  шексіз  қуанышқа 



бөледі. Оқудан басқа ештеңе де ойламадым. Асқақтаған арма-

ным алақаныма қонғандай тәтті бір әсерде едім. Бұл менің ғана 

емес, мен сияқты оқуға түскен әрбір жастың басында болатын 

жағдай ғой. Мақсат, мүддем тек оқу ғана болатын.

 

-1986  жылдың  ызғарлы  желтоқсанын  ұмытқан 

жоқсыз ба?

 

-Қайдан  ұмытайын.  Ол  күндердің  оқиғасы  әлі  санам-



нан  өшкен  жоқ.  Желтоқсан  айы  шалқасынан  туды.  «Қонаев 

түсіп,  орнына  Колбин  келіпті»  деген    жайсыз  хабарды  естіп, 

аңтарылып қалдық. Қазақстанды басқаратын бір қазақ азаматы 

шықпағанына сенер не сенбесімізді білмедік.  Абыржыған адам-

дарды көріп, тосын бір істің боларын сезгендей болдым.  Ойы-

мызда оқудан басқа ешнәрсе жоқ, кезекті лекцияда отыр едік, 

аудиторияға  есіктен  біреу  қағаз  лақтырды.  Оны  бәріміз  жабы-

ла  оқыдық.  «Қандарыңда  қасықтай  ұлттық  ар  –  намыс  болса 

алаңға шығыңдар!» деген жазу тайға таңба басқандай анық етіп 

жазылыпты. Лекция     бітер – бітпестен  курстағы  елу  бала      

Темириязов      көшесімен  алаңға  тура  тарттық.  Жол-жөнекей 

тролейбусқа отырмақ болдық, бірақ отыра алмадық. Жүргізуші 

қазақ жастары мінбек болса, есікке ток жібереді екен.  

 

 



Алаңға жаяу келдік. Көше бойы кездескен орыстар бізге 

кектене  қарайды.  Біз  сол    кезде  өз  тәуелсіздігімізді  жеңіп  алу 

үшін кетіп бара жатқанымызды білгеміз жоқ.

 

-Бағдат  Бейсенқызы,  алаңдағы  өзіңіз  көрген 



жағдайға тоқталсаңыз?

 

-Әрине,  адам  айбаттанса  алып  күшке  айналады  екен-



ау!  Алаңға  жиналған  бейбіт  шеруге  сақадай  –  сай  мұздай 

қаруланған түсі суық әскерлер тап беріп таратпақ болды. Су ша-

шатын  машиналар  төбемізден  суық  су  да,  ыстық  су  да  құйды. 

Қарусыз  қыз  –  жігіттерге  ит  қосып,  ұрып  –  соқты.  Қыздарды 

шаштарынан  сүйреп,  тепкілеп,  темір  қайлалармен  қан  жоса 

етті. Қыздардың шыңғырған ащы даусын естіген ер – азаматтар 

көмекке ұмтылды. Қарусыз жалаңаш қолдарымен  тас асфаль-

ттарды  аударып  қарсы  тұрды.  Алаң  кешке  қарай  қып-қызыл 

қанға боялды. Біреуді -  біреу біліп болмады. Алаң күңгіртеніп, 

Алматы күңіренді...  Бір кезде есімді жинасам «Ленин ілімі жаса-



КЕШЕГІ    КҮННІҢ    КҮРКҮРІ

«ЖЕЛТОҚСАН -ЖАНЫМНЫҢ    ЖАРАСЫ»

   

Ләззат   Асанованың   рухына



      

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына  қатысқан, 

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Мемлекеттік   Ұлттық 

Университетінің журналистика  бөлімінің студенті, 

бүгіндері аудандық «Жаркент өңірі» газетінің ре-

дакторы 


Бағдат   Бейсенқызы  АЙТМҰҚАЕВАҒА  

жолығып сұқбаттасқан едік.  

 

«Желтоқсан  –  жанымның  жарасы» 



атты  сол  сұқбатты  Қазақстан  Республикасы  

Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай  көпшілікке 

жария  етуді  жөн  көріп отырмын.

сын!» деген ұранды әлі көтеріп жүр екенмін. Саусақтарым 

қарысып, қатып қалыпты, ажырамайды, «Алмагүл» шағын 

ауданындағы  өзіміз  жатып  жүрген  орыс  кемпірдің  үйіне 

қалай келгеніміз есімізде жоқ. Өрт сөндірушілер шашқан 

суық  суға  желтоқсанның  суық  ызғары  қосылып,  үстіміз 

мұз  боп  қатып  қалған.  Оның  үстіне  кемпірдің  намысқа 

тиер ғайбат сөздері жанымызға аяздай батты.  Жақ ашып, 

жауап  қайтаруға  шамамыз  келмей,  сол  тұрған  жерімізге 

құлай – құлай кеттік...

       

         -Қасыңызда кімдер бар еді?

   


-Дана,  Еңлік  деген  курстас  құрбыларым  болды. 

Жатын орнымызға аман – есен жеткенімізге қуандық.



 

-Әрине, желтоқсанға қатысқандарды сұраққа 

алғанын білеміз. Бұл жайында не айтар едіңіз?

 

-Сұраққа алу тізімінде бірінші болып мен тұрдым. 



Қара  тізімге  ілінген  соң,  айғақ  іздеп,  тіміскілегендер 

аз  болған  жоқ.  Кейде  күніне  екі-үш  рет  сұраққа  алып, 

маза бермеді. Шындықты айттым. Сол шындықты іздеп 

шырқырағаным басыма пәле болып жабысты.  Әсіресе, 

басқа  емес,  өз  қандастарымнан  көрдім  көресіні.  Олар 

басбұзар,  ұлтшыл,  қылмыскер,  экстремист,  террорист, 

нашақор деген сараптамаға қол қой, - деді. Мен бас тарт-

тым. Қалай қоямын, жазғандары ылғи өтірік, «басбұзар», 

«нашақорсың»  дегендері  жаныма  қатты  батты.  Кеше 

ғана мектеп бітірген жас қызға бұлай 

айту  тіптен  артық  еді.  Қандастарым 

өз  өтіріктерінен  ыңғайсызданды  ма, 

маған  алаңға  неге  шықтың?  –  деді. 

Мен «Қаным қазақ, жаным қазақ неге 

шықпаймын  алаңға»  дедім.  Осы  сөз 

басыма  бәле  болып  жабысты.  Уни-

верситеттен қуылдым. Журналист бо-

лам деген арманым желге ұшты. Са-

лым суға кетіп, ауылға келдім. Мұнда 

да,  «Бағдат  қылмыскер»  деген  қаңқу 

сөз  соңымнан  қалмады.  Бәрінен  әке-

шешемді  аядым,  олардың  сенімін 

ақтамағаныма қарадай күйіндім.

 

Бірақ  ерте  ме,  кеш  пе 



шындық  салтанат  құратынына  иман-

дай  сендім.  Сол  сенім  мені  өмірге 

қайта алып келді.

              -Қазіргі  өміріңізге  ризасыз  

ба?

 

-Әрине, 



ризамын. 

Тәуелсіздіктің  ұлы  көшіне  еріп    келе 

жатқандай  рухтанамын.  Желтоқсан 

қозғалысына  қатысқанымды  мақтан 

етемін.  Өйткені  Тәуелсіздікке  аз  да 

болса менің де қосқан үлесім бар ғой.



              -Алаңға дәл өз басыңыз 

қандай оймен шыққан едіңіз?

 

-Біз 



қазақпыз. 

Қазақ 


ұлтымыз. Неге өз елімізді өз көсеміміз 

басқармайды?  Тілімізді,  дінімізді 

түсінбейтін,  әдет-ғұрпымызды,  жер-

суымызды білмейтін айдаладағы ұлты 

орыс адамның басқаруы қалай? – де-

ген    сұрақтарға  жауап  алу  еді.  Осы 

сұрақтарға  жауап  іздеген  қаншама 

жалын  атқан  жастарымыз  құрбан 

болды. Солардың қатарында жазира-

лы Жаркент өңірінің түлегі  Ербол мен 

Ләзаттар да бар еді. Тәуелсіздігімізге 

тәу ете отырып, сол боздақтардың ру-

хына тағзым етемін.

 

-«Желтоқсан 

оқиғасына 

қатысқан  едім»  -  деп  өзіңізді  көп 

дәріптей  де  бермейсіз.  Желтоқсан 

айы  жылда  келген  сайын,  сол 

бір  қиын  кезеңдерді  еріксіз  еске 

түсіретін шығарсыз?

 

-Иә,  Желтоқсан  ызғары  жа-



нымды жаралайтыны рас. Бірақ оның 

бізге  әкелген  Тәуелсіздігі  одан  гөрі 

қымбаттырақ  десем  қателеспейтін 

шығармын.



 

-Әңгімеңізге    рахмет!

Мәулен   КЕРІМБЕКОВ.

намысы үшін құрбан болды. 

       Бүгін азаттықтың ақ таңы 

атты.  Ләззат  ұлт-азаттығы 

жолындағы  күрескен  батыр 

ретінде  аталады.  Оны  бұл 

күнде    күллі  әлем  халықтары 

естіп 


білді. 

Желтоқсан 

ұлт  –  азаттық  көтерілісі 

қаһармандарының  ерлігі  та-

рихта  мәңгі  шежіре  болып 

қалды.


                    Далада  қар  жауып 

тұр.  Бүгін  тағы    халқың  сол 

алаңдағы сенің қаның төгілген 

жерге  жиналды.  Батырын 

еске  алып  ескерткішке  гүл 

шоқтарын қойды. 

            Ләззат  сен  бақыттысың!  

өйткені  ,  өзіңдегі  қазақы  рух-

ты  ер-намысты  елдің  ұл-

қыздарына өнеге етіп кеттің. 

 

Рухың риза болсын! 



Г. ЗӘРУБАЙҰЛЫ.

ТӘУЕЛСІЗДІК - ТӘТТІ  ҰҒЫМ

  


16 желтоқсан   2016  жыл

№ 51 (8842) 

«Жаркент  өңірі»



5

Жанатбек 

Ешенқожаұлы 

Ішпекбаев

Жанабек    Ешенқожаұлы  –  Алматы 

облысы Жаркент ауданына қарасты 

Қоңырөлең  ауылының  төл  түлегі. 

 

Білімі жоғары: 

-1986-1991  жылдары  –    Қазақтың 

Абай  атындағы  Еңбек  қызыл  Ту 

орденді  педагогикалық  институ-

тында    қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

мамандығы бойынша  білім алды;  

 

-2000-2002 



жылдары 

 

Биыл 



Қазақстан 

халқы 


егеменді еліміздің жиырма бес жылдық ме-

рейтойын атап өтпек. Қуанышты жағдай. 

Кез келген көңіл толқытатын тұстарда адам 

өткенге  үңіліп,  бүгінін  бағамдайды.  Бұл  да 

табиғи  заңдылық.  Осы  тұрғыдан  алғанда 

мен  өз  оқырманыма  қазіргі  билік  басында 

жүрген элитаны ойша көзге елестетіңіздерші 

деген,  ұсыныс  жасар  едім.  Мұнда  тұрған 

ештеңе 

жоқ, 


кәдімгі 

қызметтерінің 

дәрежесіне  орай  премьер-министр,  ви-

це-премьер  министр,  министр,  вице  ми-

нистр,  ұлттық  компаниялар  президенттері, 

әкімдер  және  басқа  да  лауазымды  атап 

алып сол қызметті дәл қазір атқарып жүрген 

тұлғалардың  бейнелерін  көз  алдарыңызға 

әкеліңіздерші...    «Ескіден»,  анығын  айтсақ, 

1991  жылға  дейін  Қазақстан  билігінің 

әртүрлі  деңгейдегі  тізгінін  ұстағандардан 

ешкімді  көре  алмайсыз.  Бәрі  жаңа,  бәрі 

жас...  Бұлардың  бәрі  де  1991  жылдан 

кейін  өсіп  шыққан  ұлан-байтақ  Қазақстан 

даласының  «Бас  бағбаны»  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев өсірген мәуелі бағының 

тамаша жемістері... 

 

Қазақта  «Елу  жылда  ел 



жаңа,  жүз  жылда  қазан»  деген  қанатты 

сөз  бар.  Бір  еске  салатын  тұс  –  біздің 

ұлттық  Көшбасшымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  бұдан  бірнеше  жыл  бұрын 

халықаралық  алқалы  жиында,  «Тарихи 

уақыт өзінің жылдамдығын өсірген кезеңде 

өмір сүріп жатырмыз» дегенді ескертті. Иә, 

«ескертті»!  Бұл  баршамыздың  санамыз-

дан  шықпауға  тиісті  ескерту,  «абыздың 

ақылындай» ескерту, өмірдің өзінен алынған 

ескерту.  Мұның  соншалықты  дәлдігі  біздің 

Қазақстан өмірінен-ақ көрініп тұр. Айталық, 

жоғарыда 

мысалға 


келтіргенімдей, 

бұрынғы  бабаларымыз  «Елу  жылда  ел 

жаңа»  десе,  бас-аяғы  жиырма  бес  жыл 

ғана  уақыт  бөліп  тұрған  екі  Қазақстанды, 

дәлірек айтсақ, 1991 жылғы Қазақстан мен 

бүгінгі  Қазақстанды  салыстырар  болсақ, 

айырмашылық  тайға  таңба  басқандай 

көрініп  тұр.  Оның  бір  мысалын  жоғарыда 

келтірдім.  Елді  басқару  тізгінін  ұстағандар 

түгелдей дерлік жаңарған. Бұлардың ішінде 

отыздың о жақ бұ жағындағы жастар да жүр. 

Сондай-ақ 1991 жылға дейінгі Қазақстанды, 

Қазақстан  халқын,  қазақтарды  білетін 

адам  әлемде  кемде  кем  болатын.  Ал  қазір 

олардың  бізді  білмейтіндері  кем  де  кем. 

Егемен  Қазақстан  Республикасы  бұл 

күндері  жүзден  астам  мемлекетпен  сауда-

экономикалық  байланыс  орнатқан  екен. 

Осы  орайда  шетелдік  танымал  тұлғаның, 

нақтылап  айтсақ,  Ұлыбритания  Біріккен 

Корольдігінде  премьер-министр  қызметін 

атқарып  «Темір  ханшайым»  теңеуіне  ие 

болған  Маргарет  Тэтчер  1991  жылдың 

өзінде-ақ  «Бүгінде  әлем  білетін  бес  не-

месе  алты  ықпалды  саясаткерлердің 

ішінде  Н.Назарбаев  мырза  бар»  дегенін 

еске  салудың  да  қисыны  келіп  тұр.  Иә, 

жоғарыда  барлық  жауапкершілікпен  ай-



«Мәңгілік   ел   осылайша   соМдалған»

         «Мәңгілік ел осылайша сомдалған» атты монографияда Тәуелсіз  

Қазақстанның қалыптасу жолы мен дамуы, көреген Көшбасшымыз 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  салиқалы  саясаты  негізінде 

жүзеге  асырылған  реформалар  мен  бағдарламалар  және  оның 

нәтижелері жан-жақты нақты деректермен байытылып, баяндалған.

Ғылыми  еңбек  төрт  тараудан  тұрады.  Бірінші  тарауда  1991-1997 

жылдар  аралығындағы  елдегі  саяси-экономикалық  жағдай, 

әлеуметтік мәселелер және КСРО экономикасының қирандысынан 

ырғақты даму арнасына түскен Қазақстан экономикасын түзетудің 

ерекшеліктері ғылыми сараптан өткізіледі. 

 

Екінші 

тарауда 

1997-2007 

жылдар 

аралығы 

қарастырылады. Бұл тарау «Қазақстан - 2030» даму бағдарламасын 

жүзеге асыру барысындағы               10 жылдық тынымсыз еңбекті 

талдауға арналған.

 

Үшінші 

тарауда 

2007-2013 

жылдар 

аралығы 

қарастырылады. Бұл кезеңде де өзіне тән даму мен дағдарыстар, 

жер  бетіндегі  геосаясаттың  өзгерістері  болғаны  және  ондағы 

Қазақстанның бітімгершілік күші туралы айтылады. 

 

Соңғы  төртінші  тарауда  «2050  стратегиясы»,  «Нұрлы 

жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» – ұлт жоспары, сондай-ақ 

«Мәңгілік ел мұраты» секілді ауқымды реформалық бағдарламалар 

талданып,  олардың  ТМД,  Еуразия  құрлығы  және  әлем  кеңістігі 

аумағына  консенсусқа  өзек,  тін,  алтын  көпір  болатын  тұстары 

баяндалады.  Сонымен  бірге  Көшбасшымыздың  2016  жылдың 

сәуір  айында  өткен  Бүкіләлемдік  ядролық  қаруға    қарсылардың 

Вашингтондағы  саммитінде  жариялаған  «Әлем.  ХХІ  ғасыр» 

манифесі мен Ыстамбұлдағы Ислам ынтымақтастығы ұйымының 

Саммитінде Түркия президенті Реджеп Тайп Ердоғанмен бірлескен 

декларациясы талданады.

 

Бұл монографияда Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, 

әлеуметтік  және  ішкі-сыртқы  саяси  байланыс  мәселелері  бір 

кеңістікте, тұтастықта қарастырылып, жан-жақты талданған.

Бұл ғылыми еңбекте нақты деректер арқылы Тәуелсіз Қазақстанның 

кешесі  мен  бүгініне  салыстырмалы  талдау  жүргізілген.  Еліміздің 

ішкі  және  сыртқы  саясаты  тәуелсіз  мемлекеттің  әлеуметтік  және 

экономикалық  жағдайлармен,  сондай-ақ,  бұрынғының  тари-

хи  ақиқаттарымен  бір  кеңістікте  қарастырылған.  Автор  тәуелсіз 

мемлекеттің  құрушысы  Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың  тұлғалық  бейнесін  сенімді  деректермен 

сомдап  шыққан.  Монографияны  еліміздің  білім  беру,  саясатта-

ну,  әлеуметтану,  экономика,  тарих,  құқықтану  салаларында  кең 

пайдалануға болады. 

аралығында  Абай 

атындағы 

Алма-


ты 

Мемлекеттік 

у н и в е р с и т е т і н д е  

қ ұ қ ы қ т а н у 

мамандығы  бойын-

ша білім алды; 

 

- 2 0 0 2 -



2005 

жылдары 


аралығында  Қазақ 

қатынас  жолдары 

у н и в е р с и т е т і н д е 

экономика 

және 

басқару  мамандығы 



бойынша білім алды.

Еңбек жолы:

-1982-1983  жж.      № 

148  ОКТУ-дегі  кең 

кәсіпті  маман; 

-1983-1986 

жж. 


Кеңес 

әскері 


қатарында  әскери 

борышын  өтеді;

-1995 

жылы  


Абай  ат.  ҚазПИ 

қазақ 


әдебиеті  

к а ф е д р а с ы н ы ң 

оқытушысы;

-1995-1997 жж. «Шабдар» фирмасында 

баспа  ісі  бойынша  директордың  орын-

басары;


-1997  -  2008    жж.    Абай  атындағы  

ҚазҰПУ ректорының көмекшісі;

-2008  жылдың  сәуір  айынан  бастап  

қазіргі  уақытқа  дейін  Абай  атындағы  

ҚазҰПУ-дың    тәрбие  ісі  жөніндегі  про-

ректоры. 

 

Ғылыми 

қызметі 

және 

ғылымдағы  қызығушылықтары: 

Ж.Е.  Ішпекбаев –  4 монография,  3 оқу 

құралы,  3  ғылыми  басылым  мен  60-тан 

аса ғылыми мақалалардың авторы. 

Ғылыми  дәрежесі:  1991-1994  жыл-

дары  аралығыныда  Абай  атындағы 

қазақ 

педагогикалық 



институтының 

аспиранты.  2004  жылы  «Қазақстандық  

қоғамның  жариялық контексі аясындағы 

жалпымемлекеттік 

консенсусін 

қалыптастыру 

ерекшеліктері» 

тақырыбында  кандидаттық  диссерта-

циясын  қорғап,    саяси  ғылымдар  кан-

дидаты атағына ие болды. 

  

Ғылыми  атағы:  Қытай 

Халық 


Республикасындағы 

Хань-


шань  педагогикалық  университетінің 

құрметті  профессоры  (2002  ж.).  ҚР 

БжҒМ  саясаттану  мамандығы  бойын-

ша доцент атағы берілді (2009).  Абай 

атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университетінің профессоры  (2011 ж.). 

 

Қоғамдық қызметі: 

-2007-2010 жылдары аралығында Абай 

атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  Сы-

байлас  жемқорлық  және  ұйымдасқан 

қылмыстың алдын алу  мен  жол бер-

меу комиссиясының төрағасы, Алматы 

қаласы  Медеу ауданы АІІБ жанындағы 

Қоғамдық кеңестің мүшесі;

- 2011 жылы ҚР Президентінің кезектен 

тыс  сайлауы  қарсаңында  «НұрОтан» 

ХДП  Медеу  аудандық  Қоғамдық 

штабының Төрағасы;  

-  2012  жылы  Алматы  қалалық 

Мәслихат депутатығына  үміткер  С.Ж. 

Пірәлиевтың  сайлауалды  штабының 

Төрағасы; 

-2011  жылдан  бері    Абай  атындағы 

ҚазҰПУ 


жанындағы 

«НұрОтан» 

партиясының  бастауыш    партия 

ұйымның төрағасы қызметін атқарады.

 

Мараппаттары: 

  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  

Алғыс  хаттарымен    (2006,  2008,  2011 

жж.),  білім  саласындағы  қызметі  үшін 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің 

Құрмет  грамотасымен  марапатталды  

(2008 ж.). 

 «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі   (2009ж.),  

«Қайырымдылығы 

үшін 


«Сау-

ап»    медалі    (2010  ж.),    «Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздігіне  20 

жыл» мерекелік медалі (2011 ж.),  Алма-

ты қаласы Медеу ауданының             75 

жылдығына  орай  «Медеу  ауданының 

әлеуметтік-экономикалық 

дамуына 


қосқан үлесі үшін»  мерекелік төсбелгісі 

(2011 ж.), «Білім беру ісіне қосқан үлесі 

үшін»  медалі  (Ресей,  2012  ж.),    Абай 

атындағы ҚазҰПУ-дің  қалыптасуы мен 

дамуына сіңірген еңбегі үшін «Айрықша 

еңбегі  үшін»  төсбелгісі  (2012  ж.), 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  «Білім  беру 

ісінің  құрметті  қызметкері»  төсбелгісі 

(2013ж.). 

 

Ішпекбаев.  Ж.  -  Панфилов 



ауданының Құрметті азаматы (2013 ж.).

тып  өткенімдей,  Қазақстанды,  қазақ  халқын 

білетіндер  1991  жылға  дейін  әлемде  мүлде 

аз  болғаны  даусыз  шындық.  Өйткені  біз  алып 

державаның  құрамдас  бөлігі  саналатын, 

халықаралық  деңгейдегі  субъект  қызметін 

атқару құқы жоқ одақтас республикалардың бірі 

ғана болдық. Солай бола тұрса да сол кезеңнің 

өзінде-ақ  біздің  Президентіміз  Нұрсұлтан  

Әбішұлы  Назарбаевтың  ықпалды  тұлға 

екендігі  дүниежүзілік  геосаясатты  белгілеуші 

топтағыларға  мәлім  болған  екен.  Таңқаларлық 

жағдай ма? Жоқ. Эволюцияның табиғаты сол.

 

Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан 



Әбішұлы Назарбаев әлемге «Қазақстан жолы – 

дұрыс жол» деген теңеуге лайық болған саяси-

экономикалық  реформаларды  жүргізіп,  бұл 

күндері дүние жүзін түгел таң қалдырған Аста-

на  секілді  әсем  қаланы  салдырып,  ЕҚЫҰ-ның 

Астана саммитін өткізіп, Астана декларациясын 

қабылдаттырып,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

бас  мінберінде  төрткүл  дүниеге  түгел  өзінің 

жаңа  ғасырда  адамзаттың  даму  жолын  түзеу 

туралы  соны  ұсынысын  жариялап,  осылардан 

соң  ғана  әлемге  танылған  тұлға  емес.  Мұндай 

істердің  бәрі  жоғарыда  Тэтчер  ханым  атап 

көрсеткеніндей,  1991  жылға  дейін-ақ  әлемге 

ықпалды  тұлға  ретінде  танылған  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев секілді көреген де кемеңгер 

Көшбасшымыздың  ертеден  басталған  тама-

ша  ұстанымының  баршамыз  көріп  отырған 

кейінгі дәмді жемісі ғана. Орайы келгенде айта 

кететін  бір  тұс  жұмыс  бабындағы  кездесулер-

ден,  екеуара  әңгімелесулерден  кейін  Ресей 

Федерациясының  тұңғыш  президенті  Борис 

Николаевич  Ельцин  біздің  Көшбасшымызды 

шығарып салып үйіне оралғанда «Назарбаевтай 

Президенті бар Қазақстан халқы бақытты ғой» 

дейді екен. Мұны бертінде Борис Николаевичтің 

жесірі Наина Юсуповна Ельцина қаз-қалпында 

қалың бұқараға жеткізді. 

 

Бүгінгі  биіктен  қарап  тұрсам 



Қазақстан  да,  оның  халқы  да  танымастай 

өзгеріп,  жаңғырып  жақсара  түскен  екен. 

Қазақстанның  кешегі,  нақтылап  айтсақ,  1991 

жылғы  тұрған  деңгейі  қазіргі  деңгейден  мүлде 

төменде  жатыр.  Біз  биікте  тұрмыз.  Алда  да 

биіктей  беретінімізге  бәріміз  де  сенеміз.  Туған 

отанымның өз көз алдымда осылайша самғауы, 

биіктеуі  әділін  айтқанда  Н.Ә.Назарбаев 

еңбегінің  жемісі.  Біздің  бәріміз  де  Көшбасшы 

еңбегінің жемісіндейміз. 

1991  жылдың  желтоқсанында  Президентіміз 

Қазақстанның  тәуелсіздігін  жариялаған  күні 

мен  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық 

университетінің  аспирантурасында  бірінші  кур-

ста оқиды екенмін.  

 

Желтоқсан оқиғасында мен сол Абай атындағы 



педагогикалық  университеттің  бірінші  курс 

студенті  едім.  Болған  жағдайды  көзбен  көрдім. 

Ұстаздарымның  жұмсауымен  және  өзімнің 

жүрек  қалауыммен  алаңға  барып  ашынған 

қандас  бауырларымды  «тәубеге  шақырып» 

тынышталуларын  өтінушілердің  ортасында 

болдым.  Яғни  ағалардың  ақылымен  «ашу-

лыларды»  «сабырға  шақырушылар»  тобын-

да  жүрдім.  Бірақ  буырқанған  тау  өзеніндей 

ашынған жастар біздің мұнымызды не қылсын?! 

Аяғы не болғанын баяндап жатудың қажеті жоқ. 

Өйткені ол талай рет айтылған. Ал менің дәл осы 

ғылыми-көпшілік монографиямда оны еске алу 

себебім  мүлде  басқа.  Осындай  оқиға  болған 

жерде  шаңырақ  көтерген  тәуелсіз  Қазақстан 

республикасының  болашағына  сенімсіздікпен 

қарағандар  кезінде  көп  болса,  оны  мүлде 

басқа пиғылдан туындаған ой деп ойламау ке-

рек.  Ақиқатында  желтоқсанның  ызғары  жанын 

қинаған қазақ халқы тәуелсіздіктен соң «не істеуі 

мүмкін»  деп  болжай  қалсаң,  өз  өмірінде  «жа-

ным  арым  садағасы»  дей  алатын  ұлттан  небір 

сұмдықты күтуге болатын еді. Меніңше, шетелдік 

сарапшылар  міне,  біздің  тәуелсіздігіміздің 

болашағына баға бергенде осы жағын да ескер-

ген  шығар  деп  ойласақ,  қателеспеспіз.  Өйткені 

түркі  жұртын,  қазақ  халқын  шетелдіктер,  оның 

ішінде  еуропалықтар  ертеден  біледі.  Олардың 

«сол білімдері» бүгінгілерге «солай» дегізді. 

Қызық,  Батыстың  небір  мықты  сарапшылары 

мен  саясаткерлері  «Қазақстан  тәуелсіздігінің 

ғылыми ізденістерім барысында бір ақиқатқа көз 

жеткізгендей  болдым,  ол  –  1991  жылға  дейінгі 

Қазақстан  жағдайын  толық  білетін  және  соның 

негізінде  тәуелсіз  мемлекеттің  болашағына 

болжам  жасаушылар  оны  «бұлыңғыр»  деп 

бағаласа,  бұл  арадағы  қателік  тек  мемлекет 

тізгінін  қолында  ұстаған  Тұңғыш  Президентіміз 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «өмірлік 

ұстанымын» (жизненный кредо)  білмегендіктен 

орын  алды  дегенді  айтқызатындай  нақты 

дәлелдер.  Иә,  Н.Ә.Назарбаев  тәуелсіз  мемле-

кет  Президентінің  орын  тағына  бірден  отыра 

қалған  «жұмбақ  жан»  емес.  Ол  бұл  қызметке 

дейін  де  өмірдің  талай  өткелінен  өтті.  Жалпы 

алғанда біздің Көшбасшымыз қызметтің барлық 

лауазымындағы  баспалдақтармен  жоғары 

қарай  өрлеп  көтерілген  бұл  қызметке  келуіне 

толық дайындықтан өткен тұлға. Сондықтан ол 

халық  деп  аталатын  қалың  қауымдастықтың 

қай  тобының  жағдайы  қандай,  қай  тобында 

қандай  ойлар  бар,  қай  тобы  нені  қажет  етеді 

деген  сұрақтардың  толыққанды  жауабын  біліп 

алып таққа келген тұлға қызметін жұрт көңілінен 

шығатындай деңгейде атқара алды дейміз. Тіпті 

халықаралық  сарапшылар  мен  саясатшылар 

делініп  жүрген  сәуегейлердің  болжамдарын 

қызмет нәтижесі бойынша теріске шығарса, бұл 

да  оның  өмірлік  тәжірибесінің  сондай  қуатты 

күш бергенін дәлелдеп тұр емес пе?!

 

Саясаттанушылар 



белгілі 

бір 


жоғары  тұлғаның  саясатын  електен  өткізіп 

бағалағанда  өздерінің  көріп  біліп  тұрғанын 

ғана еске алады да, басқа тұстарға мүлде мән 

бермейді.  Ал  өз  басым  саясаттанушы  ретінде 

егер  саясаттарға  баға  бергің  келсе,  ол  бағам 

дұрыс  болсын  десең,  ең  әуелі  саясатты  жа-

саушы  тұлғаның  өмірлік  ұстанымын  біліп  ал, 

сонда  қателеспейсің  дер  едім.  Менің  пайым-

дауымша,  Нұрсұлтан  Әбішұлының  барлық  ішкі 

сыртқы,  саясаты  негізінен  Көшбасшымыздың 

өмірлік  ұстанымы  дейтін  қайнардан  бастау 

алып жатқандай. Ал сол бастауға қарар болсақ, 

онда  бүкіл  қазақ  сусындаған  абыз  билердің 

ұлтты  бірлік  пен  тұтастыққа  шақырған  нақыл 

сөздері  алдан  шығады.  Төле  би,  Қазыбек 

би,  Әйтеке  би  секілді  алыптардың  өсиеттері 

біздің  Көшбасшымыз  сусындаған  алғашқы 

қайнар.  Онан  соң  ұлт  ұстазы  Абай  мұралары 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  мектепте  оқыған  кезде  әр 

талаптының ойына ой салғаны даусыз шындық. 

Мұндай  қайнар  көздерден  сусындаған  соң 

өмірдің болмыс-бітімі, жағдаймен сол жағдайға 

қарап  әрекет  ету  талаптары  алдан  шығады. 

Қысқасы,  біздің  Көшбасшымыздың  өмірлік 

ұстанымы  сонау  балаң  шақта  пайда  болып, 

бірте-бірте  толыса  түскен  бір  мәуелі  бәйтерек 

деп  ойлаған  дұрыс  шығар.  «Теміртау  магнит-

касында  шыныққан»  ол  көп  ұлтты  ұжымда 

тату-тәтті  жұмыс  істегенін  ерекше  ілтипатпен 

еске алып қана қоймай, туған әкесі Әбіш жайлы 

әңгімелегенде оның Никифоров дейтін орыспен 

тіл  табысып  достық,  сыйластық  жағдайында 

жұмыс  істескенін  әңгімелейді.  Демек,  ұлтқа 

бөліну  Н.Ә.Назарбаев  тербетілген  талбесікте 

мүлде жат әрекет. Осының бәрін әкеден естіп өз 

өмірінде сезінген тұлға мемлекет тізгінін қолына 

алған кезде басқа саясатты, біреулердің жа-

нына  бататын  саясатты  жүргізуі  мүмкін  бе? 

Әрине, олай емес. Өзінің «Әділеттің ақ жолы» 

атты кітабында Елбасымыз былай деп жазды: 

«Қазақстан тарихында орыс халқы айрықша 

рөл  атқарады.  Қазақтар  да,  басқа  барлық 

ұлт  өкілдері  де  өздерінің  маңдайына  олар-

мен  мәңгі-бақи  бірге  тұрып,  ынтымақтастық 

пен  достықта  өмір  сүру  жазылғанын,  осы 

сөздің  ең  жақсы  мағынасында  алғанда, 

ерекше  сезімталдықпен  ежелден-ақ  жете 

түсінген...».  Біреулер  «кітаптан  дәл  осы 

цитата  неге  алынды?»  деген  сұрақ  қоюы 

мүмкін.  Сондықтан  бұған  да  қатысты 

ойды  алдын  ала  айта  кетейін.  Біріншіден, 

Қазақстан  тәуелсіздігін  жариялаған  кезде 

жас  мемлекетімізде  130-дан  астам  ұлт  пен 

ұлыс өкілі тұрды. Оның қазақтан кейінгі, яғни 

мемлекет құрушы ұлттан кейінгі көбі орыстар 

болатын.  Екіншіден,  солтүстік  қапталымызда 

орыстардың  күшті  де  қарулы  мемлекеті 

тұрды. Жалпы алғанда бұл кезде тәуелсіздігін 

жариялаған  мемлекеттердің  бәрінде  де  «ру-

софобия» жүріп жатты. Жергілікті ұлтшылдар 

билікке ұмтылып, орыстарға қарсы насихатты 

үстемелеп  жүргізген  жерлерде  қақтығыстар 

орны  толмас  өкініштерге  жолықтырды.  Сол 

кездегі  жағдайға  тура  қарасақ,  ұлтшылдар 

біздің  Қазақстанда  да  «дауыс  шығарып» 

жүрген болатын. Олар патшалық Ресей және 

советтік  Мәскеу  билігі  жүргізген  саясаттың 

қазақ  зардап  шеккен  тұстарына  орыс 

ұлтын  кінәлі  деп  танығысы  келгендей.  Ал 

ақиқатында  мүлде  бұлай  емес  қой.  Қалың, 

қарапайым  бұқара  халықтың  билеушілер 

жүргізген  саясатта  несі  бар?!  Екіншіден, 

орыстардың Қазақстанға алғашқы келушілері 

сонау Бірінші Петр тұсында-ақ басталған екен. 

Тарихи  деректер  олардың  орталық  Ресей 

аумағында күнін көре алмағандықтан келгенін 

дәлелдейді.  Ал  сол  кездің  қазақтары  болса, 

оларды бауырларына басып «тамыр» етіпті. 

Қарапайым  халықтың  аралас-құраластығы 

деген  осы.  Ұстазым,  тарих  ғылымдарының 

докторы,  академик  Тоқмұхамед  Сәлменұлы 

Садықов  өзінің  «Тарих  тағылымы»  атты 

ғылыми 

монографиясында 



мұндай 

деректердің  санын  мысалға  келтіреді.  Менің 

де өмірбаяным Қазақстанның тарихы секілді. 

Елімді,  көркейген  жерімді  жаза  отырып, 

өзімнің  көргендерімді,  оқығандарымды  еске 

түсіру ерекше бір ғанибет. Қысқасы, оқырман 

қолына  ұсынылатын  бұл  кітап  Қазақстан 

халқы  көзімен  көріп,  жанымен  сезінген  өмір 

ақиқаттарын  ғылым  таразысынан  өткізген 

туынды  болғандықтан  да  ешкімді  енжар 

қалдырмас  деп  ойлаймын.  Көргенді  көрдік 

деп айтамыз, ал оқыған көмекші әдебиеттер 

тізімі  монографияның  соңында  жариялана-

ды.  Сонымен  қадірменді  оқырман,  кешегіні 

еске түсіріп, бүгінгіні дұрыс атқару, ертеңгіге 

жақсы  жоспар  жасай  алу  үшін  де  бұл  еңбек 

сізге  пайдасын  тигізеді  деп  ойлаймын.  Ев-

рей  халқында  мынадай  тілек  бар  екен: 

«Жұмыстың  ауырын,  жоспардың  тәуірін 

бер».  Мен  де  осылайша  жұмыстың  ауырын 

қалап  алдым.  Өйткені  жоспарым  тәуір.  Ол  – 

халқыма  ойына  ой,  ақылына  ақыл  қосатын 

ғылыми еңбек ұсыну. 

болашағы  бұлыңғыр»  деген  бағасын  біз 

жоғарыдағыдай дұрыс түсіне алсақ та, болжам 

ақиқатқа айналмады. Мінеки, жиырма бес жыл-

дан  бері  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасын-

да  ұлтаралық  немесе  дінаралық  түсініспестік 

негізінде  қақтығыстар  мүлде  болған  жоқ.  Ол 

ол  ма,  Қазақстан  халқы  «бір  ауыздан  сөз,  бір 

жеңнен қол шығарып» дегендей, тату-тәтті өмір 

сүріп,  елдің  экономикасын  көтеріп,  халықтың 

әл-ауқатын  жақсартып,  әлемдік  аренада  жас 

мемлекеттің  беделін  биіктетіп  барады.  Мұның 

себебі неде? 

 

Менің 



кандидаттық 

диссертациямның 

тақырыбы 

«Қазақстан 

қоғамын  демократияландыру  ауқымындағы 

жалпы  мемлекеттік  консенсустың  қалыптасу 

ерекшеліктері» деп аталады. Осы тақырыптағы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет